Информатикадан сыныптан тыс ж¦мыстарды ¤ткізу єдістемесі


Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселелері. Үйірме жұмысын тиімді ұйымдастыру



бет5/6
Дата14.06.2023
өлшемі93 Kb.
#101409
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселелері. Үйірме жұмысын тиімді ұйымдастыру
Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін қайта құру әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге бейімделе алатын, психологиялық, педагогикалық негіздері тұрақты, байыптауға қолайлы жаңа сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға сипатталған. Яғни, оқушыларға тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқытудың әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін басты орынға қою қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетінсыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпараттық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді.
Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан бастау қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын қытушылар қадағалауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет