Информатикадан сыныптан тыс ж¦мыстарды ¤ткізу єдістемесі



бет6/6
Дата14.06.2023
өлшемі93 Kb.
#101409
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар және программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны ерекше және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында – сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Сонда ғана біздің оқушыларымыз ғылыми сайыстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жететіндігіне сенуге болады
Қорыта келгенде айтарым, информатикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, тұлға ретіндегі танымдық белсенділіктерін арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор.
Пайдаланған әдиебеттер

1. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.


2. Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
3. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.
4. Халықова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000.
5. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.
6. «Информатика негіздері» журналы 2011 жыл №1
7. «Информатика негіздері» журналы 2010 жыл №3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет