Инженерлік пәндер кафедрасы


Ацетилен негізіндегі өнеркәсіптік синтездер



бет6/9
Дата02.06.2023
өлшемі161,31 Kb.
#98029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ацетилен негізіндегі өнеркәсіптік синтездер


3. Ацетилен өндірісі. Ацетиленді зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда алуға болады. Өндірісте ацетиленді алудың екі әдісі бар:

  • Карбидтік әдіс;

  • Көмірсутектерді пиролиздеу.

Зертханада ацетилен алу үшін кальций карбидіне (СаС2) аз мөлшерде су тамшылау жеткілікті. осыдан кейін ацетилен бөлінуінің күшті реакциясы басталады. Оны бәсеңдету үшін ас тұзын (NaCl) қолдануға болады.

Ацетиленді алудың өзінің мәнін қазіргі кезге дейін жоғалтпаған бірінші өнеркәсіптілік тәсілі оны кальций карбидімен алу:


СaO + C CaC2 + CO


CaC2 + H2O C2H2 + CaO


Кальций карбидін өндірудегі барлық шығындардың негізгі бөлігін өте жоғары температурада (1900-19500С) эндотермиялық реакция жүруін қамтамасыз ететін электр энергияға кететін шығын құрайды.
Қазіргі кезде ацетиленді алудың негізгі тәсілі метанды және табиғи газды пиролиздеу болып табылады.
Ацетилен өндірудің өнеркәсіптік үдерістері. Ацетиленді алудың өнекәсіптік үдерістерін жүзеге асырғанда негізгі қиыншылық-жылудың көп мөлшерін жылдам және бірқалыпты тарату. Ол ацетиленге инверсияланудың жарамды дәрежесіне жету үшін жоғары температуралырды қолдану қажеттілігімен байланысты. Басқа мәселе – реактордан шығатын газдарды күрт суыту қажеттілігі; оны ацетиленнің ыдырауын тоқтату мақсатымен жүргізеді, ол салыстырмалы түрде оңай шешіледі. Әдетте ыстық газдар ағынына суды бүркиді. Технолог шешуге тура келетін соңғы мәселе – газдардың құрамында аз концентрацияда (7-13% көлем) болатын ацетиленді бөліп алу және тазарту. Ацетиленді осы пиролиз газдарынан жарамды еріткіштерімен селективті жұтқызу арқылы бөледі, сосын әрі қарай қыздыру арқылы немесе басқа жолдармен бөліп алады. Селективті еріткіш ретінде су қолданылған болса, кейіннен басқа селективтілігі жақсы еріткіштер: N-метилпироллидон, ацетон, диметилформамид, диметилсульфоксид қолданды.
Қажетті жылуды жеткізу тәсілі бойынша метанның пиролизінің өнеркәсіптік үдерісінің келесі түрлері белгілі: пештердегі (регенеративті пештер көмегімен қыздыру) пиролиз, электрлік доғадағы пиролиз және автотермиялық пиролиз (дербес жандыру көмегімен қыздыру). Олардың біріншісі – метанды пештерде пиролиздеу – қазіргі кезде сирек қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет