Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


Оқу материалын ұсынудың түрлі құралдары: жаратылыстану сабағында ОӘД-ны қолдану мысалы



бет5/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.2-ресурс

Оқу материалын ұсынудың түрлі құралдары: жаратылыстану сабағында ОӘД-ны қолдану мысалы.
Мұғалім мұхит толқындары туралы сабақтар топтамасын әзірлеп жатыр деп елестетіңіз. Оқу бағдарламасының мазмұндық бірлігінің бір бөлігі ретінде ол оқушыларға толқындар, жағаға ұрған толқындар, тосқауылдар, эрозия, мұхит түбінің еңісі, дауыл және цунами сияқты түйінді сөздердің мағынасын түсіндіруі керек. Ол оқушыларға толқындардың су мен энергияны қалай біріктіретінін көрсетіп, ауа-райының толқындардың әрекетіне қалай әсер ететінін түсінуге көмектесуі керек. Ол өз сабақтарын жоспарлау барысында оқу материалдарын дайындаған кезде, оқушылардың білім беру қажеттіліктерін ескеруді назарда ұстауы керек. Мұғалім оқудағы ықтимал кедергілерді алдын ала болжауы және осы кедергілердің алдын алу үшін икемді әдістерді белсенді түрде енгізуі керек.
Оқу материалын ұсынудың келесі тәсілдерін мысалға келтіруге болады:

  • Оқушылардың мұхит толқындары туралы бастапқы білім деңгейі әртүрлі болғандықтан, мұғалім бұл тақырыпты бірнеше түрлі жолмен ұсынуды жоспарлайды. Ол оқу материалын бастапқы білімі аз немесе мүлде жоқ оқушыларға шағын топтарда ұсынады және бүкіл сыныпқа сабақ басталар алдында бірнеше негізгі сөздерді таныстырып, кіріспе сабағын өткізеді.

  • Кейбір оқушыларға оқылым дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі мәтіндік материалдар беріледі. Мәтінмен таныспаған басқа оқушыларға көмектесу үшін кейбір оқушылар мәтіндік материалдың маңызды бөліктерін дауыстап оқиды немесе бұл мақсатта дауыстап оқу мүмкіндіктері бар цифрлық кітаптар пайдаланылады.

  • Тілдік қиындықтары бар оқушылар үшін тақырып бойынша түйінді сөздер мен ұғымдарды фотосуреттермен немесе сызбалармен сипаттайтын «сөздік» жасалады. Бұндай сөздік әр оқушыға беріледі.

  • Көптеген оқушылар оқу материалын кинестетикалық тәсіл арқылы жақсы қабылдай алады, сондықтан кіріспе сабақтың бір кезеңі толқынның пайда болуын және оның қалай үзілетінін имитациялау үшін ым мен дене қимылдарын қолдануды қамтиды. Мұғалім негізгі сөздердің мағынасын ым-ишара, дене қимылдары арқылы түсіндіреді.

  • Сыныпта интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, көптеген оқушылардың визуалды күшті жақтары мен жеке қажеттіліктеріне негіздеп, мұғалім нақты толқындардың мысалдарын көрсететін және әр түрлі толқындармен байланысты дыбыстарды оқушыларға тыңдауға мүмкіндік беретін бірнеше қысқа бейне роликтерді пайдалануды жоспарлайды. Егер бейнероликтерге оларды пайдалану жоспарланған күні қол жеткізу мүмкін болмаса, мұғалім әр түрлі суреттер мен жағаға соққан толқындардың магнитофон жазбасын пайдаланады. Мұғалім осы материалдардың барлығын бөлімді оқу барысында материалды түсінуге көмектесу мақсатында оқушылардың бірнеше қайталап көруіне мүмкіндік жасайды.

  • «Толқындар» бөлімі бойынша сабақтар топтамасын өту барысында әртүрлі қиындық деңгейіндегі материалды көру оқушыларға пайдалы. Мұғалім оқу материалын бөлікке бөліп оқу үшін, оқушыларды шағын топтарға бөледі. Мұғалім бір топқа, түсіну деңгейіне қарай энергия мен судың толқындар тудыруын бейнелейтін бірнеше суретті рет-ретімен көрсете отырып, түсіндіре алады. Басқа топтағы оқушылар ауа райының қолайсыз жағдайларының толқынның пайда болуына әсері туралы өз бетінше оқиды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет