Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы



бет6/8
Дата28.07.2023
өлшемі3,14 Mb.
#104881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 такырып

Кернеу және ток көздері
Электр тізбегінде шарты орын алғанда тізбектегі қоректендіру көзі кернеу көзі болады (2.2.5-сурет), ал шарты орын алғанда тізбектегі қоректендіру көзі ток көзі болады (2.2.6-сурет).
Кернеу көзі Ток көзі

2.2.5-сурет. Кернеу және ток көзі


https://www.youtube.com/watch?v=ShUXnQkeVYE
Нақты қоректендіру көздері жүктеменің кедергісіне тәуелді болады және осы , екі шарттың арасында орын алады.
Потенциалдар айырымы және кернеу
Потенциалдар айырымы – электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда электр өрісі күшінің атқаратын жұмысының сол зарядтың шамасына қатынасы. Потенциалдар айырмының өлшем бірлігі – вольт (В). Потенциалдар айырымы ұғымы өріс күшінің жұмысы зарядтың қозғалыс траекториясына тәуелсіз болғанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда екі нүктенің потенциалдар айырмасы осы нүктелердің орындары арқылы бір мәнді анықталады. Егер – зарядтың бастапқы және соңғы нүктелеріндегі потенциалдары болса, онда потенциалдар айырымы:
. (2.2.1)
Электр тізбегіндегі қабылдағышқа шығындалған энергия электр кернеуі деп аталады. Электр өрісі стационар болса, кернеу мен потенциалдар айырымы бірдей болады.
. (2.2.2)
Кернеу – скалярлы шама. Кернеудің өлшем бірлігі – вольт (В). Бұл 1 Кл оң заряд орын ауыстырған кезде 1 Дж жұмыс жасалатын қабылдағыштың екі шетіндегі кернеу. Кернеуді өлшеуге үлестік және еселік бірліктер қолданылады: микровольт (мкВ), милливольт (мВ), киловольт (кВ), мегавольт (МВ).
Екіұшты тізбекті қосу
Қоректендіру көзі тізбектің ішкі бөлігін, ал қабылдағыштар сыртқы бөлігін құрайды. Бұл бөліктер ұштарындағы полюстерімен айырмашылықта болады. Екі полюспен бөлінген тізбек екіұшты деп аталады. Егер екіұшты тізбекте бір активті элемент болса, онда ол активті екіұшты тізбек деп аталады. Пассивті екіұшты тізбек тек пассивті элементтерден тұрады.
Кез келген күрделі электр тізбегін активті екіұшты тізбекті пассивті екіұшты тізбекке (2.2.7 – сурет) қосқан сияқты көрсетуге болады.



2.2.7 – сурет. Активті екіұшты тізбек пассивті екіұшты тізбекке қосу

Пассивті екіұшты тізбекке қосылған активті екіұшты тізбектің жұмысы нақтылы (номинальды), жұмыстық емес (салт жүру тәртібі), қысқаша тұйықталу, келісілген жұмыс тәртібімен сипатталады.


Жұмыс тәртібі жүктеме кедергісі мен қоректендіру көзінің ішкі кедергісі арасындағы қатынаспен анықталады (2.2.8-сурет).



2.2.8 – сурет. Ток көзі мен кедергіден тұратын тізбек, яғни активті екіұшты тізбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет