10. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады? А) Екінші В) Үшінші С) Төртінші D) Бесінші ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары 1. Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шинаны атаңдар: А) Деректер шинасы В) Адрестік шина С) Басқару шинасы D) Бұйрық шинасы 2. Жедел жады және видео жады бақылаушыларынан тұратын көпір қалай аталады? А) Оңтүстік көпір В) Жүйелік көпір С) Солтүстік көпір D) Бұйрықтық көпір 3. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады? А) Оптикалық дискілерді В) Флэш-дискілерді С) Жұмсақ магниттік дискілерді D) DVD дискілерді 4. ДК сәулеті деген не? А) ДК ішкі ұйымдастырылуы В) Ақпаратты түрлендірудің техникалық құралдары С) Ақпаратты түрлендіру үшін қажетті техникалық құралдар D) Тұрмыстық техниканы басқару жүйелері 5. Жедел жады не үшін керек? А) Модеммен компьютерді жалғау үшін В) Ақпаратты өңдеу үшін С) Программаларды іске қосу үшін D) Ақпаратты уақытша сақтау үшін 6. Шинаның негізгі сипаттамасы: А) Разрядтылығы В) Тактілік жиілігі С) Сыйымдылығы D) Ұзындығы 7. Шет орналасқан құрылғылар бақылаушысынан тұратын көпір қалай аталады? А) Солтүстік көпір В) Оңтүстік көпір С) Жүйелік көпір D) Бұйрықтық көпір Алгоритмдер және оны орындаушылар 1. Алгоритм дегеніміз - ... А) Іс-әрекет В) Толық сипатталған тапсырма С) Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы D) Математикалық есептің шешілуі