Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Оқытудың топтық формаларын талқылаңыз



бет18/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

23. Оқытудың топтық формаларын талқылаңыз
Оқытудың топтық формасы деп – оқу тапсырмасын бірігіп орындау үшін сынып базасында құрылған жұмысшы топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру түрін айтады. Топтық оқытудың басты мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Топтық жұмыстар – оқушылардың танымдық қызмет үдерісіне көтеріңкі көңіл-күймен қатысуын, зерттеу тақырыбын түйсініп, терең зерделеуді, алынған білімнің тұтастығы мен оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу үдерісіне қарағанда, топтық жұмыс арқылы оқыту үдерісінде оқушылар көп мағлұмат алады, ойын үдерісінде жағымды эмоциялар алып, белсенділігі артады, сөздік қоры дамиды жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.

23.Оқыту принциптерінің маңызын талдаңыз

Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған.




24.Колледж және жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру жағдайы
25.Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары

Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.


Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық жағдайына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының іргетасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет