Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары мен ұғымдары


Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі



бет2/11
Дата26.03.2023
өлшемі55,84 Kb.
#76295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге қосу үрдісі көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда білім беру саясатының жетекші бағыт-бағдары болып табылады және білім беру ұйымдарында осындай балалардың өздерінің құрдастарымен бірге оқыту процесінің табыстылығын көрсетеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектептегі білім беру процесіне қосу тәжірибесін жүйелік талдау арнайы білім беру ұйымдарының сараланған жүйесінің жұмыс істеуін сақтап қалуға мүмкіндік беретін әр түрлі үлгілердің бар екенін көрсетті. Алайда ерекше мұқтаждықтары бар балаларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз етудің ең көп сұранысқа ие үлгісі ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесінде инклюзивті білім беруді (қосу) дамыту болып табылады.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту ЕҚБ жалпы орта білім беру жүйесіне тарту арқылы, ЕҚБ бейімдеу арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, қазіргі заманғы қоғамның МШ жандарға деген қарым-қатынасын өзгерту мақсатында ықпал ету арқылы олардың өз кемшіліктерін жетістіктерге айналдыру қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі және әрбір азаматтың зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі (3 баптың 1,2 тармақтары) жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейтіні және іске асыратыны туралы білуіміз қажет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті. 4 бап).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданған уақыттан бастап (2007) қазіргі уақытқа дейін 48 өзгерістер мен қосымшалар енгізілді, бұл білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді көрнекі түрде көрсетеді. Егер Заңның 2011 жылғы мәтіні «білім алу үшін арнайы жағдайлар» деген анықтаманы қамтыса, ал инклюзивті білім беру оқытудың тиісті білім беру оқыту бағдарламаларына оқытылатын мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға өзге санаттармен бірдей қолжетімділікті қарастыратын бірлесе оқыту және тәрбиелеу, арнайы шарттарды қамтамасыз ету арқылы дамытуды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау ретінде анықталды, ал Заңға 2015 жылы енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес инклюзивті білім берудің түсінік аппараты халықаралық талаптарға сәйкес анағұрлым айқын бейне мен түсіндіруге ие болды. Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл барлық оқушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып білім беруде тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үдеріс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды оқыту үшін анағұрлым қолайлы тактика ретінде Халықаралық қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның маңызын едәуір дәрежеде аша түсті.
Заңның 2015 жылғы мәтінінде «ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар)» деген түсінік берілген – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар. Бұл тұрғыдан инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мекемелердің ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушылардың қамтылуын кеңейтуге мүмкіндігі бар, соның ішінде келесі санаттардағы мигрант-балалар, оралмандар, сонымен қатар қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындық көріп жүрген балалар, ауруханада немесе үйде ұзақ уақыт емделіп жүрген аурулары бар балалар, эмоциялық мәселелері бар балалар, қолайсыз отбасылардан шыққан балалар, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, зорлық-зомбылық көрген балалар, босқындар және т.б.сияқты оқушылардың сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ете алады.



1

Дәріс №3-4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет