Инженерлік пәндер кафедрасы



бет12/16
Дата15.07.2022
өлшемі1,58 Mb.
#37676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
«ДольчеФарм» ЖШС
Кезекті үшінші күнгі тәжірибелік күніміз Қазақстан Республикасының фармацевтика саласындағы ірі компаниялардың бірі - «Дольче Фарм» да өтті. Зауытта бізді қызметкер Утегенов Шернияз мырза күтіп алды.
Жұмыс орнына кіру барсыныда алдымен сырт киімді арнайы бөлмеде шешіп қалдырдық, кейіннен өндіріске арналған арнайы киімді (халат, маска, қолғап, бас киім, бахилы) кидік, сонымен қатар денемізде артық зат болмауын ескеріп, артық заттардың бәрін шешіп қалдырдық. Мұның барлығын жеткшіміз қадағалап, нұсқау беріп отырды. Әр жұмыс зонасына ауысқан сайын таза зонада киілген бір реттік арнайы киімді шешіп, арнайы жәшікке тастап, жаңасына ауыстырдық.
Компанияда мединициналық бетперденің, қолғап, бас киімнің жасалу процесстерімен, оның әртүрлі түрлері; активтендірілген көмірді жасауға арналған аппараттар және оның жасалу әдістерін, қалай буылып-түйілетін көрдік.
Хирургиялық комплекттер, комбинезондар және ерекше стерильденген заттар әзірленетін зоналар дыбыс өткізбейтін әйнекпен қоршалған. Әр күннің есебі, өткізілген процесстер, шығарылған өнім саны арнайы кітапшаға жазылып, басқарушының қолы қоюмен қадағаланады.



06.05.2022ж

14:00-17:00

«ИҚПҒО» АҚ
«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуда ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2004 жылы құрылған. Осы қаулымен «2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілген. Ғылыми орталық туралы толық мәліметпен Құралай Бектынуровна таныстырды. Бактериалды, вирусты және бактериалды-вирусты инфекциялардан адамды және жануарларды қорғау саласында медицина, ветеринария, химия және фармакология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметтерін іске асыратын орталық. Тиімділігіне қарай айтарлықтай артықшылығы бар бірегей, патентті-қорғалған инфекцияға қарсы дәрілік заттар мен ветеринарлық препараттарды жасаумен айналысады.



10.05.2022ж

9:00-12:00

МСО.
Тәжірибенің бесінші күнін біз «Практикалық дағдылар орталығында» өткіздік. Бұл күні бізге университетте Эльмира Николаевна «Өндіріс орындары» тақырыбында лекция оқыды. GMP стандарттарына сай талаптар жайлы айтылды және униформаны дұрыс кию жайлы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, A,B,C,D зоналар туралы айтты. Біз халат, маска, қолғап, бахила, қалпақ, яғни, киім ережесін толық сақтап А зонасында (таза зона) болдық.


МСО: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2007 ж. «Білім берудегі инновациялық технологиялар орталығы» (CITO) базасында бірінші жетекшісі Сарсенова Л.К. болған. Медициналық симуляциялық орталығы құрылды. ҚазҰМУ медициналық симуляция орталығы – оқу-клиникалық орталықтардың ауданы 723 шаршы метр оқу базасы болып табылады. Одан әрі орталықты Ибраимова Р.Ш., Абзалиева А.Р., Әбілдаев Д.А. жетекшілік еткен.
Практикалық дағдылар орталығының құрылымына келесі бөлімшелер кіреді:
1. Медициналық симуляция орталығы – орталық басшысы Абилдаев Д.А.
2. Коммуникациялық дағдылар орталығы – орталық жетекшісі Асимов М.А.
3. Фармацевтикалық дағдылар орталығы – орталық жетекшісі Кожанова К.
4. Стоматологиялық дағдылар орталығы – орталық басшысы Есіркепов А.А.
5. Білім мен дағдыны тәуелсіз бағалау орталығы
6. Апаттар медицинасы орталығы
7. Компьютер сыныбы.
Фармацевтикалық дағдыларды оқыту орталығында дәрілік формалар мен өнімдерді өндіру технологиясы заманауи жабдықтарда жүргізіледі.



11.05.2022ж

10:00-12:00



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет