26.Есту бұзылыстары бар балаларды жалпыға білім беру мектепте оқыту шарттарына тоқталыңыз
Естуінде кемістігі бар балалар. Есту дыбыстарды қабылдау және айыра білу қабілеті. Бұл есту анализаторы немесе есту мүшесі арқылы жүзеге асады. Дыбыстар үш қасиетпен сипатталады:күші, жоғарылығы және тембрі.
Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Есту анализаторларының зақымдануының салдары және потологиялық процесінің пайда болу уақытына, қандай деңгейде және қандай кезеңде естудің бұзылғанына байланысты барлық естуі бұзылған балаларды үш категорияларға бөледі: саңылау, кеш саңылау, нашар еститіндер.
Тек естудің дефектісі ғана емес, сондай-ақ кеш пайда болған сөйлеудің жетіспеушілігі бар балаларды оқытуда қиындық туады. Баланың дамуында естуі мен сөйлеуі тығыз бір-бірімен байланысқан. Тек естімейтін балалар толығымен естуден жоғалуы, олар өз бетінше сөз қорын жинай алмайды. Естімейтін балалардың өзін:
естімейтін (ерте естімейтін);
қандайда бір деңгейде естуі сақталып қалған естімейтінлар(кейін естімей қалған).
Ерте естімейтін- сөйлеудің қалыптасуына дейін туа және жүре пайда болған екі жақты тұрақты, күрделі естуі бұзылған балалар. Кеш естімейтін болғандар мектепке дейін немесе мектеп жасында пайда болған естімейтінлық. Нашар еститіндер - жартылай естуі бұзылған балалар, олар есту анализаторларының көмегімен сөз қорын өз бетінше жинай алады. Нашар еститін балаларға естуі 20-дан 75 деңгейге (ДБ) төмендейді. Нашар еститін балаларды:
а) мектепке келгенде сөздерді дұрыс айта алмайды, яғни сөйлеудің күрделі дамымауы;
б) грамматикада белгілі деңгейде жетіспеушілігі бар және сөйлеуінде, жазуында қателіктердің болуы.
Кейін естімей қалған. Сөйлеуі сақталып, психикалық дамуында белгілі жетістіктері бар балалар. Сөйлеудің сақталу деңгейіне бірнеше факторлар әсер етеді. Естімейтінлықтың пайда болу уақыты, баланың арнайы дайындықсыз мектепке барғанда ол сөйлемейді, тек біраз сақталып қалған сөздік қорларын бұрмалап айтады.
Нашар еститіндер. Қазіргі кезде естуі бұзылған балалардың біршама бөлігін құрайды. Естімейтін балалардан айырмашылығы олар оқу барысында сақталып қлған естуді қолданады. Нашар еститін балаларда кереңдік айқын көрінген жағдайда ауызша сөйлеуін тек арнайы дамытады. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |