Информатика пәнінен тест жауабымен Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны. 1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес? А) Шоттар В) Арифмометр С) Калькулятор D) Соробан 2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы: А) Арифмометр В) Холлерит машинасы С) Шоттар D) Беббидж машинасы 3. Бірінші программалаушы кім? А) Чарльз Беббидж В) Герман Холлерит С) Ада Августа Лавлейс D) Блез Паскаль 4. «ЭЕМ буыны» терминін қалай түсінеміз? А) Тек бір ғана ғылыми және техникалық принциптерге негізделіп жасалған ЭЕМ-нің барлық түрлері мен модельдері В) Барлық есептеу машиналары С) Ақпаратты өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған машиналар жиыны D) Процессордың Pentium моделінің барлық түрлері 5. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады? А) АВС В) ДВК С) БЭСМ-2 D) ENIAC 6. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды? А) 1946ж. В) 1949ж. С) 1980ж. D) 1956ж. 7. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар? А) 3 В) 4 С) 5 D) Анықталмаған 8. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол: А) Транзистор В) Интегралдық сызба С) Электрондық лампа D) Үлкен интегралдық сызба 9. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы: А) Транзистор В) Интегралдық сызба С) Электрондық лампа D) Үлкен интегралдық сызба