Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Дарынды балаларды оқыту ерекшелігін сипаттаңыз



бет22/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
31. Дарынды балаларды оқыту ерекшелігін сипаттаңыз
Талантты және дарынды балаларды дамыту, оларды анықтау 4 кезеңді қамтиды:
1-кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.
2-кезең. Әрекет жоспары. Талантты және дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
3-кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.
4-кезең. Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау. Талантты және дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Талантты және дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор. Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет