Байланысты: Практика - Маутбек Толқын дурыс (копия)
Тақырыбы: Сұйық дәрілік препараттар өндірісімен танысу
Қысқаша конспект: Сұйық дәрілік формалар – ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.
Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.
Сұйық дәрілік қалыптар - дәрілік зат сұйық дисперстік ортада еріген жүйе.
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік қалыптар еркін дисперстік жүйеге жатады. Бұл қалыпта дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ тәрізді күйде бола алады.
Артықшылықтары: ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсері жылдам дамиды; кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді.
Артықшылықтары: ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсері жылдам дамиды; кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік қалып ретінде босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді; қолдануы карапайым және қолайлы; ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады.
Кемшіліктері: олардың сыртқы орта факторларның (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың, температура өзгеруінің) әсеріне тұрақтьшығы төмен; олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып саналады, сондықтан, суйык дәрілік қалыптарды сактау мерзімі қысқа; тасымалдауға ықшамды емес; дозалануы дәл емес.
Сұйық дәрілік қалыптардың қолдану тәсілі бойынша жіктелуі ішке колданылатын дәрілер, микстуралар (Mixturae) және тамшылар. Сұйық дәрілік қалыптардың қолдану тәсілі бойынша жіктелуі ішке колданылатын дәрілер, микстуралар (Mixturae) және тамшылар (Guttae). сыртқа қолданылтын дәрілер - Medicamentum ad usum externum, инъекцияға арналған дәрілер - Medicamentum pro injectionibus.
Сұйық дәрілік қалыптардың дисперсті фазаның унсақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі Сұйық дәрілік қалыптардың дисперсті фазаның унсақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі нағыз ерітінділер; жоғары молекулалы қосылыстардың ерітінділері (ЖМҚ); коллоидты ерітінділер; суспензиялар; эмульсиялар; күрделі жүйелер.
Сұйық дәрілік қалыптардың құрамы бойынша жіктелуі қарапайым сұйық дәрілік қалыптар; күрделі сұйық дәрілік қалыптар.Сұйық дәрілік қалыптардың құрамы бойынша жіктелуі қарапайым сұйық дәрілік қалыптар; күрделі сұйық дәрілік қалыптар. Сұйық дәрілік қалыптардың еріткіштің табиғаты бойынша жіктелуі сулы сұйық дәрілік қалыптар; бейсу сұйық дәрілік қалыптар.
Ертінділер - solutiones (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis).Ерітінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. Ертінділерді дайындау. Спирттік ертінді жасау үшін, егер спирттік концентрациясы көрсетілмесе, еріткіш ретінде 90° спирт алынады. Еріткіш таңдағанда заттың еріткіштік дәрежесін, еріткіштің фармакологиялық қасиеттерін және ертіндінің кімге тағайындалғанын ескеру керек. Түрлері кейбір еріткіштерді қайсы бір тағайындау тәсілімен қолдануға болмайды, мысалы, хлороформ, эфир көп мөлшердеТүрлері Кейбір еріткіштерді қайсы бір тағайындау тәсілімен қолдануға болмайды, мысалы, хлороформ, эфир көп мөлшерде ішке, күшті спирт венаға немесе тканьдерге енгізуүшін қолданылмайды. Ертінділердің мынадай түрлері бар: еріткіште бұдан әрі ерімейтін қанық ертінділер (solutio saturata), ертіндінің қандырылу дәрежесі мол болғанмен, оның ішінде бұдан әрі зат ери алатын концентрацияланған ертінділер (solutio concentrats), заттың қоюлық дәрежесі орташа немесе шамалы болып келген сұйылған ертінділер (solutio diluta).
Ертінділердің концентрациясы процентпен (1%, 2%, 4%) немесе пропорциямен белгіленеді: 1: 100, 1 :Ертінділердің концентрациясы процентпен (1%, 2%, 4%) немесе пропорциямен белгіленеді: 1: 100, 1 : 50, 1: 25 т. б. Бірінші жағдайда 100, 0 ертінді жасау үшін 1, 0 затжәне 99, 0 еріткіш, 2, 0 зат және 98, 0 еріткіш, 4, 0 зат және 96, 0 еріткіш алынады, екінші жағдайда- 1, 0 г зат100 мл ертінді алғанша, 1, 0 г зат 50 мл ертінді алғанша ертіледі. Ертінділер: ішке (per os), клизма ретінде (per rectum), денеге енгізу ретінде, ал дененің сыртына- спринцовкамен және ертіндімен жуу ретінде қолданылады. Басқа, формаларға қарағанда, ертінділердің мынадай артықшылары бар, оларды дайындау оңай, әрі ертінді ретінде көптеген заттарды малдардың барлық түріне қолдануға және дәл мөлшерлеп беруге болады, олардың фармакологиялық әсері тез шығады, әдетте еріткіш препараттың әсерін өзгертпейді және қосымша әсер көрсетпейді. Зат толық еріп, ертінділер тұнық болу керек.
Тұндырма- (infusa). Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды.
Тұнбаларды дайындау.
Әсер ететін негіздерін шығару үшін өсімдік материалын майда етіп ұнтап, елейді.Тұнбаларды дайындау. Әсер ететін негіздерін шығару үшін өсімдік материалын майда етіп ұнтап, елейді. Керекті мөлшерде өлшеп алып, оны инфундирлік аппаратқа, ал ол жоқ болса – берік жабылған фарфор немесе шөлмек ыдысқа салады, оның үстіне керекті мөлшерде салқын су құйып, ыдысты мықтап жауып, сулы немесе булы моншада 15 минут бойы тұндырады. Сонсоң оны моншадан шығарып, суытады; суыған сұйықты дәкі немесе кенеп арқылы сүзеді; қойыртпақ қалдықты сығып, сығындыны тағы да сүзеді. Тұнбалардың мөлшері көрсетілген мөлшерден кем болған жағдайда, сығылған материалды дестилденген сумен шайып, шайындымен кемістікті жетістіреді. Тұнбаларға оның ішінде еритін басқа заттарды да қосуға болады: бұл жағдайда микстура пайда болады, өйткені оның негізі су емес, настойка болады.
Қайнатпалар – decoctа. Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Қайнатынды түрінде қайнағанда ажырамайтын және ұшып кетпейтін заттар алынады. Қайнатынды дайындау үшін өсімдік материалына салқын су қосып, сулы немесе булы моншада 30 минут бойы тұндырып, ыстық күйінде сүзеді. Бұдан әрі жүргізілетін процесс настой жасағандағыдай болады.
Эмульсиялар – emulsa. ( Emulsa, emulsum, emulsi. ) Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма. Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар.
Майлы эмульсия дайындау. Керекті мөлшерде эмульгатор өлшеп алып, оны келі (ступкаға салады). ФарфорМайлы эмульсия дайындау. Керекті мөлшерде эмульгатор өлшеп алып, оны келі (ступкаға салады). Фарфор тигельшеге немесе басқа осыған қолайлы ыдысқа өлшеп алып аз ғана су құяды, судың бетіне майдың керекті мөлшерін қосып қалқытады. Сонсоң осының барлығын жылдам (келі) ступкаға құйып, (келсап) пестикпен үйкеген уақытта тысырлап шытынайтын, қаймақ тәрізді зат пайда болғанша үйкеп араластырады. Өстіп, майы біркелкі суда араласқан алғашқы эмульсия алынады. Мұндай зат алынбаған жағдайда эмульгатор қосқан жөн. Сонсоң жайлап, майды өлшеген кезде алынған судың мөлшерін шегеріп тастап, порциялап су қосады да, бұл сұйықты әрдайым пестикпен араластырады.
Пайда болған сұйық бетінде май түйіршіктері жоқ сүт тәрізді болуы керек; оны шөлмек ыдысқы немесе құмыраға құйып, тығындап оған сәйкес этикетка жапсырады.
Дәрі майлы эмульсия формасында ішке, сирегірек сыртқа қолдану үшін тағайындалады. Эмульсиялар 1 -2Дәрі майлы эмульсия формасында ішке, сирегірек сыртқа қолдану үшін тағайындалады. Эмульсиялар 1 -2 күнге жететіндей мөлшерде дайындалады; оларды салқын жерде сақтап, қолданар алдында міндетті түрде шайқау керек. Басқа заттар эмульсияларға пайдалану процесі кезінде қосылады. Мысалы: суда еритін заттарды алдымен судың керекті мөлшерінде, ал майда еритін заттарды май салынған ступкада ерітеді. Сонсоң эмульгатор қосып, эмульсияны көрсетілген тәсілмен дайындайды. Май мен суда ерімейтін заттарды алдын ала ступкада эмульгатормен араластыру керек.
Майлық эмульсиялар тағайындау арқылы дәрігер дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін бәсеңдетеді, олардың ұнамсыз дәміМайлық эмульсиялар тағайындау арқылы дәрігер дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін бәсеңдетеді, олардың ұнамсыз дәмі мен иісін басады, ерімейтін заттардың біркелкі араласуын көздейді, сөйтіп оларды дәл мөлшерлеуге тырысады: эмульсия формасында дәрі беру нәтижесінде қою майларды қабылдау оңайлап, оған қосылған заттардың сіңуі жылдамдайды. Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады.
Микстуралар – mixturae. Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады. Микстуралар даярлау ертінділер даярлаумен бірдей, олардың айырмашылығы мынада: ертінділер сүзіледі, ал микстуралар сүзілмейді.Микстуралар даярлау ертінділер даярлаумен бірдей, олардың айырмашылығы мынада: ертінділер сүзіледі, ал микстуралар сүзілмейді. Аз мөлшерлі еріткіште оңай еритін затты ерітіп, сонсоң нашар еритін және ерімейтін заттарды біртіндеп қосады. Егер микстураның құрамына күшті әсер ететін заттар кірсе, оларды ең алдымен ерітеді. Әдетте шөлмек ыдысқа салып, ал ерімейтін заттар кездессе, ступкаға салып ерітеді. Микстура құрамына кіретін өсімдік ұнтақтарын жақсылап ұнтап, сонсоң еріткішке қосады. Спирттік тұндырмаларды сумен араластырғанда әуелі оларды суға қосу керек: тұнба пайда болатындықтан, керісінше жасауға болмайды.
Микстуралардың құрамына тұндырмалар, шырыштар, глицерин, сироптар кірген жағдайда, бұларды алдымен тұндырмалармен араластырады, сонсоң мұндай қоспаны біртіндеп суға, немесе сулы ертінділерге қосады.