77.Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Түркістан автономиясы(мұхтариаты).1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын(Түркістан мұхтариаты) құру жөнінде шешім қабылдады. Автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М.Тынышбаев, кейін Мұстафа Шоқай басқарды. М.Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады. Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орталық Азия аумағында қлттық мемлекеттілікті құрудың алғашқы әрекеті қйғылы аяқталды.
1918 жылдың қаңтарында Қоқан қаласында Ташкенттен большевиктердің жазалаушы отряды жіберілді. Большевиктер сөз жүзінде әр ұлттың өзіндік таңдау құқығы болады деп айтса да. Іс жүзінде ешқандай да ұлттық-діни негіздегі құрылымдар құруға мүмкіндік бермеді. Жазалау шараларына армяндардың «Дашнакцутюн» саяси партиясының мүшелері де қатысты. Өзбек пен қазақтан тұратын екі мың сарбаз большевиктердің әскери күшіне қарсы тұра алмады. Қару-жарақ жетіспеді. Тәжірибелі офицерлер мен әскери дайындықтың жоқтығы анық байқалды. 1918 жылдың 29 қаңтарында жазалау отряды қаланы басып алып,тонады,жергілікті халықты қырғынға ұшыратты.Қаланы өртеп жіберді. 150 мыңдық қала халқының жартысы ғана тірі қалды,қалғаны қашты. 1918 жылдың 4-7 ақпан аралығында 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын өлтірілді.
Осылайша, Түркістан халқының еркімен құрылған алғашқы мемлекеттік құрылым өзінің жұмысын тоқтатты.
1918 жылы сәуірде Ресейден жіберілген большевиктердің басшылығымен құрамында Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР-інің астанасы Ташкент қаласы болды.
Мұстафа Шоқай естеліктері Мұстафа Шоқай 1918 жылдың сәуірінде Мария Горинаға үйленгеннен кейін Ташкент¬ке өзінен 15 жас үлкен ағасы Сыздық келеді. Әсілі үйде келіні болмаса керек. Інісінің үстелі үстіндегі оның суретін көріп: «Әйелің ғой, ә?» деп сұрайды. Інісі құптағаннан соң мақұлдағандай бас изеп, бақыт тілейді. Қоштасарда інісіне бұрылып: «Сенің дұшпаның көбейіп барады, Құдай қаласа, әйелің саған нағыз дос болар» деген еді. Мария Шоқай Мұстафаның басына түскен талай тағдырлы тірлікте қасында болды. Ері күлсе қуанды, уайымдаса қайғырды. Жары қайтқаннан кейін де бұл сенімді толық ақтады.