ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ТАРТУДЫҢ ТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРЫ: БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ҚАТЫСУҒА МҮМКІНДІК БЕРУ
Барлық оқушыларды оқу процесіне тарту оқушының өз оқуында табысқа жетуі үшін маңызы зор. Оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасына назар аудару арқылы, сондай-ақ оқушының қиындық деңгейіне сәйкес оқу тапсырмаларын беру арқылы көптеген түрлі құралдарды қолдануға болады.
Оқушыларды оқу процесіне тартудың түрлі құралдары: мүмкіндік беру.
Оқушылар мектепке оқуға түрлі мотивациямен келеді. Кейбір оқушыларда ішкі мотивация болса, кейбіреулерінде сыртқы мотивация болады. Ал көптеген оқушыларда ішкі де, сыртқы да мотивациялар болады. Оқушылардың білім алуға қойған мақсаты әр түрлі болуы мүмкін: білім алу немесе жарқын болашаққа ұмтылу. Кейбір оқушыларға білім алу өзін-өзі тану үшін қажет болса, ал басқалары үшін отбасы жағдайын жақсартудың құралы болып табылады. Кейбір оқушылар оқудан рахат алады. Дегенмен мектепте оқу барысында кейбір оқушыларда қиындықтары туындайды. Бұл оқушылар үшін білім алу күнделікті тұрмыста өз отбасына көмектесуден маңызды болмауы мүмкін. Кейбір оқушылар үшін оқу материалы және оқу жоспары қиындық туғызуы мүмкін.
3.3-кестеде оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі тәсілдеріне шолу ұсынылған.
3.3-кесте. Проблемалар және мұғалім қолданатын стратегиялар.
Оқудағы қиындықтар
|
Мұғалім қолданатын стратегиялар
|
Оқушыларды сабақ тақырыбы қызықтырмайды.
|
Сабақ тақырыбы мен оқушы өмірі арасында байланыс орнату, оқушыларға тақырыптың немесе дағдылардың тәжірибеде қолданылуын көрсету, оқушылардың қызығушылықтарымен байланысты мысалдарды пайдалану.
|
Оқушылардың оқу әрекетіне қатысуға мотивациясы жоқ.
|
Сабақта іс-әрекетті таңдауға жағдай жасау, өзара оқу мүмкіндіктерін кеңейту, тиісті күрделілік деңгейінде оқу тапсырмаларын беру
|
Оқушылар сыныпта іс-әркетке қатысқысы келмейді.
|
Оқуға қатыстыру нұсқаларын ұсыну, оқушы оқуға қатыстыруда сабырлылық таныту, сыныптастар немесе шағын топтар арасында қатысуды ынталандыру.
|
Оқу процесіне тартудың көптеген құралдары – бұл оқушыларды оқу процесіне тартудың икемді жолдарын табуға бағытталған ОӘД тәсілі. Оқу процесіне көбірек тартылған балалар оқудың мәнін түсінеді және сабақ тақырыбына қатысы жоқ нәрселерге алаңдамайды. Белгілі бір тақырыптарға деген қызығушылық баланың отбасының мәдениетімен, алдыңғы жетістігімен, оқу стилімен немесе әртүрлі басқа факторлармен жанама түрде анықталуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесу үшін әртүрлі құралдарды ұсыну түрлі оқушылардың мақсатты түрде оқу процесіне қатысуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |