Информатиканың іргелі негіздері


Алгортмдердің заманауи теориясы



бет42/49
Дата13.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#81972
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
Информатиканы іргелі негіздері

Алгортмдердің заманауи теориясы.
Ақпаратты өңдеудің тиімді алгоритмдерін құрастыру информатиканың маңызды теориялық мәселœерінің бірі болып табылады. Үстінен әрекеттер орындалатын объектілер түрлі табиғатқа ие. Есептеу тапсырмаларында объектілер ретінде сандар, ал геометриялық есептерде – геометриялық фигуралар, шахматта шахматтық фигуралар және позициялар алынады. Станокты басқару алгоритмінде орын ауыстырумен, айналу жылдамдығымен, кесуші сайман таңдаумен және т.б. жұмыс істейді.
Алгоритм – есепті шығару үшін орындалуы қажет әрекеттер тізбегін сипаттайтын ережелœер жүйесі.
Алгоритмдердің негізгі сипаттамалары: дискреттілік, нақтылық, шектілік және әмбебаптылық.
Дискреттілікалгоритмнің орындалуы аяқталған әрекеттер (қадамдар) тізбегіне бөлінетінін білдіреді.
Нақтылық дегеніміз – алгоритмнің әрбір ережесінің нақты әрі бірмәнді болуы, яғни оның қандай да бір қадамда алынған шамаларының мәндері осыған дейінгі қадамда алынған шамалардың мәндерімен анықталады, және де келœесі қадам қандай болатындығы нақты белгілі.
Алгоритмнің шектілігі (немесе нәтижелілік) оның орындалуы қадамдардың шекті санының атқарылуына және әрқашан да қандай да бір нәтижеге әкелœетіндігіне негізделген. Мүмкін нәтижелœердің бірі: есептің шешімі болмайтынын анықтау.
Әмбебаптылықдеп есепті шығару алгоритмі бастапқы мәліметтер жиынтығымен ғана ерекшелœенетін, бір классқа жататын есептер жиынтығы үшін қолдану мүмкіндігі болатындай етіп жалпы түрге келтіріліп құрастырылады. Бастапқы мәліметтер алгоритмнің қолданылу облысы (мүмкін болатын мәндер облысы) деп аталатын қандай да бір облыстан таңдалады.
Алгоритмдердің көрсетілу формалары: вербальды, жол сайын жазба, блок-схема, программалау тіліндегі жазба.
Алгоритмнің көрсетілуінің вербальды формасы – бұл әрекеттер тізбегінің сөзбен түсіндірілген сипаттамасы.
Жол сайын жазба – вербальды формаға қарағанда анығырақ сипаттама береді.
Алгоритмнің блок-схемасы – алгоритмді жеке блоктар түрінде көрсету арқылы сипаттайтын ең көрнекті және нақты форма.
Алгоритм ұғымы – информатиканың фундаментальды ұғымдарының бірі. Алгоритмдеу моделдеумен бірге информатиканың жалпы әдісі болып табылады. Кейбір алгоритмдерді қолдану әртүрлі жүйелерде процестерді басқаруға әкеледі, осыдан барып алгоритмнің кибернетикаға жақындығы байқалады.
Алгоритмдер математика және информатика ғылымдарының математикалық логикаға негізделген орталық жүйелендірілген зерттеу объектісі болып табылады да алгоритмдер теориясын құрайды.
Барлық алгоритмдердің мағынасы (компьютерлік программалар) - әлдебір бастапқы деректерді соңғы, нәтижелі деректерге алмастыру. Кейбір деректерді алгоритм аралық деректер ретінде қолданады. Деректерді ұйымдастыру және қолдану алгоритмдерді құрастыруда алғашқы орында болады. Сондықтан деректерді топтастыру, олардың типтерін анықтау, структурасын анықтау сияқты сұрақтар алгоритмді құрғанға дейін қарастырылуы керек ұғымдар болып табылады.
Есептеу техникасының және программалаудың дамуы деректер және оларды ұйымдастыру ұғымдарының да жетілуіне, дамуына әкеледі.
Белгілі бір есепті шығару барысында алдымен оған қажетті деректерді жинақтап, сұрыптау керек, сосын ақпаратты ЭЕМ-де таратудың әдістерін қарастырады. Бұл процесс компьютердің немесе программаның мүмкіншіліктерінен тікелей тәуелді болады. Деректердің жай және күрделі структуралары қазіргі кездегі кез келген ситуацияларды программалауға көмектеседі. Егер деректердің күрделі структурасы қолданылатын болса жиын, жазу, файлдар, кезектер сияқты ұғымдарды қарастыру қажет болады. Сондықтан күрделі структураға жататын деректердің түрлері мен типтерін, қабылдайтын мәндерді зерттеу керек болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет