Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары мен ұғымдары


Медициналық әлеуметтік-педагогикалық патронаж



бет9/11
Дата26.03.2023
өлшемі55,84 Kb.
#76295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Медициналық әлеуметтік-педагогикалық патронаж
Жалпы білім беру жағдайындағы әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттену тәсілдері қазіргі кезде әдістемелік тұрғыда толық қамтамасыз етілмеген, соған орай практикада да әлсіз жүзеге асырылады. Мамандар кей кезде бірін-бірі қайталайды, кейбір жағдайда олардың әрекеттері түзете дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді, ал кейбір жағдайда қайшы келеді.Сол себепті жалпы білім беру жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау идеясын жүзеге асыру мамандардың жұмыс командасын ұйымдастырмай, мамандардың атқарымдары нормативтік тұрғыда бөлінбей және бекітілмей мүмкін болмайды (Б қосымшасы). Командалық тәсілдемені қалыптастырудың негізгі бір мәселесіне жалпы білім беру үдерісіндегі әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттенуінің алгоритмін әзірлеу жатады. Мамандардың осындай өзара әрекеттенуі мүмкіндігі шектеулі баланың бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыруға, оның жанұясына, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына көмек көрсету қызметін ұйымдастыруға бағытталуы қажет. Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері: - команданың барлық мүшелері жағынан өзара сыйласымдылық, өзара түсіністік, адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары; - команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және олардың нақты педагогикалық міндетті шешуге қатысуының басымдылығын сақтау; - команданың барлық мүшелерінің түзету және оқу-тәрбие үдерісіне қатысуға тең құқықтығы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі. Қолдау қызметінің негізгі бағыттары:
- мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға қажеттілігін анықтау мақсатында, оларды кешенді тексеру;
- дене бітімінде, зерде және эмоциялық дамуында ауытқушылықтары, оқуда және мектепке бейімделу қиындықтары бар оқушыларды дер кезінде анықтау, қажет болған жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу;
- ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да психикалық атқарымдарда) бар оқушылардың танымдық әрекетінің даму деңгейі мен ерекшелігін анықтау, оқудағы табыстылықпен қамтамасыз ететін профилактикалық, түзету психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік саласы мен жеке тұлғалық дамуын зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сайма сай жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын топтық, топтық түзете дамыту жұмысын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру;
- жалпы және арнайы сынып жағдайындағы оқушыларға жекеше және сараланған тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу;
- дене тұрғысынан, зерде және эмоциялық күш түсу мен күйзелістің алдын алу, емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
- кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдаудың бағыттылығы, қарқыны және ұзақтығы анықталады. Жалпы білім беру мектебі оқушыға оның қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді қолдау оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет ететін оқушыларға көрсетіледі (жарты жылға дейін). Бұл кезде оқушы әдеттегі сыныпта жалпы білім беру бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқиды және аптасына бірнеше рет оқушының дамуының жеке ерекшелігін (сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер, эмоциялық-тұлғалық жетілмеуі) дамыту немесе өтемі бойынша мамандармен өткізетін жекеше немесе топтық сабақтарға барады. Орташа мерзімді қолдау арнайы дайындалған педагогтар мен мамандардың қарқынды қолдауын қажет ететін және дамуындағы ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты қиындықтарға кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес жалпы білім беру мектептеріндегі бұндай оқушылар үшін білім берудің бастапқы деңгейінде арнайы сынып жағдайындағы сараланған оқыту ұйымдастырылады. Бұл жағдайда ҚР БҒМ бекіткен арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқытудың арнайы әдіс-тәсілдері, техникалық құралдар мен жабдықтар пайдаланылады. Денсаулықты сақтаудың педагогикалық түзімімен қамтамасыз етіледі: ұзартылған күнді ұйымдастырумен бірінші аусымда оқиды. Оқушылармен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен дайындалған мұғалім жұмыс жүргізеді. Мамандармен жүргізелетін жекеше түзете дамыту сабақтары күннің екінші жартысында өтеді. Түзете дамыту сабақтарының түрлері, оларды өткізудің жиілігі арнайы оқу жоспарымен анықталады. Оқыту үдерісінде оқушыларға қатыстыжекеше және сараланған тәсілдеме жүзеге асырылады. Оқушыларды қолдаудың негізгі міндетіне МББС оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгерудегі және оқудағы қиындықтардың себебін жою жатады. Оқыту үдерісінде оқушыларға ұсынылатын талаптардың олардың даму деңгейіне, әлеуетті мүмкіндіктеріне
және оқытудың өткен кезеңдеріндегі оқуда қол жеткен жетістіктеріне сәйкестігін бақылауға бағытталған педагогикалық диагностика жүзеге асырылады. Арнайы сыныптың даму динамикасы жағымды және оқу бағдарламасын табысты меңгерген, дамуындағы артта қалушылықты жеңген және оқытудың кез-келген кезеңінде оқу әрекетінің қажетті дағдыларын меңгерген оқушыларын ПМПК шешімімен, оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының келісімімен әдеттегі сыныпқа көшіруге болады. Оқушылардың даму мәселелерін бастапқы сатыда жеңу мүмкін болса, онда олардың оқуын оқытудың келесі сатыларында да арнайы сынып жағдайында жалғастыруға болады. Бұл жағдайда оқушыларды ұзақ мерзімді қолдау жүзеге асырылады. Оқушылардың негізгі орта және жалпы орта білім алу кезеңінде пән бойынша стандартты оқу бағдарламалары ҚР МББС-ына сәйкес келетін негізгі мазмұнды сақтай отырып, оқушылардың білімді меңгеру ерекшеліктеріне сәйкес бейімделеді.
Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары ата-аналармен жұмысын ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланы оқытудағы және тәрбиелеудегі жанұяның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Баланың жанұясымен жұмыстың негізгі міндеттері:
- ата-аналарда өзінің баласына деген сәйкес қатынасты, оны жанұяда тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру;
- ата-аналарға баламен өзара әрекеттену тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
- ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысына белсенді тарту; - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру.
Ата-аналармен жұмыс жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне тартылады, сабаққа және түзету сабақтарына шақырылады, түзете дамыту және білім беру үдерісінің нәтижелері туралы шынайы және толық ақпарат алады.



1

Дәріс №14



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет