Алгоритм ұғымы.
ЭВМ – да қарапайым бір операцияда және бір логикалық өлшемді орындай алады. Сондықтанда қойылған есепті шешуде қарапайым нұсқаулар жанында пайдаланылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін және берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адамға немесе компьютерге) нақты түрде берілген нұсқаулар тізбегі алгоритм деп аталады. Алгоритм үшін мынадай бірнеше таңбалар бар:
* - көбейту.
/ - бөлу, слеш белгісі
\ - кері слеш белгісі.
+ - қосу.
- - азайту.
: = - меншіктеу.
; - нүктелі үтір.
. – нүкте.
Мысалы: 2.7; 3.1
Мысалы: Қабырғалары және биіктігі берілген трапецияның ауданын табу есебін қарастырайық.
1) а: = 3.5; в: = 5.5; Һ: = 4.
2) r1: = а+в
3) r2: = r2 / 2
S = а+в / 2 * Һ 4) S2: = r2 * Һ
Алгоритмді құруда мынадай талаптар орындалуы тиіс:
Алгоритм үздіктілігі.
Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.
Алгоритмнің кез – келген алғашқы берілгендері үшін бірдей болуы (қалыптылығы)
Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс.
Алгоритмге енетін берілгендер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: бастапқы, аралық, нәтижелер.
Берілгендер: Информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі өңдеу үшін дайындалып, ЭВМ – ге енгізілетін машинада кодталған түрде пайда болып және шығарылатын информацияның бәрін де берілгендер деп атайды.
Алгоритмнің жазылу түрлері және оның құрылымдық негіздері.
Информацияны өңдеу, яғни қойылған есепті шешу әртүрлі алгоритмдік жолдармен құрылуы мүмкін:
Табиғи тілде.
Блок схемалық тілде.
Алгоритмдік тілде.
Мысалы: Қасқыр, ешкі, шөп туралы мысал.
Алгоритмнің схемалық түрі информацияны өңдеу алгоритмі мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген символдарды пайдаланып графикалық түрде жазу (ГОСТ)
- алгоритмнің басы мен соңы.
- берілгендерді өндіру немесе нәтижені шығару.
- шарттың (Р) сақталуына байланысты алгоритмнің орындалу бағытын таңдау.
- информацияны өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |