Инклюзивті білім беру пәні Дайындаған: п.ғ. м., аға оқытушы, Phd докторанты С. Т. Булабаева


-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар



бет7/9
Дата26.04.2023
өлшемі109,11 Kb.
#87015
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар.

  • Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, қандастар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.

Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс

  • Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес
  • 6. Ерекше білім беруге қажеттіліктерді бағалау тәртібі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындайтын оқу қиындықтарының себептеріне байланысты жүзеге асырылады.

7. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақыл-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі:

  • 7. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақыл-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі:
  • 1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
  • 2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен);
  • 3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар);
  • 4) психикалық дамуы тежелген;
  • 5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия);
  • 6) тірек-қимыл аппараты бұзылған;
  • 7) эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен);
  • 8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен балалар кұрайды.
  • 8. Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
  •  1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар;
  • 2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар..);
  • 3) мүгедектігі бар балалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет