Сұрыпталған тізбектерді біріктіру алгоритмі Бір тізбек немесе тізбектің екеуі де біткенше келесі әрекеттерді орындау керек. Яғни, егер 1-тізбектің 1-элементі 2-тізбектің элементіне тең немесе кіші болса, онда оны шығатын тізбекке жазып қойып, 1-тізбектің келесі элементіне көшу керек. Әйтпесе, шығатын тізбекке 2-тізбектің элементін жазып, 2-тізбектің келесі элементіне көшу керек. Одан кейін шығатын тізбектің келесі элементіне көшу керек.