Электр тізбегі деп ЭҚК, ток, кернеу ұғымдарымен түсіндірілетін, электр тоғы жүретін, өзара бір-бірімен сымдар арқылы жалғасқан электр энергиясы көздерінің, электр энергиясын тұтынушылардың және бақылау, өлшеу аспаптарының жиынтығын айтады.
Электр тізбегінің түрлері.
ток түріне байланысты: тұрақты, айнымалы ток тізбектері; бір және үш фазалы немесе көп фазалы ток тізбектері;
тізбектің элементтерінің вольтамперлік сипаттамасына байланысты: сызықты және сызықты емес электр тізбектері;
тізбектегі электр энергиясы көздерінің (қоректендіргіштердің) санына байланысты: бір қоректендіргіші бар және бірнеше қоректендіргіші бар электр тізбектері;
элементтерді өзара жалғау әдістеріне байланысты: тармақталмаған және тармақталған тізбектер.
Электр тізбегінің сұлбасы деп идеал элементтердің белгілеулерін қолданып, тізбектің графикалық бейнеленуін айтады. Мысалы:
Тізбек жұмысының режимін есептеу үшін құрастырылатын электр тізбегінің сұлбасы алмастыру сұлбасы немесе эквивалентті сұлба деп аталады (2.2.1-сурет). Электр тізбегінің моделін құрастыру барысында негізгі сұлбалық: резистивті, индуктивті және сыйымдылықты элементтер қолданылады. Бұл элементтер сұлбаның пассивті элементтеріне жатады.
Резистивті элемент деп резисторда электромагниттік энергияның жылулық энергияға қайтымсыз түрленуін айтады.
Индуктивті элемент деп катушкада магниттік энергияның жинақталып электр энергиясына түрленуін айтады.
Сыйымдылықты элемент деп конденсатордың астарларында электр энергиясының жинақталып, тізбекте ток жүруін айтады (2.2.2-сурет).
2.2.1-сурет. Күрделі электр тізбегі: резисторлар,
ЭҚК көздері
2.2.2-сурет. резистивті, индуктивті, сыйымдылықты элементтердің шартты-графикалық белгіленуі және алмастыру сұлбасында жалғануланулары
Ал активті элементтерге энергия көздері жатады (2.2.3-сурет).
а) б) в) г) д) е) ж)
2.2.3-сурет. Электрлік сұлбадағы қоректендіру көздерінің шартты-графикалық белгіленулері: а) ЭҚК көзі; б) ток көзі; в) химиялық ток көзі; г) батарея; д) тұрақты кернеу көзі; е) айнымалы кернеу көзі; ж) генератор
Идеал және нақты ток және кернеу көздерінің эквивалентті сұлбада бейнеленуін келтірейік (2.2.4-сурет):
а) б) в) г)
2.2.4-сурет. Ток және кернеу көздері: а – идеал кернеу көзінің шартты-графикалық белгіленуі; б - идеал ток көзінің шартты-графикалық белгіленуі; в - нақты кернеу көзінің эквивалентті сұлбасы; г - нақты ток көзінің эквивалентті сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |