Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері



бет2/2
Дата01.10.2024
өлшемі5,64 Mb.
#146347
1   2
Байланысты:
stud.kz-38570

Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады. Аталған жобаның мақсаты ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемісітігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның Фламанд аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім беруді дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балабақшалар мен мектептерге интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды. Алайда, көптеген басқа елдермен салыстырғанда, интеграция үдерісін бастау туралы шешім, педагогтар мен ата-аналардың қысымының нәтижесінде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда болуымен қабылданды.

    • 1962 жылы АҚШ-та М.Рейнольдс мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру ағымына көбірек қатысуы қарастырылған арнайы білім беру бағдарламасын жариялады.
    • 1970 жылы американ ғалымы И.Дено «Каскад» моделін ұсынды. «Каскад» дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балалардың ортақ ағымда нәтижелі түрде қарым-қатынаста болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік педагогтық шаралар жүйесі
    • 1975 жылдан бастап АҚШ-та «Мүгедек балаларға білім беру» заңының қабылданып, білім беру саласындағы интеграцияны құқықтық негізде қойды.
    • 1981 жылы Англияның «Білім туралы» заңында М. Уорноктың ұсынысын ескере отырып, «мүгедек балалар» терминін «ерекше білімді қажет ететін» деген түсінікпен ауыстырылды.
    • АҚШ-тағы білім беру саясаты 2002 ж бастап «No Child behind Act» (Бірде бір бала заңнан тыс қалмайды) заңымен реттеледі, яғни барлық бала әлеуметтік статусына, тұратын жеріне, түр түсіне, этномәдениетіне қарамастан сапалы білім алуға құқылы.

Инклюзивті білім беру тарихи даму кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі көптеген кедергілерден, яғни жек көру позициясынан, осы категориядағы балаларды оқшалау жолынан өтіп, инклюзив позициясына жеткен. Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген идеологиясының қайта бағдарлануымен байланысты 18 ғасырдан бастап, жаңа заңдар, құжаттар қабылданып, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға құқық берілген.
Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамыту ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында жан-жақты қарастырылған . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен . Бүгінгі күні елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру туралы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Инклюзия қаншалықты оқу-тәрбие үдерісінде пайдалы, сау балалардың ата-аналарының инклюзивті білім беру туралы идеяны қабылдай алуы т.б. мәселелердің туындайтыны заңдылық. Инклюзивті білім беру мәселелерін зерттеу, келешекте инклюзивті білім беру идеясын жүргізуде бағасы жоқ көмек көрсетеді. Қортындылай келе, өмірге инклюзив идеясын енгізу, барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін, әрбір оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ететін педагогиканың және білім беру ұйымдарының міндеті деп есептейміз

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет