Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы



бет3/14
Дата07.12.2022
өлшемі3,99 Mb.
#55577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Практика - Маутбек Толқын дурыс (копия)

Тақырыбы: Қатты дәрілік препараттар өндірісімен танысу
Қысқаша конспект:
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады. Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Дәрілік қалыптардың қатты формасы қолданылуы мен сақтау ерекшелігі ыңғайлы, кең таралған дәрілік қалып.
Қатты дәрілік қалыптарға брикеттер, гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, пеллеттер, жинақтар, таблеткалар жатады .
Драже - қосымша заттардың микробөлшектеріне қантты шәрбаттарды қоса отырып, дәрілік затты қабаттармен жағып дайындалатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Брикет - дәрілік затқа немесе ұсақталған дәрілік өсімдік шикізатына (немесе әртүрлі өсімдік шикізаттарының жинағына) қосымша заттар қоспай престеліп дайындалатын, ерітінді, тұндырма (тұндырмаға арналған брикет) және қайнатпа (қайнатпаға арналған брикет) дайындауға арналған дозаланған қатты дәрілік қалып.
Карамель - ауыз қуысында қолдануға арналған, құрамында жоғары мөлшерде қант болатын сқатты дәрілік қалып түрі. Гомеопатиялық карамель құрамында гомеопатиялық дәрілік заттар болады.
Имплантат - денеге тері астына енгізуге арналған стерильді қатты дәрілік қалып, депо. Имплантаттарға имплант- таблеткалар, депо таблеткалар, тері асты капсулалары, имплант өзектер жатады.
Микрокапсулалар - полимерден немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықтан тұратын, шар тәрізді немесе басқадай пішінді, көлемі 1-ден 2000 мкм аралығында болатын, қатты немесе сұйық дәрілік заттардан жасалған капсулалар. Микрокапсулалар басқа дәрілік формалардың (капсула, ұнтақтар, жақпа майлар, таблеткалар мен эмульсиялардың) ақырғы өніміне кіреді.


Таблеткалар - қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:

  1. ұнтақтар дайындау кезеңі;

  2. дәрілік қалып массасын алу кезеңі;

  3. дайын дәрілік қалып алу кезеңі;

  4. қаттау және орау кезеңі.

Таблетка жасауға арналған массаны дайындау сатылары:
• ингредиенттерді араластыру және ылғалдандыру;
• ылғалды түйіршіктерді кептіру;
• құрғақ грануляция;
• опалау
Массаның алыну процесі араластырғыш-грануляторда жүреді, содан кейін автоматты түрде ылғалды түйіршіктер жинағышқа түседі. Ылғалды түйіршіктер кептіргішке түседі, ол жерде белгілі бір уақыт аралығында, араластыра отырып, 3-4% ылғалдылық қалғанша кептіреді. Кептірілген түйіршіктерді қолмен кептіргіштен алып «Құрғақ түйіршіктеу» стадиясына жібереді. Кептірілген түйіршіктерді ұсақтап, «Опалау» стадиясына жібереді, мұнда құрғақ ұсақталған түйіршіктерді опалайтын қоспасымен араластырып, опалайды. Содан кейін, гранулят массасын мастер тексеріп, келесі стадияға массасын жазып жібереді. Гранулятты жақсы жабылатын ыдыста, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтайды. Қажет жағдайда, материал бөлшектерің өлшемін кішірейту үшін ұнтақтауға немесе ұсақтауға болады. Фармацевтикалық технологияда ұсақтау процесі ұнтақтар, жинақтар, себілгіштер және кейбір процестерде - экстракциялауда, ерітуде, грануляциялауда қолданылады.
Ұнтақтаудың қажеттілігі:

  • заттың құрылымдық элементтері арасындағы арақашықтықты жақындату;

  • заттың беттік көлемін ұлғайту;

  • бірқатар қасиеттерін, соның ішінде физика-химиялық қасиеттерін өзгерту. ұнтақталған заттар тез ериді, ағзада биохимиялық процестерге тез түседі.

  • Ұнтақтауды қолмен жүргізген жағдайда, қаншалықты ұнтақтау қажеттілігін анықтап алған жөн.

Қазіргі кезде таблетка алу процесінің үш түрлі технологиялық схемасы бар: ылғалды грануляция (құрғақ ұнтақтарды араластыру, ылғалдау, түйіршіктеу, кептіру, сырғанақ тудыратын заттармен араластыру); престеумен жүретін түйіршіктеу (құрғақ ұнтақтарды араластыру, жинақтау, елеу, араластыру) және компонент құрамын тура престеу (араластыру таблеткалау) Таблеткалар өндірісінде, негізінен, құрғақ заттарды байланыстырғыш, негізінен жоғары молекулалы болып келетін ерітінділермен араластыру арқылы жүретін ылғалды грануляция кең қолданылады. Көп жағдайда түйіршіктейтін агенттер байланыстырғыш функциясымен қатар, қопсытқыш рөлін атқарады.
Ылғалдау, кептіру және құрғақ түйіршіктеу сатылары болмағандықтан тура престеу процесі бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді:

  • тұрақсыз дәрілік заттарға ылғал әсері тимейді;

  • бұл әдіс үлкен өндіріс алаңын қажет етпейді;

  • құрал-жабдықтар, қуат көзі мен жұмысшы қолын көп қажет етпейді.

Тура престеу арқылы алынған таблеткалар ылғалды түйіршіктеу әдісімен жасалған таблеткаларға қарағанда микробтық ластануға аз ұшырайды. Тура престеу арқылы таблеткалау айтарлықтай өнімділікті және таблеткалардың сапасын жоғарылатады. Бірақ тура престеу әдісін өндіріске енгізу өндірістің жоғары мәденитін қажет етеді, шикізаттың сапасын қатаң тексеру қажет, оны тасымалдау мен сақталу жағдайларын, араластыру мен таблеткалау процесін қатаң бақылау қажет. Бұл әдісті қолдануға түйіршіктелмеген ұнтақтардың төмен реологиялық қасиеттері кедергі келтіреді.
Таблеткалау процесіне материалдарды дайындау кезінде танымал әдіс престей отырып түйіршіктеу, ол кезде ұнтақтар тығыздалып, ылғалсыз берік, өлшемдері біркелкі түйіршіктер дайындалады.
Престей отырып түйіршіктеудің тағы бір артықшылығы жоғары қысымды (1000-2000МПа дейін) қалыптастыру болып табылады, оның әсерінен аз престелетін қоспалар түйіршіктеледі. Таблеткалау (престеу) матрицадағы затты төменгі және жоғарғы пуансон арқылы екіжақтан қысу арқылы жүреді. Таблеткалайтын машиналарда престеу матрица пресс-құрал арқылы жүреді. Қазіргі кезде ротационды қолданылады. Ротационды таблеткалардың өнімділігін ұлғайту үшін матрицалық үстелге бекітілген көптеген матрицалар және пуансондар болады.
Ротационды таблеткалайтын машиналарда қысым біртіндеп өседі, бұл таблеткалардың біркелкі престелуіне мүмкіндік береді. Престеу процесінен кейін технолог таблетканың сыртқы түрі мен орташа салмағын тексереді. Беріктігі мен себілгіштігін лаборант тексереді.
Таблеткалар тегіс, біркелкі болуы керек. Таблеткалардың механикалық беріктігі қолданылған қысымға байланысты болады, сонымен қатар престеу кезінде қысым қалай көтерілгені де таблетка беріктігіне әсер етеді. Егер таблеткалайтын машинада қысым бірден көтерілсе қатаң жағдайдағы қысым болып есептеледі. Ол кезде пуансондар соққан кезде таблетканың беткейі қатты қызады, соның әсерінен балқып, цементтеліп қалуы мүмкін. Егер қысым біртіндеп көтерілсе, ол прогрессивті қысым деп аталады.
Прогрессивті қысым таблетка дайындауға қолайлы болып табылады, өйткені қысым таблеткаға ұзақ уақыт біртіндеп әсер етеді. Қысым неғұрлым ұзақ әсер етсе, таблеткадан ауа толықтай шығады, ол кейіннен таблетканың тұрақтылығының жоғары болуының кепілі. Сонымен қатар, таблетканың беткейі қатты қызбайды, ол таблетканың құрамындағы заттардың температура әсерінен бұзылмауына әсер етеді. Пресс машиналарда таблеткаларды шаңынан тазарту және сортталу автоматты түрде престеу зонасынан шыға берісте жүреді.
Сапалы таблеткаларды полиэтилен жинағыштарда жинап, өлшейді. Әрбір жинағышқа препараттың аты, серия нөмірі, массасы, дайындалған күні мен дайындаған адамның аты-жөні жазылған жапсырма жабыстырылады.
Жарамсыз таблеткалар жеке қапқа салынып, өлшеніп, арнайы белгіленеді. Өндірістің шаңсорғыштағы шаңды да жинап алып, өлшеп, тапсырады. Жарамсыз таблеткалар мен шаңды мастер аға мастерге тапсырады; қалдықтар бекітілген тәртіп бойынша жойылады.
Таблеткаларды жақсы жабылған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде сақтайды.

24.10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет