Инженерлік пәндер кафедрасы



бет11/16
Дата15.07.2022
өлшемі1,58 Mb.
#37676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Камшибаева н практика (копия)

«ВИВА ФАРМ» ЖШС
Өндірістік фармацевтикалық компания «ВИВА ФАРМ» ЖШС 1999 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасындағы ең ірі фармацевтикалық дистрибьюторлардың ондығына кіреді. «ВИВА ФАРМ» ЖШС онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің, кардиологиялық препараттардың, соңғы ұрпақ антибиотиктерінің, анальгетиктердің, кортикостероидтардың, гепатопротекторлардың, дәрумендер мен суыққа қарсы препараттар, медициналық бұйымдарды тағайындау, өзін-өзі бақылау құралдары, сондай-ақ елдегі емханаларға арналған шығыс материалдарын жасауда үлкен үлес қосуда.
Екінші тәжірибелік күніміз «ВИВА ФАРМ» ЖШС өндірістік фармацевтикалық компаниясында өтті. Онда біріншіден кәсіпорынның тарихына тоқталып өттік:
1999 ж «Вивафарм» ЖШС сауда үйы болып тіркеледі.
2006 ж Компания Алматы қаласынан өзінің жеке қоймасын ашады.
2007 ж Фармацевтикалық зауыттың салынуы басталады.
2010 ж Зауыт іске қосылып, өндіріс үшін лицензия алады.
2011 ж «Вивафарм» ЖШС бірінші препараттары тіркеу куәліктерін алады.
2013 ж Бір жыл ішінде зауыт өнімінің өндірісі 6,5 есеге - 10 млн таблеткаға дейін артады.
2014 ж Viva Pharm қатты дәрілік нысандарының өндірістік учаскесі GMP стандарты бойынша сертификатталған.
2015 ж Физика-химиялық және микробиологиялық зертханалар ҚР Мемстандарт жүйесінде аккредиттеуден өтеді.
2016 ж Компанияның қарқынды техникалық жабдықталуы, өндірістік қуаттылықтың жылына 200 млн таблеткаға дейін өсуі.
2018 ж Viva Pharm қатты дәрілік қалыптардың (таблеткалар, капсулалар, ұнтақтар) өндірістік учаскесі GMP стандарты бойынша қайта сертификатталады.
2019 ж Таблеткалар мен капсулалар түрінде ерекше препараттарды (вирусқа қарсы және т. б.) өндіру бойынша жаңа цех іске қосылады.
2020 ж GDP сертификатын алады.
2021 ж Ибупрофен Вива Фарм Ресей Федерациясында тіркелген.
Екінші кезекте, мекеменің ішін толықтай танысып шықтық. Оның ішінде бірінші қабатта қойма, киім ауыстыратын бөлме, дәрілерге қосылдатын суды тазартатын арнайы бөлме барын көрдік. Ең баста бөлім, яғни дәрі шығаратын және дайындайтын бөлімдері үшінші өабатта екенін көріп, олармен танысып шықтық. Мысалы: қатты дәрілік заттар жасайтын аппаратпен таныстық, ол «IMA» атты Италия мемлекетінің техникасы арқылы дайындалады.
Үшінші кезкете «Вивафарм» ЖШС қай елдерге экспорт жасайтынын және қай елдерден дәрі-дәрмектерге керекті қосымша заттарды алатынын білдік. Мысалы: «Вивафарм» ЖШС дәрілерді көбіне Өзбекстан, Қырғызтан секілді мемлкеттерге экспорттайды. Қазіргі таңда Ресей Федерациясымен экспорт жайында келіссөздер жасалып жатқанын айта кетті.

05.05.2022ж

9:00-11:00



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет