Информатикадан сыныптан тыс ж¦мыстарды ¤ткізу єдістемесі



бет1/6
Дата14.06.2023
өлшемі93 Kb.
#101409
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
инф әдістеме


Бейнеу гуманитарлық колледж


РЕФЕРАТ


Пәні: Информатика оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
Орындаған: Х. Қанат
Тексерген: Аюпова Назым

Бейнеу-2023 жыл




МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1. Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ............................................ 5
2. Информатика пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы .................................................................................................................................. 7
3. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі ................. 8
4. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселелері. Үйірме
жұмысын тиімді ұйымдастыру ........................................................................... 10
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................. 11
Пайдаланған әдебиеттер .................................................................................. 12


КІРІСПЕ


Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.
Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясында негізгі мәселелердің бірі болып табылады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен өтлізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Сыныптан тыс жұмыс – бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру болып табылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтілетінг сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымен қызығушылықтарын арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет