2.6.
Бұрандалардың қолданылуы
Барлық бұрандаларды шартты түрде бекіту және жүрістік
бұрандалары деп бөлуге болады.
Бекіту бұрандалары тетікбөлшектерді өзара біріктіру үшін
қолданылады.
Бекіту
бұрандасының
профилі
(қалыпты
үшбұрыш) ά = 60º және 55º болатын үшбұрыш болып келеді,
себебі мұндай жағдайда тетікбөлшектер арасындағы үйкеліс күші
қатты болады да, бөлшектердің өздігінен бұралып ашылып
кетпеуіне кедергі жасайды. Барлық бекіту бұрандалары
стандартталған. Жүрістік бұрандалар ось бойымен жылжып
айналу қозғалысын туындату қызметін атқарады. Мұндай
бұрандалардың профилі винттік жұптың арасындағы ең аз
үйкеліс күшін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Осы тұрғыдан
алып қарағанда тік бұрышты профиль дәл келеді деуге болады
(үйкеліс күші 0-ге тең), бірақ ол стандартталмаған.
Винттік жұпта қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін бұранда
ойығының қатаңдығын арттыру керек, ал бұл көп кірісті
бұрандаларды қолдану арқылы жүзеге асады.
32
2.7.Бұрандалы қосылыстар
Бірде бір машина, не механизм бұрандалы біріктірулерсіз
жасалмайды. Бекіту бұрандаларының ішіндегі ең кеңінен
қолданылатыны метриялық бұранда. Ол негізінде стандарт
бұйымдарға жататын болт, винт, шпилька, гайка т.б.
тетікбөлшектерде орындалады.
Техникада жиі кездесетін бұрандалы біріктірулер – винттік,
болттық және шпилькалық. Болттық және шпилькалық
біріктірулердің үлгісі 3.9, 3.10 суреттерде келтірілген.
«Инженерлік сызба» қашықтан оқыту пәнінің әдістемелік
нұсқауындағы 2-9 қосымшаларда жеке тапсырмалар нұсқалары,
анықтамалық таблицалар мен жұмыстардың орындалу үлгілері
берілген.
4. ТЕТІКБӨЛШЕКТІҢ ЭСКИЗІН ОРЫНДАУ
4.1. Жалпы түсінік
Өндірісте бір рет қана пайдалануға болатын сызбаларды
эскиз
түрінде
орындауға
рұқсат
етіледі.
Тетікбөлшек
элементтерінің пропорциясын сақтай отырып, көзмөлшерлік
масштабта,
кез-келген
материалға
сызба
аспаптарының
33
көмегінсіз, қолмен орындалған уақытша сипаттағы сызба эскиз
деп аталады. Эскиздер жаңа жобаларды жасауда және
қолданыстағы бұйымдарды жетілдіруде қолданылады. Эскиз
тетікбөлшек дайындауда немесе оның сызбасын орындауда
маңызды құжат болып есептеледі. Сол себепті ол сауатты, айқын
орындалған болуы шарт, әйтпесе дайындалған бұйым ақаулы
болып шығуы әбден мүмкін.
Эскизді нәрсе кескінін орындауда қолданылатын тік және
көлденең сызықтарды жүргізуге қолайлы болу үшін шатыраш
қағазға жұмсақ қарындашпен орындаған дұрыс.
Эскизде кескіндермен қатар, тетікбөлшекті дайындауға және
бақылауға арналған барлық мәліметтер болуы керек, яғни:
а) өлшемдер;
ә) бет бұдырлығы;
б) материал туралы мәлімет;
в) термоөңдеу түрі;
г) дөптілік және (отырғызу) посадка;
д) пішіндердің орташа ауытқулары мен тетікбөлшек
беттерінің орналасуы.
Негізгі жазуда тетікбөлшек атауы, материал және оның
белгіленуі көрсетіледі.
Оқу сызбасында в, г, д бөлімдерін басқа пәндерден
оқытылатын арнайы білімді қажет ететіндіктен, орындамауға
болады. Ал ә, б бөлімдері анықтама әдебиеті бойынша
орындалады. Машинажасауда жиі қолданылатын материалдар
туралы мәліметтер қосымшада келтірілген.
4.2.Эскиздеу кезеңдері
Эскиздеу процесін өзара тығыз байланысты жекелеген
кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. 4.1 суретте тетікбөлшекті
кезеңдеп эскиздеу көрсетілген.
34
1 – кезең.
Бұйыммен танысу
Бұйыммен танысқанда оны ойша қарапайым денелерге
бөлшектеп, тетікбөлшек пен оның негізгі элементтерінің пішінін
анықтаймыз. Тетікбөлшектің қолданылатын орны, материалы,
өңделуі, жекелеген беттер бұдырлығы шама шарқынша
анықталуы керек.
2 – кезең.
Басты көріністі және басқа қажетті кескіндерді таңдау.
Басты көрініс тетікбөлшек пішіні мен оның өлшемдерінен
толығырақ түсінік беретіндей етіп таңдап алынады.
Айналу беттерімен шектелетін тетікбөлшектер болады: вал,
втулка, дөңгелектер, т.с.с. Бұл тетікбөлшектердің осі басты
көріністе
негізгі
жазуға
параллель
болатындай
етіп
орналастырылады. Кескіндердің көрнекілігін төмендететін,
көрінбейтін контур сызықтар санын шектеу керек, сондықтан
қималар мен тіліктерді қолдануға аса көңіл бөлген дұрыс.
Бұл мысалда тетікбөлшек пішінін елестету үшін үш көрінісін
салса жеткілікті: басты көрініс, үстінен және сол жағынан
қараған көрінісі. Басты көрініске фронталь тілік орындау керек.
3 – кезең.
Орындалатын формат пен масштабты таңдау.
Формат өлшемі таңдап алынған кескіндер мен олардың
өлшемдерін, шартты белгіленулерін орналастыруға мүмкіндік
беретіндей болуы қажет.
4 – кезең.
Форматты эскиз салуға дайындау.
Алдымен таңдап алынған бетті сыртқы жиекпен шектейміз
және берілген сызу форматының ішкі жиегін жүргіземіз. Содан
соң негізгі жазуға орын қалдырылып, қажет болған жағдайда
қосымша мәліметтер жазуға арналған бағандар енгізіледі.
5 – кезең.
Кескіндерді қағаз бетіне орналастыру.
Кескіндердің
көзмөлшер
масштабын
таңдап
алып,
«көзмөлшермен»
тетікбөлшектің
габариттік
өлшемдерінің
қатынасын анықтап аламыз. Мысалы, биіктігін А деп алсақ,
тетікбөлшектің ені шамамен биіктігіне тең, ал ұзындығы
35
биіктігінен екі есе үлкен деп алуға болады ( 4.1 а және 4.2. а
сурет). Осыдан кейін эскизде габариттік тік төртбұрыштарды
жіңішке сызықтармен жүргізіп шығамыз (4.2. а сурет).
Тіктөртбұрыштардың
арасындағы
және
шеттеріндегі
арақашықтық өлшем сызықтарын және шартты белгілерді салуға,
сонымен бірге техникалық талаптарды орналастыруға жеткілікті
болуы керек.
6
– кезең.
Тетікбөлшек кескіндерін салу.
Тетікбөлшек
элементтерінің
кескінін
«габарит
тіктөртбұрыштар» ішіне жіңішке сызықтармен енгіземіз (4.2. б
сурет). Салу барысында оның өлшемдерінің пропорциясы мен
сәйкес осьтік және орталық сызықтарды жүргізе отырып,
кескіндер арасындағы проекциялық байланыс сақталуы шарт.
7 – кезең.
Кескіндерді салуды аяқтау.
Бұл кезеңде көріністерді салуға толықтырулар енгізіледі,
қосымша
сызықтарды
кетіреді.
Қималар
мен
тіліктер
штрихталып, материалдың графикалық белгіленуін жазады және
кескіндерді сәйкес сызба сызықтарымен бастырып шығады.
8 – кезең.
Сызба сызықтары мен шартты белгілерді салу.
Өлшем сызықтары мен беттің сипатын анықтайтын шартты
белгілер (диаметр, радиус, шаршы, конустық, көлбеулік, бұранда
түрі және т.б.) 2.307-68 МЕСТ бойынша салынады (4.2. в сурет).
Сонымен
қатар,
жекелеген
тетікбөлшектердің
бет
бұдырлығын көрсетіп, шартты белгілерін салады.
9 – кезең.
Тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру.
Сызба аспаптары мен құралдарының көмегімен өлшемдер
анықталып,
эскизге
(нақты
шамада)
түсіріледі.
Егер
тетікбөлшекте
бұранда
болса,
параметрлерін
анықтап,
бұранданың белгіленуін эскизде көрсетеміз (4.2. г сурет).
36
10 – кезең.
Тетікбөлшек эскизін салуды аяқтау.
Негізгі жазу бағандары толтырылады. Кескіндер мен
өлшемдердің дұрыстығы тексеріледі. Негізгі жазудың 1, 2, 3
бағандарының (4.3 сурет) мазмұны төмендегідей:
1 бағанға – студент өз еркінше атаған тетікбөлшек атауы;
2 бағанға – құжат атауы («Эскиздеу» жұмысында бұл баған
«Әдістемелік нұсқаудың» 11 қосымшасында келтірілген мысал
үлгісімен толтырылады);
3 бағанға – келесі ретпен: атауы, материал маркасы және
материалға бекітілген МЕСТ жазылады.
37
5. ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАСЫ
5.1.Негізгі терминдер
Құрастыру бірлігі (2.101-68 МЕСТ) – құрам бөліктері
дайындаушы өнеркәсіпте өзара құрастыру операцияларымен
(бұрау, тойтарып шегелеу, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу т.б.)
біріктірілетін бұйым.
Құрастыру сызбасы (МЕСТ 2.102-68) – құрастыру
бірлігінің кескіні мен оны жинауға (дайындауға) және бақылауға
қажетті мәліметтерден тұратын құжат.
Жалпы түрдегі сызба (МЕСТ 2.102-68) – бұйым
конструкциясы мен оның негізгі бөліктерінің өзара әсерін
анықтайтын және бұйымның жұмыс жасау принципін
түсіндіретін құжат.
Сипаттізім (МЕСТ 2.108-68) – құрастыру бірлігінің құрам
бөліктерін анықтайтын, көрсетілген бұйымдарды дайындауға
және өндіріске жіберуге қажетті мәліметтерді жазуға арналған
кестеден тұратын мәтінді конструкторлық құжат.
5.2. Жалпы жағдайлар
«Құрастыру сызбасы» жұмысы «Эскиздеу» тақырыбының
жалғасы болып табылады. Сондықтан, бұған дейін жасалған
құрастырылған бұйым құрамына енетін тетікбөлшектер эскизі
осы тақырыптың бастапқы материалы деуге болады.
Құрастыру бірлігінің құжаттары жинағына сипаттізім және
құрастыру сызбасы кіреді. Конструкторлық құжаттардың мұндай
түрлерін өндіріс талаптарына толығымен сай келетіндей етіп
орындау тек материалдар технологиясы, материалдар кедергісі
және т.б. пәндерді оқып меңгергеннен кейін мүмкін болады.
Сондықтан
сызу
негіздері
курсында
конструкторлық
құжаттардың
орындалуында
стандарттар
мен
өндіріс
талаптарынан аз-кем ауытқулар болады.
38
5.3.Сипаттізім
Сипаттізім – жаңа бұйымды жобалауда толтыратын мәтінді
конструкторлық құжат. Ол құрастыру сызбасын оқуды
жеңілдетеді. Сипаттізім бұйымның құрам бөліктерінің санына
қарай бір немесе бірнеше А4 пішімді сызба қағаздарына
39
орындалады. Сипаттізімнің бірінші бетіне арналған негізгі жазу
5.1-суретте, ал қалған беттерге арналған негізгі жазу өлшемдері
5.2-суретте келтірілген.
Сипаттізім бірнеше бөлімдерден тұрады, олардың орналасу
реті мен мазмұны жөнінде мәліметтер 5.1 кестеде берілген. Әрбір
бөлімнің атауы «Атауы» деп аталатын бағанға асты жіңішке
тұтас сызықпен сызылып жазылады және әрбір бөлім атауының
үстінен және астынан бір бос жолдан қалдырылады. Мәліметтер
бағандар мен жолдардан шығып кетпеуі керек.
Сипаттізім бөлімдері
«Комплекстер», «Құрастыру бірліктері», «Тетікбөлшектер»
бөлімі.
Бұл бөлімдердегі жазбаша мәліметтер белгілену индексіне
кіретін әріптерді алфавиттік ретте, ал сандарды өсу реті бойынша
жазу арқылы беріледі.
«Стандарт бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі бұйымдар
стандарттар
категориясының
реті
бойынша
(алдымен
мемлекеттік, содан соң республикалық, салалық, кәсіпорындар
стандарттары) жазылады. Әрбір категорияға кіретін бұйымдар
топтарға бөлінеді, мысалы: бекіту бұйымдары, арматура, әртүрлі
бұйымдар.
Әр стандарт категориясы бойынша жазулар алфавиттік
ретпен, ал бұйым атаулары стандарттар белгіленуінің өсу реті
бойынша жазылады, мысалы:
Болт М12 х 65.58 МЕСТ 7796-70
Болт М20 х 75.58 МЕСТ 7798-70.
Егер бұйым бір стандартпен дайындалған болса, онда
ықшамдап жазуға болады, мысалы:
40
Болттар МЕСТ 7796-70
М10 х 65.58
М20 х 65.58
М24 х 75.58.
яғни бұйым атауының жалпы бөлігін тақырып ретінде бір рет
қана жазуға рұқсат етіледі.
Сипаттізімде бекіту бұйымдары тобын мынадай ретпен жазу
ұсынылады: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар, шпилькалар.
«Басқа да бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі жазбалар
бірыңғай топтарға бөлініп, топ ішінде алфавиттік ретпен
жазылады.
Кесте 5.1
Сипаттізім бөлімдері және олардың мазмұны
Бөлім атауы
Бөлім мазмұны
Құжаттар
Сипатталатын бұйымның конструкторлық
мәліметтерін
құрайтын
(сипаттізімнен
басқа)
құжаттар,
мысалы:
құрастыру
сызбасы,
монтаждау
сызбасы,
сұлба,
түсіндірме жазбалар, паспорт, техникалық
талаптар және т.б.
Кешендер
(комплекстер)
Сипатталатын бұйымға ғана қатысты
кешендер.
Құрастыру
бірліктері
Сипатталатын
бұйымға
кіретін
және
әрқайсысының
сызбасы
орындалған
құрастыру бірліктері, мысалы: пісіру,
дәнекерлеу және басқа да біріктірулер
арқылы орындалған қосылыстар.
Тетікбөлшектер Сипатталатын
бұйымға
ғана
кіретін
тетікбөлшектер.
Стандарт
бұйымдар
Мемлекеттік, содан соң республикалық,
салалық,
кәсіпорындар
стандарттарына
кіретін бұйымдар.
Басқа да
бұйымдар
Техникалық талаптар, каталогтар мен
прейскуранттар бойынша қолданылатын
стандарт емес бұйымдар.
41
Материалдар
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен
сызбалары орындалмаған тетікбөлшектер.
Мысалы: сым, мата, құрыш және т.б.
Комплектілер
Сипатталатын бұйымға ғана қатысты
комплектілер. Мысалы: монтаждау бөлігінің
комплектісі,
қосалқы
бөлшектер
комплектісі, құрал – жабдықтар комплектісі
және т.б.
Сипаттізім бағандары
«Пішім» бағанында тетікбөлшек сызбасы немесе басқа
конструкторлық құжат орындалған пішім өлшемі көрсетіледі:
баған «Стандарт бұйымдар», «Басқа да бұйымдар» және
«Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды.
«Аумақ» бағаны. Аумақ белгіленуі көрсетіледі (МСТ 2.104-
68). Егер сызба алаңы «Құжаттар» және «Комплектілер»
бөлімдері үшін екі аумаққа бөлінсе бұл баған толтырылмайды.
«Реті»
(позициялар)
бағаны.
Құрастыру
бірліктері
бөліктерінің реттік нөмірі сипаттізімге жазылу ретімен
көрсетіледі.
«Белгіленуі»
бағаны.
Бұл
бағанда
конструкторлық
құжаттардың белгіленуі көрсетіледі. «Стандарт бұйымдар»,
«Басқа да бұйымдар» және «Материалдар» бөлімдері үшін
толтырылмайды.
«Атауы» бағаны. Бұйымдардың атаулары жазылады.
Құрастыру сызбасы шығарылмаған тетікбөлшектер үшін олардың
атауы, материалы, дайындауға қажетті өлшемдер; стандарт
бұйымдар мен материалдар үшін – атаулары мен стандартқа және
техникалық талаптарға сәйкес шартты белгілері көрсетіледі.
«Саны» бағаны. Бұйымның құрам бөліктерінің саны
көрсетіледі.
«Ескертулер» бағаны. Бұйымға және құжаттарға қатысты
қосымша мәліметтер көрсетіледі.
42
5.4. Құрастыру сызбасы
Жалпы түсінік.
«Құрастыру сызбасының» алдында «Эскиздеу» жұмысы
орындалады.
Эскиздерді
орындауда
бұйымның
атауы,
қолданылуы, жұмыс жасау принципі және тетікбөлшектерді
өзара байланыстыру тәсілдері, яғни бұйымды құрастырып,
бөлшектеу реті бекітіліп, стандарт бекіту бұйымдары
анықталады. Эскиздегі кескіндердің, түсірілген өлшемдердің,
шартты белгілердің дұрыстығы тексерілген соң, құрастыру
сызбасын орындауға кіріседі.
2.109-73 МЕСТ-на сәйкес құрастыру сызбасының мазмұны
төмендегідей болуы керек:
берілген сызбасы бойынша біріктірілетін, құрастыруды
және құрастырғаннан соң құрастыру бірліктерін бақылауды
қамтамасыз ететін, құрам бөліктерінің орналасуы мен өзара
байланысынан түсінік беретін құрастыру бірліктерінің кескіні;
берілген құрастыру сызбасы бойынша құрастыру
процесіне қажетті өлшемдер, шектік ауытқулар және басқа да
параметрлері мен талаптар;
бұйымның ажырайтын бөліктерінің сипаты жөнінде
нұсқаулар, ажырамайтын қосылыстарды біріктіру тәсілі жөнінде
(пісіру, дәнекерлеу) нұсқаулар;
бұйымға кіретін құрам бөліктерінің реттік нөмірі;
бұйымның негізгі сипаттамасы;
габариттік, қондырғы, біріктіру және басқа қажетті
анықтамалық өлшемдер.
Кескіндерді таңдау.
Құрастыру сызбасында бұйым кескіндерінің толықтығы
бұйымның күрделілігіне қарай орындалатын көріністер, тіліктер,
қималар және шығарма элементтер санына байланысты
анықталады. Кескіндердің ең аз саны алынады, бірақ бұйымның
құрам бөліктерінің өзара байланысы мен конструкциясынан
толық мәлімет алатындай болуы керек. Негізгі көріністер санын
қысқарту мақсатында жергілікті және қосымша көріністерді
пайдалану
ұсынылады.
Көп
жағдайда
құрастырылған
тетікбөлшектердің сипатын айқындауға мүмкіндік беретін
болғандықтан құрастыру сызбасында тіліктер қолданылады.
43
Тіліктер қарапайым, күрделі және жергілікті болып келеді, егер
бұйым пішінінің проекциясы симметриялы болса, онда көрініс
бөлігі мен тілік бөлігін біріктіріп орындау ұсынылады.
Құрастыру сызбасында тілік құрастыру бірлігіне кіретін
жекелеген тетікбөлшектер тіліктерінің жиынтығын құрайды.
Масштаб таңдау.
Құрастыру сызбасы үшін масштаб бұйымның күрделілігі мен
габариттік өлшемдерге байланысты таңдап алынады.
Пішімді таңдау.
Пішім таңдағанда сызбалар қағаз бетін шамамен жетпіс
пайыздай алып жататындай болуы керек. Пішімге жиек
сызықтары мен негізгі жазу сызылады.
Сызбаларды орналастыру.
Құрастыру бірліктерінің таңдап алынған кескіндер санына
байланысты сызбаларды қағаз бетіне орналастырады. Дұрыс
орналастыру үшін бұйымның алынған кескіндерінің өлшемімен
(масштабын
ескере
отырып)
қағаздан
габариттік
тіктөртбұрыштар қиып аламыз және солардың көмегімен қағаз
бетінен орындарын белгілеп, симметрия остерін жүргіземіз.
Тіктөртбұрыштар араларына шығарма және өлшем сызықтарына
орын қалдырамыз.
Кескіндерді тұрғызу.
Кескіндерді сызуды негізгі тетікбөлшектердің басты
көрінісінен бастайды, өлшемдер эскидерден алынады. Қалған
тетікбөлшектер құрастыру бірлігін жинау реті бойынша
орындалады, себебі көп жағдайда бұйымды жинау ретін
бөліктерді сызу ретіне байланысты анықтайды.
Содан соң құрастыру сызбасының өлшемдері, қималар,
шығарма элементтері, қосымша көріністер және т.б. орындалады.
Құрастыру сызбаларында тіліктерді орындауда мынадай
ереже бар: тұтас (арасы қуыс емес) тетікбөлшектер – біліктер,
остер, саусақ, тұтқа, сыналар, винттер, тойтарма шегелер және
т.б. – тіліктер көлденең болған жағдайда қиюшы жазықтыққа
түспейді және штрихталмайды. Сонымен қатар, шариктер мен
бекіту бұйымдары да құрастыру сызбасында қиюшы жазықтыққа
түспейді.
Штрихтау кезінде мынадай жайттарға көңіл бөлген дұрыс:
бір тетікбөлшектің тіліктегі штрихтау бағыты мен
арақашықтығы барлық көріністе бірдей болуы керек;
44
көршілес жатқан үш немесе одан да көп тетікбөлшек
тілікке түсетін болса, штрих сызықтардың арақашықтығы
өзгертіледі.
Құрастыру сызбаларын орындауда уақытты үнемдеу
мақсатында ықшамдаулар мен шарттылықтарды қолдануға
рұқсат етіледі. Бұл жөнінде толық мәлімет 2.109-73 МЕСТ-да
келтірілген.
Жоғарыда аталған талаптарға сай орындалған сызбаны
тексеріп, көрінетін және көрінбейтін контур сызықтары
жүргізіледі. Мұның мынадай ретпен орындалғаны жөн: остік
және орталық сызықтар, шеңберлер, доғалар, қисық сызықтар,
көрінетін және көрінбейтін контур сызықтары, өту сызықтары
және т.б.
Өлшемдер түсіру.
Құрастыру сызбаларында өлшемдер бұйымның есебін,
орналастыруын, технология талаптарын және тасымалдау
шарттарын ескере отырып қойылады.
Құрастыру сызбаларында мынадай өлшемдер түсіріледі:
бұйымның сытқы (немесе ішкі) шектік тұрпатын
көрсететін габарит өлшемдер, яғни биіктігі, ені, ұзындығы немесе
бұйымның ең үлкен ауқымы. Егер осы өлшемдердің бірі
тетікбөлшектерді ығыстыру барысында ауыспалы болып келетін
болса, онда екі шама – ең үлкен және ең кіші шаманы да қатар
көрсетеді;
бұйымды монтаждау орнына орнатуға және екінші бір
бұйымға жалғауға арналған бекіту және біріктіру өлшемдері;
бекітілу тесіктерінің арақашықтығы, бұрандаларды жалғау
өлшемдері және т.б. өлшемдер.
Реттік нөмірлерді түсіру.
Құрастыру бірлігінің құрам бөліктері құрастыру сызбасының
сипаттізімінде көрсетілген реттік сандарына сәйкес нөмірленеді.
Сондықтан, сызбаға реттік нөмірлерін салмас бұрын, құрастыру
сызбасының сипаттізімін жасап алу керек. Нөмірлер құрам
бөліктерден тігінен және көлденеңнен жүргізілген шығарма
сызықтар сатысына қойылады.
Реттік нөмірлер құрам бөліктердің көрінетін кескіндеріне,
негізгі көріністер мен оларды алмастыратын тіліктерге қойылады.
Сатылар мен шығарма сызықтар тұтас жіңішке сызықтармен
жүргізіледі. Реттік нөмірін көрсететін сандар сызбаның негізгі
45
жазуына параллель орналастырылады, оларды бір жолға
(көлденеңнен) немесе бір бағанға (тігінен шамасынша бір сызық
бойына) топтастырады (5.5 сурет).
Реттік нөмірлер шрифтісінің өлшемі сызбадағы өлшем
сандарының өлшемінен бір-екі өлшемге үлкен болуы тиіс.
Бір
жерді
бекітуге
арналған
бекіту
тетікбөлшегін
топтастырып, бір шығарма сызыққа тігінен сатылар салып, рет
нөмірлерін жазуға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |