«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші басылым) 2012ж
2.
Биология анықтамалығы (2012ж №4)
3. М.М.Жанпейісова «Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» 2006ж
4. С.С.Мирсейітова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» 2011ж
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
 №114 орта мектептің математика
 пәні мұғалімі А.Акимова 
17 қаңтар — қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Елбасы Қазақстан халқына жаңа «Қазақстан
жолы   —   2050:   Бір   мақсат,   бір   мүдде,   бір   болашақ»   Жолдауын   жолдады.   Жолдаудағы   Нұрсұлтан

Әбішұлының әрбір сөзі жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, біздің болашаққа деген сенімімізді
еселей түсті.
«Қазақстан   2050   стратегиясы»   болашақта   бізге   жол   көрсетер   бағытымыз   екенін   барлық   жастар
біледі. Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат. Көздеген мақсатқа жету үшін
қандай   қадамдар   жасайтынымыз   бізді   қатты   ойландырады.   Жастардың   қосар   үлесі   мол.   Бізді
қуантатын   жағдай   ол  –  халқымыздың   әлеуметтік   жағдайының   жақсарғандығы,   ол   Елбасымыздың
халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы. Қазір өрлеу жолында болғандықтан,  дамыған 30 елдің
қатарына кіру бәсекелесі — басты мақсат.
Жаңа   Қазақстанның болашағы  — біздің қолымызда!   Біздің бойымыздағы  патриоттық  рух  Отанға
деген   құрмет   сезімімізді   оятып,   әр   жастың   бойына   жігер   береді.   Біз   Болашақ   жастары   осы
міндеттерімізді атқаруды бір сәтте естен шығарған емеспіз.  Елбасымыздың «Мәңгілік ел» қатарынан
Қазақстанның өшпес орнын табу Елбасымыздың   дұрыс саяси бағытына байланысты. Елдігіміз бен
бірлігіміз   шыңдалған   бұл   шақта   Қазақстанды   мәңгілік   ел   болып   қалуына   өз   үлесімізді   қосамыз.
Сонымен   қатар   дамушы   елдер   қатарынан   инновациялық   технологияларды   қолдана   алатын   жаңа
Қазақстан   құрамыз. Бұл жолдау біз үшін жүрегімізде үміт отын жандырды.Елбасы өз Жолдауында
студенттердің шәкіртақысы және білім қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі жайлы айтты. Яғни,
білім және ғылымға аса зор көңіл бөлді.
ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін 
біз не істеуіміз керек?
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім 
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай 
Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар 
ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік 
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін 
білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға 
тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. 
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау 
қалыптасуда. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі құрылып, әлемдік білім беру кеңістігіне 
енуге үлкен қадамдар жасалуда. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген 
анағұрлым танымал білім беру әдістері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл 
кең тарап отыр. 
Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы 
түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара 
әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделіп отыр.
XXI ғасырдың өзінде ақ білім берудің мақсаттары мен міндеттері түбегейлі өзгеруде, себебі 
ақпараттың көптігі, оқушылардың жүктемесінің артуы, осы тұрғыда педагогтің міндеті білімді 
қосындылау емес, оқушыларды осы білімді өздігінен игеретіндей қабілеттерді меңгерту болып 
табылады. Жаһандану заманында сындарлы оқытудың тәсілдерін ұтымды қолдана білу оң нәтиже 
бермек. 
Сындарлы көзқарас қалыптастыру арқылы ақпараттарды өңдеу, сұрыптау, жіктеу, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын, маңыздылығы мен құндылығын  негіздеу, факторлар мен аспектілердің негізгі 
тұжырымдарын анықтауды меңгердік. 
Оқыту үдерісінің табысты болуы оқушылардың оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім 
дағдылары аясында жүзеге асады. Әр сабақ барысында жеті модуль қамтылып отыруы қажет. Оқыту 
барысында өздігінен білім алуға , білімдерін қолдануға , ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға 
оқушының өзі іс-әрекет жасауына, ұмтылуына бағыт бағдар беру көзделеді. Сабақ бойы 
оқушылардың барлығы дерлік іс-әрекет үстінде, жұмыс жасап, іздену үстінде болады. Сабақты 
жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелеу көзделеді. 
Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық 
сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық-
коммуникациялық технологияны жиі қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттырды және 
интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыланды. 
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, 
оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. 

Әр сабақта ғаламтор, электронды почта, электронды оқулық , ғаламдық ақпарат жүйесін пайдаланған 
тиімді.  Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарды сабақ кезеңдерінде 
пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
2. Танымдық қабілетін қалыптастырады;
3. Этнопедагогикалық тәрбие береді;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді;
6. Оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;
Математика-барлық ғылымдардың логикалық негізі-күре тамыры ретінде қарастырылады. 
Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі 
мәселелерінің бірі. Көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін
дамыту үшін сабақта әр түрлі , жан-жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы 
үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс .
Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып құру-бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі
бағалаулары үшін де тиімді болмақ.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл 
бөлемін. Топта жұмыс жасауда оқушылар бір-бірінің ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында
жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды.бір-бірінің жұмыын мұқият тыңдауға үйренді. 
Осындай  топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болатынына 
сенемін. 
Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Математика нақты 
дәлелдермен тұжырымдалатын ғылым болғандықтан, ондағы амалдарды қолдану да дәлелді 
шешімдерге негізделген. Әсіресе Блум таксономиясына негіздей отырып тапсырма маңызын арттыру 
оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгені туралы ақпарат алуыма көп көмектесті.
Алған білімді өмірде қолдана білу-бұл математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтап, жас 
тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе білуіне үлкен әсер етеді. Мұны әрбір сабақта жүзеге асыру үшін
көптеген жұмыстар атқару қажет.
Мысалы төменгі сыныптарда «ас бөлмесінің ауданын өлше», жоғрғы сыныпта «құрылыста бөлме 
диагоналін есепте» т.с.с. қолданысқа қажетті, өмірге пайдалы білік пен дағдыларды сіңдіріп отырған 
дұрыс. 
Жасөспірімдердің   ойлау   қабілетін   арттырып,   шығармашылықпен   жұмыс   істеуін   қамтамасыз   ету,
логикасын   дамыту   жолында   түрлі   математикалық   ойындар   мен   жұмбақтар,   қызықты   сұрақтар,
таңғажайыптар мен жаңалықтардың орны бөлек.  Әрбір сабақтың мотивациялық кезеңінде логикалық
есептер, қызықты есептерді де бірлесе отырып шешуге үйретемін. Әр оқушының шешу процессіне
атсалысып,   қаймықпай   кірісе   білуіне   ықпал   жасаймын.   Қай   шаруаны   болсын   өте   қарапайым
дүниеден бастап, қиынға қарай жетелеп, адым сайын күрделіге қадам басуға үйретемін.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бойынша тәжірибемдегі ізденістерді жалғастыра отырып, келешекте 
мынадай қағидаларды ұстануды ұсынар едім:
* Тапсырмадағы сұрақтардың маңыздылығын арттыру;
* Көзбен көретін және ауызша айғақтардың тиімділігін пайдалану;
* Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу;
* Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірдегі өз тәжірибесімен 
байланыстыру;
* Өз тәжірибемдегі маңыздыны айыра білу және қиындықтарды мойындау;
* Кездескен қиындықтармен жүйелі жұмыс жүргізіп, шешу жолдарын іздеу;
* Өз қызметіме сыни көзқараста болу;
* Кез келген тұжырымды ұсынарда нақты дәлелдерге сүйену.
Елбасы   аса   көрегенділікпен,   жастарды   қолдады,   сенім   артты,   жастар   үшін   «Қазақстан   –   2050»
стратегиясын жасады. Біз жастар – қашанда ел көшін алға бастауда, Елбасымен біргеміз! Жастар
болашаққа бастайтын ең басты күш екені – бізді алға ұмтылдырады. Биылғы Жолдауда жастарға зор
сенім артылды, сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Мәңгілік елмен бірге – жарқын
болашаққа бірге қадам басайық!
 ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы  Сырдария ауданы

Шаған ауылы №37 орта мектеп
Әлайдар Айжан Кенесарықызы
ІІІ денгейлі ағылшын тілі  мұғалімі
Сыныбы:  6 «А»
Сабақтың тақырыбы:   Sightseeing
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу : Лондон және Астана қалалары туралы мәтіндердегі жаңа сөздердің қазақша аудармасын білу
Түсіну: «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың ашылуы, Лондон және Астана туралы мәтінді 
оқып, түсіну
Қолдану: Алынған мәліметтерді «Венн диаграммасын» толтырғанда тиімді қолдану
Талдау:Мәтіндерге байланысты ашық сұрақтарды талдау
Жинақтау: Мәтінге байланысты жаттығулар орындап, ойды жинақтау
Бағалау: Лондон және Астана қалаларына байланысты «Бес жолды өлең» жазып, кері байланыс 
жүргізу
Сабақтың 
мақсаты:
1.Оқушыларға Қазақстанның астанасы Астана қаласы және Ұлыбританияның 
астанасы Лондон қаласы туралы кеңінен мәлімет беру. Сабақ мазмұнына 
байланысты еркін сөйлеу арқылы бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. 
Мәтіннің мазмұнын ашқызу. Оқулық бойынша жаттығу жұмыстарын 
орындатқызу.Мәтінмен және сөздікпен жұмыс жасату. 
2.   Білімін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуге, ойын
жинақтап, жүйелі көркем сөйлеуге қалыптастыру.
3.   Бірін   –   бірі   сыйлауға,   қадірлеуге,   құрметтеуге   үйрету.     Ақылдылыққа,
білімділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Негізгі 
идеялар:
Сабақ барысында оқушылар жаңа әдіс – тәсілдер арқылы   сабақты түсіну, оқушы
бағаны алуда өз- өзін  талдауға үйренуін және оқушының зерттеу ізденісін дамыту,
шығармашылығын әрі қарай шыңдай беруіне ықпал туғызу.
Күтілетін 
нәтиже:
Оқушылардың     тақырыпты   игере   отырып,     сыныпта     оқушының   топпен   және
жұппен   жұмыс   жасау   дағдысын   қалыптастырады,   сыни   ойлауын   дамытады,
белсенділігі   төмен   оқушылардың   ынтасын   арттады,   талдау   жасау   икемділігін
арттады.
Қолданылат
ын әдіс-
тәсілдер:
«Блум таксономиясы, екі жұлдыз, бір тілек , «Сурет қиындыларын құрастыру» әдісі
бойынша   топқа   бөлу,   АКТ     құралдарын   сергіту   сәтінде,   сабақ   презентациясын
көрсетуде   қолдану,   «ЖИГСО»,«Миға   шабуыл»,   «Галлереяға   саяхат»,   «Венн
диаграммасы»,  «Бес жолды өлең», топтастыру (ассоциация)
Көрнекі 
құралдар:
АКТ     құралдарын   сергіту   сәтінде,   сабақ   презентацияларын   көрсетуде   қолдану.
Постер, түрлі- түсті маркерлер, стикерлер, кестелер жазылған парақтар, оқулық.  
Мұғалімнің   іс -әрекеті
Оқушылардың  іс-әрекеті
Сабақ барысы:
   Оқушылармен сәлемдесіп, журнал бойынша
оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән
беру, оқушы назарын сабаққа аудару.
 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
(1 минут).
Оқушылар   мұғаліммен   сәлемдесіп,   сабаққа
дайындық жасайды. 
Оқушылар шаттық  шеңберінде  тұрып,  бір-біріне
жақсы тілектер айтады.
  Оқушыларды     «Сурет   қиындыларын
құрастыру» әдісі бойынша топтарға бөлу.
(1 минут).
Оқушылар арқылы топтарға бірлеседі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Learn the new words by heart .
Bring   the   pictures   of   Astana   and   London   (5
минут).
Оқушылар   сурет   арқылы   жаңа   сөздерді   еске
түсіреді. Әкелген суреттерден көрме жасайды. 
Топтық жұмыс (мәтін бойынша).  (35 минут)- 1 мод.-ОмОЖТ, диалогтық оқыту,3 мод.-ОүБ , 2 мод.-
СТОү

Білу 
Pre-reading task
Ex 4. Study the new words. Pay 
attention to the pronunciation. 
Ex 5. Complete the sentences with the 
words from exercise 4.
Оқушылар жаңа сөздерді меңгереді.
Жаттығудағы сөйлемдерді аяқтайды.
Түсін
у 
 Brainstorming activity.
Ex 6. Look at the photographs on pages 
24-25 and answer the questions.
1. Where are they?
2. Do you know any of its famous 
buildings and monuments?
3. Why is this city famous?
4. What is your opinion of big cities? 
Work with texts (Jig-saw reading)
Ex 7. Work in two groups.
Group A.  Read about London.
Group B. Read about Astana.
Оқушылар   бір   –   бірін   тыңдай   отырып,   ашық
сұрақтар арқылы өз ойларын айту.
1.P1: It is in England
P2: It is in Kazakhstan.
2.P3 London: Big Ben, The river Thames
P4:   Astana   :   Baiterek,   Khan   Shatyr,   Duman
centre,mosque Aziret- Sultan
3. P5: London is the capital of GB.
P6: Astana is the capital of Kazakhstan.
4.P7: Most of them are not very wide. There are  a lot
of cinemas, theatres and museums.
Оқушылар   мәтінді   оқып,   аударады,   талқылайды
( слайд –шоу жасайды).
Қолда
ну 
Сергіт
у сәті
 Complete the Venn’s diagram.
Ex 11. Compare the two cities. Find 
similarities and differences.
Оқушылар әр түрлі физикалық 
жаттығулар жасайды.
London
Both
It lies on the river
Thames.
They are both big.
Оқушылар Вен диаграммасын толтырады. Әр топ
өздеріне берілген қала туралы жазады. Топ болып
қорғайды және ортақ нәрселерді табады.
Талда
у 
 Comprehension check.
What are the popular buildings?
What is the name of its river?
Оқушылар бір- біріне сұрақ қояды.
P1: London is famous for its historic   buildings St.
Paul’s Cathedral, the Houses of Parliament and Big
Ben.
P2: Astana is famous  for its modern buildings.
Жина
қтау 
Writing (Work with interactive 
board).
Ex 12. Complete the sentences  with the 
words from the texts.
 Оқушылар жаттығулар орындайды.
There   is   no   underground   in   Astana.   The   main
transport is buses.
I don’t want to live in the centre because it is noisy
and crowded.
Бағала
у 
Cinquain :”Astana”,” London”
Оқушылар бес жолды өлең жазады
London
Old, famous
To visit, to show, be famous for
London is the capital of England.
Capital
Astana
Modern, young
To visit,  be famous for, prosper
Astana is the capital of Kazakhstan.
Capital 
Үйге тапсырма:  Eх 13. Write about your village 
at home (1 минут). 
Бағалау.  Оқушылар екі жұлдыз, бір тілек жазады. 
(2 минут).
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҮЙРЕТУ 

Елеусинова У.М. №126 орта мектебінің II санатты 
математика пәнінің мұғалімі
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты мазмұны терең, бағдары айқын, стратегиялық
маңызы ерекше Жолдауын жариялады. Президенттің өзі айтқандай, мықты мемлекеттің жоспарлау
саясатымен,   ұзақ   мерзімді   дамуымен   және   экономиялық   өсуімен   ерекшеленетінін   ескерсек,   бұл
жолдаудың мән маңызы, берері арта түседі.
Елбасы Жолдауында жаңа саяси бағыттарға орын беріп, жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы 
Қазақстанның жаңа келбетін жасады. Қуатты да табысты мемлекеттің қай жағынан алғанда да өресі 
биік, мәртебесі үстем болатындығын айғақтады.
Елбасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктеріміз 
бен қазақстандық даму үлгісін ұсынды. Елбасы жолдауындағы тағы бір маңызды көтерілген тақырып,
ол – білім мәселесі. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп 
жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді
қалыптастыру.
    Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың 
белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің негізгі 
мақсаты – сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, ақпарат және техникалық құралдарды 
пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын 
қалыптастыру.
 Білім берудегі  ескі мазмұнның орнына  жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі 
обьект- субектілі педагокикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде,
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда 
педагокикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының 
тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
  Жаңа білім пардигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын  емес, оның тұлғасын
білім алу арқылы дамуын қойып отыр.\МОТ оқушыны дамыту құралы ретінде, 4-бет\
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда,оқу бар 
бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы 
ойлануға да қабілетті.. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды да тану 
да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, 
кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға 
болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
-
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
-
жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
-
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
-
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.  \МАН,32-бет\  
  Сабақтың негізгі мақсатында балалардың өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы 
мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқара алатын, өзін өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын
зерттеу. Нәтижесінде біз танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйреніп, өзін - өзі 
реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделеу.
 Менің зерттеу барысында байқағаным, кез - келген оқушыға сенім артып, өзіне өзі сенетіндей жағдай
жасаса, ол қандай жағдай болмасын күресіп, жеңіп шығады. Ол үшін, балалар оқу мен оқытудың 
маңыздылығын айқындап, өз пікірлерін жеткізгеннен кейін өзін – өзі реттеуге күш жұмсайтыны 
байқалады.

         1-сурет                                      2-сурет
Інжу ыстық орындықта                  Мұғаліммен оқушының арасында диалог 
Білім жүйесі өмірімдегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал оқу 
процесіндегі дәстүрлі  әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтыны түсінікті жайт. Бүгінгі 
уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми
жетістіктерді еңгізуді талап етеді.
   Математика мұғалімдерінің педагокикалық жұмыстарына қойылатын талаптарының  басқа пәндер 
мұғалімдерінің жұмысына қойылатын талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының 
мақсаттылығын күшейтіп, сабаққа және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды 
ұйымдастыруна мүмкіндік туғызады.
   Тәрбие процесін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет 
істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз 
ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы 
жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Үздіксіз іздену – бүгінде 
мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі.       
   Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер 
мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын 
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. 
Зертеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарыммен бірігіп жүргізілген 
жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.\МАН-39 
бет\
   Осы курсты оқымай тұрып дәстүрлі сабақ беру жүйесі туралы мен көп ойланатынмын, мұғалім емес
ендігі жерде оқушыларды қозғалысқа, ойлануға түсіретін қандай да бір әдістің керектігін. Мен сабақ 
беру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты пайдалананып, бірақ оны бір әдіс деп 
қабылдаған жоқпын. Әрі үлкен маңызы бар екенін ескермеппін. Мен математикадан бергендіктен, 
көбірек есептер шығартуға көңіл бөлетінмін. Сондықтан енді мүмкіндігінше көбірек диалогты 
пайдалануға тырысамын. 
    Мен өз тәжірибеме сүйене отырып  монолог пен диалогтың айырмасы бар екенің байқадым. Менің
түйгенім   сабақты   монолог   етіп,   түгін   қалдырмай   айтуға   қабілетті   оқушыны   да   жалықтырады.
Сондықтан да сабақты диалог етіп жүргізген дұрыс, оқушылар   көп білім алатындай етіп жүргізу
керек. Әр топтағы өзара әңгімелесу барысында  көптеген оқушылар жақсы идеялар айта алады. Бірақ
тыңдай білудің өзі, оған шыдамдылық   керектігін оқушылар оны толық түсінген жоқ. Ал тыңдай
білуге   үйренсе,   онда   сен   де   тіпті   нашар   түсіндіретіндердің   өзінен   жақсы   бір   пікір   тыңдайсың.
Балалардан жақсы жауап алғым келсе, дұрыс сұрақтар қоюға тиіспін. Оқушыларға бір-біріне дөрекі
сөйлеспеуге, яғни айтқан сөзің қандай болса, еститін жауабың да сондай болмақ деймін және ақылды
болғың келсе,   орнымен сұрауға, көңіл қойып тыңдауға, байсалды түрде жауап беруге және басқа
айтар ештеңең жоқ кезде сөйлеуді доғаруға үйренуге шақырамын.  Мектеп тәжірибиесінде   өзімнің
байқағаным   диалогтік   оқыту   барысында   оқушылар   сол   сұрақ   барысында   тек   бір   ғана   жауаппен
шектеліп қалмайды екен. Ол жерде оқушылар сұраққа жан-жақты жауап берумен қатар өз ой-пікірін
айтады, сол сұрақ барысында топта,   жұпта талдап,   жіктеп және сол сұраққа баға бере отырып,
қазіргі   қоғамдағы   әлеуметтік   маңыздылығын   айтады.     Сонымен   қатар   бұл   диалогтік   оқытудың
маңыздылығы   сұраққа   жауап   беру   барысында   оқушылар   ойланады,     ізденеді,   бір-бірінің   пікірін
тыңдау арқылы сыйластығы,   бір-бірімен санасуы артады. Мысалға алатын болсам, өзімнің №126
орта мектебімдегі 22 қазан күні 5 сыныпта математика пәнінен бірінші сабағымды өттім. Сабақтың
тақырыбы: Щеңбер. Дөнгелек . Топты санамақ арқылы үш топқа бөлдім. Сөйтіп балалар 1,2,3- деп үш

топқа бөлінді. Оқушыларға сабақтың мақсаттарын айтып өттім.  Сабақтың   мақсаты  оқушылардың
щеңбер, дөнгелек, диаметр, радиус,    доға туралы түсініктерін қалыптастыру. Дөнгелекті тұтас дене
ретінде   «1бүтін»   деп   қабылдауға   дағдыландыру.Оқушылардың   өз   білімдеріне   деген   сыни
көзқарастарын дамыту. Өзін – өзі бағалауға үйрету болып табылады. Сондықтан бастауыш сыныпта
алған   білімдерің   ұштастыра   отырып,   оқушыларға   сабақ   барысында   осы   жаңадан   түсініктерің
қалыптастырдым.   Сыныпты   түгендегеннен   кейін,   жаңадан   әдістерді   қолдануға   тырыстым.   Сабақ
барысында   мынадай   әдістерді   қолдандым:  «ыстық   орындық»,   жұптық   жұмыс,   топтық   жұмыс,
диалогтық   оқыту,   АКТ   көмегіне   жүгіну,   ассоциация   әдісі,   формативті   бағалау.   Сабақтың   кезінде
оқушыларым таң қалды. Өйткені сабақтың барысында мен оқушыларға осы тақырыпты жұптасып,
талқылағаннан   кейін   әр   топтан   бір   оқушыдан   шығып   ыстық   орындыққа   отырып   қорғады.
Оқушыларымыз   сабақты   отырып   айтуға   болады   екен   ғой   деп   таң   қалды.   Осы   курсқа   дейінгі
сабақтарымызда   тек   қана   мұғалім   сөйлегеніне,   бағыт   бағдар   бергеніне   оқушылар   үйренген.
Мұғаліммен оқушының арасында диалог жүргіздім.  Оқушылардың щеңбер, дөнгелек,диаметр,радиус
доға туралы түсініктерін қалыптастыруға тырыстым. Көбінесе жабық сұрақтар бердім.
    Мұғалім  -Тақтаға қандай фигура сызылған? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет