Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары мен ұғымдары


Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі



бет3/11
Дата26.03.2023
өлшемі55,84 Kb.
#76295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Педагогика өкілдерінен даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу қажеттілігін алғашқы болып, атақты ағартушы Ян Амос Коменский ұсынды. Я.А. Коменский қалыптан тыс балаларға білім беру мүмкіндігіне терең сенімді болды: «Даму жетіспеушілігінен жеткілікті дәрежеде білім алуы мүмкін емес, саңырау, соқыр және дамуынан кенже қалғандарды оқуға тартуға бола ма? деп туындаған сұрақтарға «адам еместерден басқа адамдарды білім алудан бөліп тастауға болмайды» деп жауап беремін» дейді. Осылайша, ортағасырлық философиялық ұғымдар даму мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғаларды оқыту және әлеуметтендіру мүмкіндігі туралы идеялардан тұрды.
Даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін педагогикалық тәжірибе және медициналық көмек көрсетуде, оларды оқыту және тәрбиелеу проблемаларына философиялық көзқарастарды қалыптастыруда, қазіргі кезеңде практикалық деректерді, алып-қашпа теорияларды жүйелеу, бейімдеу реттеле басталды.
Ағарту дәуірінің көрнекті өкілдері Дидро, Руссо, кедейлер мен мүгедектер және ауруларға мемлекеттік қайырымдылық көмегі қажеттігін айтады. Ауру, қалыптан тыс адамдарға көрсетілетін қамқорлық мекмлекеттің міндеті және өркениетті қоғамның айырықша белгісі болып табылатындығы туралы идеяны алға қойды. Қалыптан тыс адамдар проблемасына гуманистік пікір қалыптастыруда 1789-1793 жж Француз революциясының ерекше әсері болды.
Осымен байланысты ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу принциптері сипаттамасында алғаш рет «есалаңдық» классификациясы пайда болды. Қалыптан тыс балаларға деген жаңа көзқарас қалыптастыруда француз дәрігерлері Ф. Пиннелю, Ж. Эскиролю, Ж. Итару, Сегенулардың рөлі жоғары болды.
Олардың тәжірибесі қалыптан тыс балалармен жүргізілетін жұмыста медициналық және педагогикалық көзқарастарға және педагогика мен медицина синтезіне сүйенген емдік педагогиканың қалыптасуына негіз болды [7-12].
Осылайша, өткен кезеңнің гуманизм философиясы, пісіп-жетілген қоғамдық пікір аясында қалыптан тыс адамдарға білім беру және медициналық көмек көрсету тәжірибесін дамыту үшін қажетті әлеуметтік-мәдени ортаны дайындады. Соңғы ғасыр ішінде қалыптан тыс адамдардың мәселесіне философиялық көзқарас түрлі-түрлі және жиі қарсылықты көзқараста жалғасты.
Ал И. Кант өзінің антропологиялық тұжырымдамасында әлсіздік және жан-жүйке ауруларының классификациясын ұсына отырып, кедейлер мен мүгедектерге мемлекеттік қайырымдылық көмек қажеттігін атап көрсетті.
Г. Гекгель аномалия проблемасын адам және объективті әлемнің арасындағы қайшылықтар нәтижесі ретінде түсіндіреді. Фаталдық бағыттағы философия өкілдері Ф.Ницше және Шопенгауэр кез келген түзетуді қажетсіз деп есептеді, барлық түзету әдістерін жазмышқа қарсылық және пайдасыз деп қарады. Бұл орайда, патологиялық даму тежеулігінің әлеуметтік және экономикалық негіздерін анықтаған, материализм (Маркс, Энгельс) өкілдерінің ұстанымын атап өткен жөн [2, 9-12].
Экзистенциализм, психоанализ және постмодернизм өкілдерінің көзқарастары мен идеялары қалыптан тыс адамдарға көрсетілетін көмек аясын айтарлықтай байытты. Экзистенциализм философиясы адам тіршілігінің шынайы жағдайын өзінің бостандығы мен басқа адамдардың бостандығының келісімінде деп санады (Карл К.Ясперс, Камю және басқалар.).
Психологиялық талдауға әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік кемтарлықты өтеуге бағытталған кешенді үрдіс ретінде денсаулығында ақауы бар баланы дамыту туралы А. Адлердің идеясы алынды.
Постмодернизм өкілдері (Фуко, Делез және басқалар.) қалыпты және патологиялық құбылыстар, есалаңдық пен денсаулық арасында айырмашылық, шектің болмауына мән береді [2, 8, 9].
XIX ғасырда Еуропа мен АҚШ-та өтіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру саласында мемлекеттік саясатты өзгертуге, жетілдіруге зор ықпалы етті.
Бірқатар Еуропа елдерінде жалпыға міндетті тегін бастауыш білім туралы заң қабылдануы осы санатты балаларды оқытатын арнайы мекемелер жүйесінің қалыптасу бастауы болды, оларды қаржыландыру көздері анықталды, білім ұйымының мақсаттары мен оқыту әдістерін дайындауға ықпал етті. Мысалы, көптеген Еуропа елдерінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы мектеп ашыла басталды.
Осы уақытта Австрия, Англия, Германия, Франция, Дания, Италия және басқа да елдерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру туралы заңнамалық актілер қабылданды [3, 810]. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты қоғамдық пікірдің түбегейлі бетбұрысына, осы санаттағы балалардың жалпыға бірдей бастауыш білім алу құқығы заң жүзінде бекітілгеніне, қоғамдағы қайырымдылық ұйымдарының жетекші өкілдерінің белсенді насихат жұмыстарына, ағарту философтарына, сол кездегі прогрессивті педагогтердің қызметтеріне қарамастан, Еуропа және Америка елдерінің көпшілігіндегі сеграциялық-оқшаулау мекемелерін дамытуды негізге ала отырып, қоғамда сегрегация-оқшаулау идеялары басым болды.
Дамуында ақауы бар балалар қоғамы тарихының алғашқы кезеңдері сегрегация-оқшаулау саясатының адамдарды арнайы мекемелерге аяусыз, күштеп жіберу әрекетіне ғана емес, мемлекет пен үкіметтің де бұл адамдарға «ұлт генофонының ластану көзі» деп қарап, қоғамды қалыптан тыс адамдардан міндетті түрде тазарту, зарарсыздандыру бағдарламаларын әзірлеуі тәрізді ұстанымдарға ұшырады.
Түбегейлі шаралар жақтастары халықтың белгілі бір санатын – психикалық ауру, қояншық, кедей, қылмыскерлер мен қаңғыбастарды – қоғамның дамуына қауіп төндіретіндер деп санады. Инклюзивті білім әмбебап құқық болып табылады және барлық азаматтарды сапалы білім берумен қамту мақсатында тиісті саяси көзқарас, қолдауды талап етеді.
Барлық оқушылардың білім саласында жетістікке жетуін реттеу және қамтамасыз ету үшін олардың жеке тұлғалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері мен географиялық немесе этникалық шығу тегіне қарамастан, инклюзивті білім (ИБ) қажетті жалпы ресурстармен (қаржылық, адами, білім беру, техникалық және технологиялық) барлық білім орындары қамтамасыз етілетін болады деп есептейді.
Инклюзивтік білімге (ИБ) бағытталған ұлттық білім беру жүйесі реформаларын жүзеге асыру кезінде шетелдер тәжірибесімен танысудың, оқудың маңызы өте жоғары. Мемлекеттің адамдарға қатысты саясатының өзгеруінің басты үрдісі мүгедектіктің медициналық моделінен әлеуметтік моделіне, шектеулерге, құқық қорғау әркетіне принципті түрде көшуге негізделген
Білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың тең құқықтарын жүзеге асыруда Біріккен ұлттар Ұйымы (БҰҰ) бастамашы болып танылады. БҰҰ құжаттары: адам құқығының Декларациясы (1948 ж.), «Кемсітушілікке қарсы күрес туралы» Конвенция (1960 ж.), «Бала құқықтары» Декларациясы (1959 ж.), «Ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы» Декларация (1971 ж.), «Мүгедектер құқықтары туралы» Декларация (1975 ж.), «Бала құқықтары туралы» Конвенция (1989 ж.), «Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ережелері стандарты» (1993 ж.), «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция (2006 ж.).
Саламан декларациясы (1994) "инклюзия - білім беру жүйесінің дамуының негізгі бағыты» деп таниды. Мұндай тәсілдің «білім жүйесі әр баланың ерекшеліктеріне және қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс» деуі оның өзіндік ерекшелігін айқындайды, бірақ, сонымен қатар, кейбір балалардың жалпы білім беретін мектептермен қатар арнайы мекемелерден де білім алуын жоққа шығармайды.
Мүгедектердің құқықтарын дамыту, еуропалық құжаттарда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі:
1. 2006-2015 жылдарға арналған мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары және олардың қоғамға толықтай қатысуы туралы Еуропа Кеңесінің іс-қимыл жоспары «білім беру - интеграция және автономияның негізгі факторының кілті» деп көрсетеді; жүйке жүйесі бұзылған жас адамдардың және ұзақ емделген мүмкіндігі шектеулі балалардың білімі мен қоғамдағы өмірге әлеуметтік ықпалдасуына ерекше мән береді.
2. «2010-2020 жж арналған "Мүгедектік шеңберіндегі Еуропалық стратегия» "Кедергісіз Еуропа" ұран-идеясын ұстанады;
3. Мүгедектердің өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4. Барлық адамдар үшін Еуропада кедергісіз аймақ құру;
5. Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық міндеттемелерді сақтау.
Жаһандық деңгейде түрлі халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибелері мен саясатын жүзеге асыру және насихаттау:
• ЮНЕСКО-ның (Инклюзивті білім саласындағы саясаттың басшылық қағидаттары,) «Білім беру - барлығы үшін» мониторингі бойынша дүниежүзілік баяндама;
• ЮНИСЕФ: инклюзивті білім беруді кеңейту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
• Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беруді дамыту жөніндегі Еуропалық агенттігі (European Agency for Development in Special Needs Education): оқытудың көптүрлілігі – агенттік жұмысының басты қағидаттарының бірі;
• "Инклюзивті білім қолданыста" жобасын іске асыру;
• әр түрлі елдерде инклюзивті білім саласындағы саясатты іске асыру туралы MIPIE жобасы (Mapping the Implementation of Policy for Inclusive Education)
Инклюзия мемлекеттік заңнамалық және нормативтік-құқықтық базамен, сондай-ақ кең әдіснамалық және әдістемелік әзірлемелермен қаруланған елдер – АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Скандинавия.
Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың өзіндік тәжірибелері қалыптасқан.
Әдетте, әрбір елде мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық сүйемелдеу мен қолдадың өзіндік моделі болады.
Көп жағдайда сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала оқитын білім беру ұйымына немесе нақты педагогқа көмек көрсету үшін мектептен тыс ресурстық орталық немесе жергілікті қолдау қызметі құрылады.
Ғалымдардың зерттеуі (Коркунов В., Малофеев Н.Н., Назарова Н.М. т.б.) әлемнің әртүрлі елдерінде нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен саяси ерік басшылығын ескере отырып, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу үдерісі бірте-бірте жүргізіле бастағанын көрсетеді. Әр ел өздеріне тән интеграциялау моделін жүзеге асырғанмен, әмбебап интегративтік білім модельдерін құру мүмкін еместігін дәлелдейді.
Алайда кез келген елде интеграцияланған білім беруді табысты жүзеге асырудың бірқатар алғышарттары бар.
Қазіргі заманғы зерттеушілер көрсеткендей, бүгінгі таңда инклюзивті білім беру саласын неғұрлым заңнамалық қолдауды қамтамасыз еткен Канада, Кипр, Дания, Исландия, Үндістан, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Африка, Испания, Швеция, Уганду, АҚШ және Ұлыбритания елдерінің тәжірибесін ерекше атауға болады.
Италияда бұл білім беру 1970 жылдардан бері заңды түрде қорғалады. Мұнымен қоса, мұндай білім беру ең радикалды және өзгермелі Уганде, Лесото, Вьетнам, Лаосе, Иордания, Палестина, Марокко, Египет және Иемен сияқты ең кедей елдерде де байқалады. Бұл қарқын көбіне-көп жоғарыда аталған елдерде ЮНЕСКО-ның бағдарламаларының тиімді іске асырылуымен түсіндіріледі.
Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Канада, Норвегия, Австралия) инклюзивті оқытудың басым үрдісі баланың жалпы білім беретін мектепте білім алуымен, ал кейбірінде (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия) арнайы мектеп немесе сабақтан тыс уақытта дені сау балалармен бірге жүре алатын жалпы білім беретін мектептің арнайы түзету сыныптарында оқыту саналады.
Бүгінгі таңда елдер арасынан заңнамасы неғұрлым жетілген Канада, Кипр, Дания, Исландия, Үндістан, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Африка, Испания, Швеция, Уганду, АҚШ және Ұлыбритания тәрізді елдерді бөліп көрсетуге болады.
Әр түрлі ел интеграцияға оның пайдасы, нәтижесі мен нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету сияқты ауқымды пікірталастардан кейін өз жолымен, көптеген қиындықтармен келді.
Білімдегі интеграциялау әлеуметтік-педагогикалық феномен-құбылыс болып, АҚШ-та және Батыс Еуропада 1970 жылдар тоғысында қалыптасты.
Алайда, бір-бірінен әлеуметтік, жыныстық, нәсілдік, діни және басқа да белгілері арқылы ажыратылатын жеке тұлғаларды бірге оқытудың алғышартының тамыры соғыстан кейінгі жылдары әлеуметтік жағдайға дейін кетеді.
Өзінің отандастарынан түрлі сипаттары арқылы ажыратылатын адамға деген қарым-қатынас, күйзеліс, адами ресурстарды аяусыз жою қоғам мен оның жекелеген өкілдерінің ой елегінен өткізуге ықпал етті.
Жеке адам мен оның өмірінің маңыздылыгын таныған қоғам дамуында ауытқуы бар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсете бастады
Әрбір мемлекеттің оның халқының мәдени-әлеуметтік ерекшеліктері және ұлттық менталитетін ескеретін, дамуында ауытқуы бар балаларға әлеуметтік-білім беруді интеграциялауды ұйымдастырудың өзіндік іс-тәжірибесі, өзіндік көзқарасы болады.
Алайда нормативтік-құқықтық база ретінде өзге елдің тәжірибелерін көзсіз көшіруге болмайтындығын анық түсінуге болады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту ұзақ мерзімді стратегиясы оны жүзеге асыру үшін кешенді тәсілді-реттілік, үздіксіздік, кезеңділік, ал ең бастысы, төзімділікті талап етеді.
Осы мағынада инклюзивті білім беру принциптері мен философиясы, мектептерде тікелей адамның қадір-қасиетін, жетістіктерін бағалайтын, әр баланың құқығын, жан-дүниесін танып, оны қанағаттандыратын «өзгеше» ашық қоғамдастық құруға дайын әр мұғалімнің жетістіктері болып қалыптасуы тиіс.
Қорытынды: Білім беру саласына қатысты «Бала құқықтары туралы» Конвенцияны қоса алғанда, халықаралық құжаттарда сапалы білім алу құқығына адами әлеуетті толықтай дамытуға ықпал ететін, абырой, бедел қадір-қасиет пен өзін-өзі құрметтеу және демократиялық қоғам өміріне тиімді атсалысу мүмкіндіктері кіретіндігі атап көрсетіледі.
Батыстық зерттеушілердің айтуынша, адам санасының өзгерісінің баяулығы, консерватизм, педагогтердің рефлекстік ойлау, талқылауға бейімсіздігі сияқты қоғамда инклюзивті үдерістерді іске асыруда кедергі келтіретін мәселелер бар.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, ең күрделі нәрсе – құндылықтарды өзгерту, яғни білім беру философиясын өзгерту «білімнен – білім беруге» одан әрі «білім беруді дамыту», мүмкіндігі шектеулі балаларды танудың әлеуметтік және кәсіби стереотиптерін жеңу, әрбір құндылық ортақ жетістіктер негізі болып танылатын, теңқұқылық идеяларымен бөлісетін және барлық қатысушылардың дамуын ынталандыратын қоғамдастық қалыптастыру болып табылады. Бұл бүкіл қоғамға және тікелей білім беру үдерісіне қатысушыларға қатысты болады.

2

Дәріс №5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет