Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасы


"Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



бет10/11
Дата22.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#85721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
"Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Біз Қазақстанның "AntiGen" деген ғылыми-өндірістік кәсіпорнына бардық. Кәсіпорында бізді қызметкер Нурмухамбетова Анара Баубековна күтіп алды.
Жұмыс орнына кірмей тұрып, бізге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп шықты, біз арнайы киімді киіп, таза зонаға кірдік.
Кәсіпорында биологиялық және дәрілік препараттарды өндіру үшін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар, заманауи технологиялар мен жабдықтар бар. Кәсіпорында препараттарды өндіру кезінде GLP және GMP халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорын диагностикалық препараттар - 17, вакциналар-12, емдік - профилактикалық – 3, паразитке қарсы-3, сондай-ақ бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулерге арналған компоненттер, жасуша культуралары, жануарлардың қан сарысуы, қоректік орта және тұзды ерітінділер әзірлеп, өндіріске енгізді.
Аккредиттелген химиялық зерттеулер зертханасы сүт өнімдеріндегі физика-химиялық қасиеттерді , сондай-ақ ауыр металдарды, пестицидтерді, антибиотиктерді анықтау бойынша өз қызметтерін ұсынады . Өсімдік майларын анықтау, сүт және сүт өнімдерін бұрмалау мүмкіндігі бар екеніні көзіміз жетті.
Сонымен қатар листериозға қарсы вакцинаға жапсырма жабыстырып, қызық деген ақпаратты түсініп алдық. Осы мекемеде QazVac вакцинасы құйылғанын біліп, таныдық. Ғылыми және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін кәсіпорынның жеке микроорганизмдер мұражайы және жасуша мәдениеті банкі бар екенін көрдік. Жасушалық биотехнология зертханасымен күйіктер мен хирургиялық жараларды емдеуге арналған "Biotangish®FT" табиғи полимерлер негізіндегі биокөшірме - медициналық мақсаттағы бұйым әзірленді.
Кәсіпорында ғылыми, эксперименттік жұмыстар және диагностикалық жиынтықтардың компоненттерін өндіру үшін зертханалық жануарларды өсіру және ұстау бойынша питомник бар. Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары үшін зертханалық жануарларды жеткізуді жүзеге асырады. Компанияның өнімі алтын медальмен және түрлі грамоталармен марапатталған. Сондай-ақ, жануарларға арналған вакциналар мен сарысуларды өндірушілер, зертханалық зерттеулер үшін компания 199, Хепес, Амес орталарында көлік жүйелерін шығарады, қоректік орта өндірісі жолға қойылған. "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жұмыс істей отырып, сіз олардың өнімдерін бүкіл әлем бойынша сата аласыз. Антиген компаниясы медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірумен айналысады, атап айтқанда, кез келген мекемелерге, ауыл шаруашылығы және химия өнеркәсібіне арналған матадан жасалмаған медициналық маскалар шығарады.
"Антиген" ҰКП ғылыми-зерттеу зертханаларының басты көрсеткіштері – іске асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, Қазақстан Республикасынан алынған гранттардың саны, ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың саны, жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өткен қызметкерлердің саны, ғылыми-зерттеу процесіне тартылған студенттер мен магистранттардың саны арқылы кәсіпорынды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеді.

01.03.2023



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет