«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет2/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Жалпы мағлұматтар


Табиғи ортаны қорғаудың тарихы

Адам мен табиғат бірімен бірі өзара ажырамас тығыз байланыста. Бір жағынан, адамзат – табиғаттың бір бөлшегі болса, ал екінші жағынан, табиғат - адамдар тіршілік ететін орта. Табиғат және табиғи ресурстар адам өмірінің, қоғам дамуының негізі. Табиғи ортасыз қоғам тіршілік ете алмайды.


Адам мен табиғат арасьндағы қатынас қоғамның даму барысында өзгеріске түсіп отырған.
Қоғамның әлеуметгік-экономикалық дамуына байланысты адамдар табиғи байлықтарды пайдаланумен қатар, оларды біртіндеп қорғауға, ал кейін шикізат өндіруге, оны өзгертуге және қоршаған ортаны қорғауға арнайы көңіл бөлип отырған.
Палеолит заманында қарапайым тас еңбек құралдарымен қаруланған адамдар аңшылық жасап, өздерінің күнкөріс қажеттілігін өтеген. Бұл кезде адамдар табиғатқа айтарлықтай зиян келтірмеген, олардьң табиғатпен арақатынасы тепе-теңдікке жақын қарым-қатынаста. Дегенмен, осы заманның өзінде адамдардың аңшылық әрекеті табиғатқа әсіресе жүндес мүйізтұмсықтардың керіктердің жойылып кетуіне табиғи апатгармен бірге адамдардың да айтарлықтай ықпал еткені белгілі.
Мезолит заманында - алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында өмір сүрген адамдар жаппай аңшылық жасаумен айналысып, ұсақтау және жылдам жүгіретін аңдарды ұстау үшін садақ сияқты қаруларды кеңінен пайдаланған. Аңшылар ататын қаруларының жалпы санының азаюына әкелген, аңшылық шаруашылықты ұқыпты жүргізу қажетгілігі туьндайды, Сондықтан аңшылық жасайтын аудандарды ауыстырып тұруға, андардың өсіп жетілуіне қажет өсімдіктерді қорғауға, ал төлдейтін ақдар мен уылдырық шашатьн балықтарды аулауға тыйым салынған.
Неолит заманында адамдар аңшылық, балық аулау мен терімшілік сияқты қарапайым тіршілік әрекеті іспетті өмір салтына өткен малшылық пен егіншілікті игерген. Қоғамның ілгерілей дамып, жаңа сатысына көтерілуі нәтижесінде адамдар өмір қажетгілігіне мал өсіру мен егін салу арқылы өтуіне болатысты көздері жеткен. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы отырықшылық өмір салтын калыпастырды. Қоғам дамьп адамдардың саны күрт артты. Бұл өзгеріс кезінде жаңа өнімдер мен құнарлы жер бөліктерін игеруді қажет етті. Нәтижесінде өсімдік жабындары азайып, жабайы аңдар өрісі тарылды. Ал, егіншіліктің дамуы өзен жағалауы мен ылғалды жерлерден асып, орманды алқаптарды игеруге итермеледі, ормандардан тоғайларды жойып жіберуіге әкелді. Сонымен қатар құрылыс пен отын қажеттілігіне байланысты ағаштарды жайпап кесу орын алды. Табиғатқа кері әсер ете бастағаннан кейін шешім қабылдап, ормандарды құртуға тыйым салып игерудің (энеолит, қола, темір) замандарында пайдаланудың жаңа сатысы игерілді
Кенорындарда шикізат өндіру, металл қорыту және құрал-жабдықтар жасау адамдардың ықпал етуінен өзгеріп отырды. Капиталистік қоғам калыптасып, өндіріс пен онеркәсіпті техникамен жабдықтау үнемі кенорындар мен табиғи ортаны өте кең ауқымды пайдалану, қоғам мен табиғат арасында қарама-қайшылық орната бастады. Мұны болдырмау үшін табиғатты қорғауға бағытгалган арнайы заңдар қабылдаңды. Дегенмен, бұл айтылғандардың барлығы XX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғат пен қоғамның арақатынасымен салыстырғанда әлі ештеңе емес еді.
Табиғатты қорғау тypaлы бізге белгілі алғашқы зандардың бірі Ежелгі Бaбa (Вавилонда) Хамлірапи патша (б.д.д. 1792-1750 жж) жариялаған орманды қорғау заңы. Осы заң бойынша ормандар жеке бөліктерге бөлініп, оларды арнайы орманшылар бақылайтын болган. Индияда б.д.д. 240 жыл шамасында импетератор Ашоки жасы алты айға толмаған және буаз аңдарды өлтіруге қатаң тыйым салынган екендігін жариялаған. Бүл заң бойынша қорғауға жататын жануарлардың (аңдар, құстар мен балықтардың) тізімі жасалған.
Қазақ жерін мекендеген далалықтардың табиғатты қорғау туралы қатаң ережесі болған. Алғаш мал өсіруді б.д.д. 4-5 мыңжылдықтартарда игере бастаған далалық тайпалар қалыптастырған жайылымдарды пайдалану ережесі бүгінгі күнге дейін жстіп, өміршеңдігін жойган жоқ. Бұл ереже бойынша жайылымдық шөптерді игеріп, жойылмай, мал мен аңға жеткілікті күйде болуы үшін, бір маусым пайдаланған жерге араға 3-5 жыл салып барып қайта келстін болатын. Ал, буаз малды соймау және буаз аңды атпау туралы түсінікті, олардың киелі аңдар екенінебайланысты адамдарға заңдар бекітіп, санаға сіңіріп отырған
Табиғат қоршаған ортаны қорғау туралы зандар барлық елдерде болған. VIII гасырдың ортасында, Ұлы Карл (742-814) заманында орманды қорғау туралы жарлықтар мен парламенттік декреттер жарияланған. Ал, Вильгельм кезінде қорықтардағы бұғы, жабайы қабан, қоянды аяусыз атқандарға әліде жазасы тағайындалғандығы туралы айтылған.
Кейінгі кездерде табиғатты жан-жақты қорғауға ерекше көңіл бөліне бастады. Мысалы, Мазовецск князі аңдарды, олардың мекен ететін ортасы мен оларды қopғay туралы жарлықтар шығарған. Италияның ұлы князі Сизмунд II- балықтарды уылдырық шашатын кезінде аулауға тыйым салатын "Жарғы" (1557) жариялаған болатан.
Аумақтарды сусыма құмнан қоршау шараларын көздейтін зандар да болған. Дания королі Христиан Ш (XVI ғ.) құм шағыдарындағы өсімдіктерді жоюға қатаң тыйым жасаған. Осындай заңдар Пруссияда, Нидерландыда, Францияда қабылданғаны белгілі.
XIX тасырдың соңында, тіршілік әлемімен қатар басқа табиғи нысандарды қорғауға бағытталған қоғамдық шаралар жасала бастады. Мәселен, 1873 жьлы Оралдьщ жаратылысты қорғау қоғамы "Шортас тас мекендерін" (Екатеринбург маңындағы ғажайьп гранит жартастарын) қорғау туралы ұсыныс жасап, оны 1891 жылы қалалық дума қабылдатан. Тарту қаласының Жаратылыстану қоғамы 1879 жылы Энштейнің эрретикалық тасдөңбектерін қорғау мәселесін көтерген. Қырым тау қорығының алты бөлімшесі үңгірлерді қорғаумен айналысқан. Сонымен қатар су қоймалардың тазалығын сақтау, кейбір пайдалы қазбаларды пайдалануды бақылау және басқа мәселелерге қатысты ұсыныстар болған. Құрамында академиктер А П. Карпинский мен В.И.Вернадский бар арнайы комиссия (1910) жануарлардың қазба қалдықтарын талан-таражға салудан қорғау туралы заңның жобасын жасаған.
Табиғтатты қорғау Кеңес өкіметі кезіңде арнайы жолға қойылған. 1919 жылдан бастап табиғи ортаның барлық бағыттарьн қорғау туралы арнайы заңдар қабылданып, іске асырыла бастады. Табиғатты қорғау қоғамдарьн ұйымдастыруда белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері үлкен істер атқарды.
Кен өндіру ісі қарқынды дамып, ауқымды геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты кен орындарды және жер қойнауын қорғау алдыңғы қатарға шықты. Бұл мәселемен Қазақстаңда арнайы Геология және Жер қойнауын қорғау министрлігі айналысатын Қазір Қазақстанда осы мәселелермен Табиғи ресурсарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау министірлігі айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет