70.
71.
72. iP-адрестің соңғы нөмірлері 0, 63, 64, 127, 128, 191, 192 және 255
мәндерін қабылдай
алмайды. Желі түйіндерін адрестеу үшін тек 1 немесе 0
биттен құралған адрестер
пайдаланылмайды
73. Жоғарыда аталған сандардың 2-лік санау жүйесіндегі көрінісі тек 0 немесе 1-ден тұрады.
мысалы: 63=111111 64=1000000
74. Пайдаланушы үшін сандық адресті
есте сақтау қиын болғандықтан,
интернетте домендік
атаулар жүйесі (Domain Name System – DNS) енгізілген.
75. Домен (домендік атау) – интернеттегі әрбір сайттың әріптік символдарынан тұратын бірегей
атау.
76. Домендік атаулар негізінен интернет серверлерде болады. Мысалы: 173.194.71.94 IP-
адресінің орнына
www.google.кz
77. Интернетте домендік жүйе қарапайым пошталық адрестегідей, тізбекті анықтау қағидасын
пайдаланады. Мысалы: ел, қала, көше және хат жеткізілуі тиіс орын.
Жоғары деңгейлі
домен оң жаққа, ал төменгі деңгейлі домен сол жаққа орналасады. Мысалы, kz домендік
атауы интернеттің қазақстандық бөлігіне тиісті екендігін білдіреді
78.
79.
80. Интернет адрестерінің жүйесінде географиялық аймақтар
арқылы анықталған домендер
бар (1-кесте). Олардың атауы екі әріптен тұрады. Мысалы: Қазақстан – kz; Ресей – ru;
Франция – fr; Канада – са; АҚШ – us. Тақырыптық белгілері бойынша анықталған домендер
де бар. Мысалы: оқу орындары – edu; үкіметтік мекемелер – gov; коммерциялық ұйымдар
– com. Соңғы уақытта
жаңа зоналар қосылған, мысалы: biz, info, in, cn және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: