«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша


Экзогендік геологиялық процестер



бет6/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Экзогендік геологиялық процестер


Эрозия мен дефляция.Жер бетінде минералдық заттың қайта бөлінуі су мен жел туындататын процестермен,яғни эрозиямен және дефляциямен байланысты.Су шайып (эрозия) және жел ұшырып (дефляция) әкетуі салдарынан топырақ қабатының бүлінуі жылына 1 км3-ге 400-ден 4 мың тоннаға дейін жетеді. Осының салдарынан жер беті құнарсыз шөлдерге айналады.
Жылжымалылар,опырылымдар мен селдер - тілсіз жаулар, олар үлкен құрбандықтарға әкеледі.
Мысалдар: Италияда 1963 жылы Вайонт бөгетін қиратқан жылжыманың ссалдарынан мыңдаған адам қырылған.Шығыс Перуде 1985жылы сәуірде апта бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін пайда болған алып жылжыма жүзге жуық адамның өмірін қиған.
Тәжікстанда 1992 жылы 13 мамырда, Ронгун СЭС құрылысы ауданында, қуатты жылжыма (400-500мың м3 масса) 200м биіктіктен келіп, Кандак ауылын басып қалуы салдарынан 100-200-дей адам тірідей көміліп қалған.
1994 жылы наурыздың басында, көктемгі жылжыма Майлуу-Суу (Қырғызстан) қаласының жанындағы ядролық қорымның бірінің шатырына ондаған метр ғана жетпей қалған. Бұл қорымдар кеңестік ядролық бомбаларға, уран өндірудің тоқтауына байланысты жиналған қалдықтар.Егер қорым қирап, суға шайылып кетсе, ядролық қатерге қала ғана емес көршілес Өзбекстанның Ферғана аңғарының бөлігі де душар болуы мүмкін еді.


4 дәріс
Табиғи факторлардың гидросфераға ықпалы. (2 сағат)
Гидросфера - мегагеоэкожүйе, оның құрамына Әлем мұхитының мезогеоэкожүйесі, ішкі теңіз бен көл, өзен, мұздық және жерасты суларының макрогеоэкожүйелері кіреді.
Су - әр түрлі геологиялық процестер туындатып тіршілік ортасына орасан ықпал келтірумен қатар, тірі организмдердің құрамдас бөлігі. Мысалы, су адам денесінде 60% салмақ бөлігін құраса, ал өсімдік организмінде 95%-ке жетеді. Су-табиғатта сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.
Гидросфераның күйімен химиялық құрамы планетадағы су мен газдар айналымына, су жүйелерінің гидрологиядық режиміне және табиғи факторларға байланысты. Геоэкожүйелер мен табиғи-антропогендік жүйелерге теңіздердің ағын сулардың және мұздықтардың қиратушы әрекеттілігі үлкен ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет