18.
Сақина тәріздес желі топологиясы бірбіріне тізбектеліп жалғанып,
жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерден тұрады. Желіде сигналдар бір бағытта
беріледі. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі
компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым. Кемшілігі – желідегі компьютердің
біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
19.
Жұлдыз желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымдастыруда
компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) жалғану
арқылы байланысады. Желідегі бір компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара
байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі
топологиясы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс.
20.
Иерархиялық желі топологиясы. Бұл желі түрін ұйымдастырудың
өзіндік ерекшелігі бар. Оны ұйымдастыру үшін бірнеше бейімдегіш қолданылады. Егер
жоғарыда танысқан «Жұлдыз» желі топологиясына тағы бір бейімдегіш қоссақ, ол
«Иерархиялық» желі топологиясына айналады. Бұл топология да қазіргі кезде көп
қолданылады. Бұл топология желідегі қателіктерді анықтауға қолайлы.
21. Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net – желі, work – жұмыс) – бір-бірімен мәлімет
алмасу арналары арқылы байланысқан компьютерлер тобы. Бүгінде дүниежүзіндегі
компьютерлердің 80%-дан астамы әртүрлі ақпараттық-есептеу желілеріне біріктірілген.
Достарыңызбен бөлісу: