Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың
төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі
бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу
бұзылымдары, зияты,
тірек-қозғалыс аппа-
раты, психикалық
дамуы тежелген және
эмоционалды-ерік-жігер
аясы зақымдалған
балалар.
2-топ.
Оқытудағы ерекше қиындықтары,
мінез-құлық
және эмоциялық проблемалары
бар балалар.
3-топ.Әлеуметтік-психологиялық,
экономикалық,
тілдік,
мәдени
ерекшеліктерінен
туындайтын ерекше білім
беруге қажеттілігі туындайтын балалар.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта)
оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады.Қазіргі
уақытта
еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында
келесідей құжаттарды
басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың,
логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.