Осы технологиялық сатыларда келесі негізгі операциялар жүргізіледі: өсімдік шикізатын сығындылау; сұйық фазаны қатты фазадан тұндыру, фильтрлеу, центрифугалау және престеу жолымен бөлу; экстрагентті (су, эфир, спирт, хлороформ және т.б.) буландыру немесе вакуум астында кептіру жолымен айдау.
Өсімдік шикізатын дайындау оны тиісті ұнтақтағыштарда ұнтақтаудан және елеуден тұрады, ал экстрагент ретінде физика-химиялық қасиеті әртүрлі заттар қолданылады.
Дәрілік өсімдік шикізатын майдалау, елеу, тасымалдау, салу және түсіру, сақтау кезінде жұмысшыға әсер ететін факторлардын негізгісі шаң болып табылады. Дәрілік шаң физикалық қасиетіне және химиялық құрылысына байланысты ағзаға жалпы токсикалық (улану), теріні тітіркендіру, аллергиялық әсер көрсетеді.
Галендік препараттар өндірісіндегі жұмысшының еңбек жағдайларын сауықтыру шараларына:
техникалық процестерді автоматтандыру және механизациялау;
қондырғыларды, тасымалдағыштарды және қолданылатын басқада коммуникацияларды герметизациялау;
майдалау, елеу, шикізатты салу жәнек түсіру орындарына жергілікті сору немесе тартып-сору вентиляциясын орнату;
зиянды заттардың шығарылуын және шудың көздерін ескере отырып галенді цехтардың орналасуын жоспарлау;
Галенді препараттардың дамуы. Галенді препараттардың бұлай деп б.з. 131-201 жж. өмір сүрген римдік дәрігер және фармацевт Клавдий Галеннің құрметіне аталған. «Галенді препараттар» ұғымы Гален өлімінен 13 ғасырдан кейін пайда болды. Гален өз заманының медициналық және биологиялық білімдерді жүйеге келтірді. Гален 300-ден астам шығарма жазды, оның біршамасы фармацияға арналған. Галеннің фитопрепараттарды алуда қосқан үлесі: Гален Гиппократтың айтқанын теріске шығарып, табиғи заттардың құрамында пайдалы да, зиянды да заттар бар және оларды бір-бірінен бөлу керек дегенді айтты. Ол алғаш рет емдік практикаға өсімдіктерден бөлініп алынған жартылай тазартылған биологиялық белсенді заттар түрінде дәрілік заттарды енгізді.