«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»


Топтың жұмысын бағалау критерийлері



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Топтың жұмысын бағалау критерийлері
№ топ. 
Тақырыпты
баяндаудың
жүйелігі
Тақарыпты
баяндаудағы
реттілік 
Тақырыпты
баяндаудағы
уақыт
Басқа топтардың
толықтыруы
Топтың
ұйымшылдығы

  
  
  
  
  
II 
  
  
  
  
  
III 
  
  
  
  
  
IV 
  
  
  
  
  
Биология сабағында үй тапсырмасын тексеру  бойынша топтық жұмыс мысалы
Уақыты 15 мин.
Әр топқа 4 түрлі карточка беріледі, егер топта 4 оқушы болса.
Әр оқушы бір карточканы толтырады, мұғалімнің айтуымен  топ мүшелері карточкаларын 
алмастырады.Алған карточкаларының қатесін түзетеді немесе толықтырады.
Мысалы карточка 1.
Биологиялық диктант.
Тыныс алу жүйесіне – мұрын,жұтқыншақ,көмекей,..., кеңірдек...., бронхылар, .... , өкпелер жатады.Иіс
сезу жүйкелерінің ұштары ... орналасады. ... әрі тыныс алу ,әрі асқорыту жүйесінің мүшесі.
Карточка 2 
Мына ұғымдарға анықтама беріңдер.
Көмекей -  
Кеңірдек –
Өкпе – 
Ауа тамырлары – 
Карточка 3
Тынысалу мүшелерін ретімен орналастырыңдар.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар бірімен –бірі сөйлеспейді, олар уақыттың тапшылығын 
түсінеді.Оқушылар өздерін бағалай алады,қателесуден қорықпайды.
Топтық жұмыстың артықшылығы:
Топта қызу талқыланудың болуы. Оқушылар алған білімдерін пайдаланады.
Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бірін-бірі оқытады,жақын арадағы даму аймағы жүреді.
Оқушылар әңгімелесу арқылы ой-пайымдарының негізін құрып,мәнін ұғады,сыни тұрғыдан ойлауы 
жүзеге асады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алиева Акжан Абилдаевна
№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің 
биология пәні мұғалімі  Сырдария ауданы
Биология  сабағында «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану» модулін пайдалану
Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң -
үйренемін»   демекші   қазіргі     таңда  
   "Оқыту   мен   оқуда   ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды   қолдану"       қажеттілігі     басым.   Сондықтан     заман     талабына   сай   ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды   пайдалануға   назар   аударуымыз   қажет. Қазіргі   білім   беру
жағдайында  электронды  құрал-жабдықтарға  негізделген ақпараттық-қатынастық  технологияларды ,
сандық     білім     қорының     біртұтас   жиынтығын,     интерактивті     тақта     мен     ғаламтор     желісі
мүмкіндіктерін,   т.б.   пайдаланбай,   солардың    көмегіне     сүйенбей    сабақ     беру    мүмкін    емес-деп
ойлаймын.   Сондықтан   АҚТ-ны   бүгінгі заманның орасан  зор  жетістігі  ретінде  биология  пәнінің
сабақтарында  да пайдалану маңызды және өзекті  мәселе.  
«Үш   білім   саласының   қиылысу   ортасында   Технологиялық,   педагогикалық   және   мазмұндық   білім
(ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың
айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда
жоспарлау   үдерісі   пәннің   ерекше   білімдерін   оқушылар   қалай   түсінетінін   біле   отырып,   осы
білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек» (МАН, 65 бет). 
Мишра және Кёлердің пайымдауында білімнің осы үш саласын біріктіре білген қабілетті мұғалім –
жоғары деңгейлі мұғалім деп айтқан. Сондықтан мұғалім тек өз пәнін жетік білуден басқа, педагогика
және   психология   ғылымдарын  қазіргі   заманғы   ақпараттық   технологиямен   ұштастыра   білуі   қажет.
Мұғалім оқушы бойына ынталандырушылық қасиетін дамытуда ақпараттық сауатты болу, ақпаратты
таба білу, бағалай білу, қажеттілігін сезінуді, содан кейін тиімді қолдану кезінде қауіпсіздік сақтай
білуге жетелеуі қажет болып отыр.
«Балалар   күннен-күнге   қолжетімділік   артып   келе   жатқан   анағұрлым   кең   коммуникациялық
үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу
дағдыларын дамытуы керек. (Вульв, Александр, 2008).» (МАН, 51 бет). Оқыту мен оқуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту
керек. 
Орта   мерзімді   жоспар   құру   кезінде   мақсатым   ақпараттық-коммуникациялық   технологияларды
қолдану арқылы оқушылар бойында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатта
сынып оқушылары арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Оқушы бойында
бірін-бірі тану, түсінуді басты назарға ала отырып «Пилот-штурман», жұптық бөліну ұйымдастыру
үшін «Ақпараттық ақаулық» әдісін, сурет қиындысы, түрлі- шарларға сандар, әріптер,   фигуралар
салынған ақ қағазды шиыршықтап шарға салып, үрлеп топқа бөлу, қайта топтастыру жұмыстарын
жүргіздім. Осы кезде бір-бірімен ортақ ештеңесі жоқ деп ойлайтын оқушылардың басқа әрекеттерін
байқадым. 
Мен   дәстүрлі   сабақ   өту   барысында   мұғалім   қанша   түсіндірсе,   оқушы   соны   біліп,   ұғады   деген
қағидамен жүргенмін. Бірақ қағиданың дұрыс еместігін, оқушы өзі оқыса, өзі зерттеу жұмыстарын
жүргізген жағдайда білім алатындарын түсіндім. Бұрын барлық оқушыға бірдей тапсырма беретінмін.
Тапсырма жауабын жазу кезінде бір-бірінен жасыру арқылы тек мұғалім ғана оқиды деген қағида
ұстанды. Жаңа технология арқылы оқы кезінде оқушыға жеке тапсырма беріледі, бірақ түсінбеген
жерде бір-біріне көмектесу арқылы оқу керек екендігін түсініп, оқушыларға айтып өттім.  
Сабақ   барысында     «дейін,   кейін»   рефлексиясын   толтыру   үшін   мынадай   сұрақ   қойдым.   «Жұмбақ
шешкенді ұнатасыңдар ма?»,-деген сұрақ қойдым. «Бізге жұмбақ   шешкен   ұнайды, себебі біздің
ойлау қабілетіміздің жақсы дамуына жұмбақтар жақсы әсер етеді», - деп айтқан болатын. Интернет
қызметінен   тақырыпқа   сәйкес   жұмбақтарды   көшіріп   алып   презентация   жасауға   пайдаландым.
Жұмбаққа   сай   суреттер     көрсете   отырып   сұрақтар   қойып,   «мұғалім   –   оқушы»   арасында   қарым-
қатынас   жасау   кезінде   мұғалімдердер   оқушының   ЖАДА   аймағын   көтеруге   ықпал   жасайтынын
байқадым.
АКТ арқылы талқылау мен талдау арқылы диалогтық қарым-қатынас жүргізу арқылы сыни тұрғыдан
ойлауға дағдыланады. Сұрақтар қою кезінде оқушыларға мұғалімдер ақпарат көзі болу шарт емес,
мұғалім оқушылардан ақпаратты қайдан? қалай? іздеуге болатындығын бағыт-бағдар беру арқылы
сыни тұрғыдан ойлауға талпындырады.  Мысалы, биология сабағында әр түрлі  тамыр  түрлерін алып
келіп көрсетуге болады. Енді дәл осындай бір көрсететін жайт жеуге жарамды тамырлар және  жеуге
болмайтын   тамырлар   болатындығын   білгізу..   Сондай-ақ   сыныпта   орындауға   болатын   жаттығуды
оқушыларға орындату арқылы мектеп немесе үй жағдайында орындауға болатын тәжірибелер беруге
болады.
Сабақ   барысында   АКТ   -ны   пайдалану   арқылы   жаңа   материалды   меңгеру   дәрежесін   бағалауға
мүмкіндік береді. Бірақ сұрақ барлық оқушыға бірдей қойылғанымен, кейбір оқушы жауап бермей,
тыңдап отырумен шектеледі. Бұл сыныпта үнсіз оқушыларды көбейтеді. Сұрақтар жалпы қойылмай
жеке-жеке қойылуды алдағы уақытта жүзеге асыруға қолданамын.
Оқушылар  электрондық   оқулықты   көрсету   барысында   теориялық   білімді   практика   жүзінде   қалай
қолдануға болатындығын көреді. Бұл оқушылардың білімді тек лекция түрінде таныспай, визуалды

құралдар көру арқылы дамытады. Визуалды бейнелер есте сақтау қабілетін жақсы дамытуға үлес
ұосады.   Сабақ   барысында   жұлмаса   көре   алмайтын   ,   тамырдың   түрлері,   типтерінің   суреттерін,
айырмашылығын ажырата білгізу  үшін көрсету қажет. 
   
Жаңа   сабақ   барысында   қолданған   «Джигсо»,   «Пилот,   штурман»,   «6-ойлау   телпегі»,   аяқталмаған
тезис» әдістері болатын, осымен   қоса сабақ барысында постер қорғау ұсынылды. Постер қорғау
кезінде   оқушылардың   сөйлеу   қабілетін   ашу,   жүйелі   сөйлеуге   үйрену   арқылы   оқушы   бойында
сенімділікті   оятып,   көшбасшылық   қасиеттін   дамытады.   Оқушылар   дайындалып,   өзара   түсіндіру
жұмыстарын жүргізді. Постер құру кезінде  оқушыларда мынадай сұрақтар қойды:
Не жазамыз?
Немен саламыз?
Сурет салсақ болады ма? Өздері оқып болған соң түсіндіреміз деп бір-бірінен ақылдасып, постерге
сурет сала бастады. 
Топтар   түсіндіріп   болғаннан   кейін   оқушылар   бір-біріне   сұрақтар   қоя   бастады.   «Джигсо»   ойыны
кезінде   постер  қорғауда   оқушыларға   «Екі   жұлдыз,   бір  тілек»  арқылы  бағалау  жүргіздім.  Бұл
бағалау түрі оқушыларға таныс болмағандықтан бірінші өзім айтуды жөн көрдім. 
- Енді оқушылар бір-бірімізді бағалап жіберейік. Бағалау түрін «Екі жұлдыз, бір тілек» деп айтады.
Бірінші мен бастап 1ші топқа айтайын, сендер жалғастырасыңдар,-деп айттым.
- Топ тамырдың типтерін, «А»-деген оқушының айтқаны маған ұнады. Бір тілек плостер суреті қанық
емес бізге толық көрінбей тұр. Енді сендер айтып көріңдерші деп өтіндім. 
Оқушыларға   бұл   бағалау   түрі   ұнағаны   көрінді.   Ең   ұнаған   2   жұлдыз,   1   тілек   «М»   деген   оқушы
айтқаны болды. 
- Біздің топтарға берген бөлімде суреттер бар, біз соны салдық. Ал 1ші топ өз ойларымен салған
суретті, соны ұнаттық. Тілек дауыс ырғағын жоғарлатса.
Сабақ   барысында   концептуалды   кесте,   деңгейлік   тапсырма,   тесттер   түрлерін   пайдаландым.
Оқушылардан концептуалды карта алу үшін бірінші жұпқа бөліп алуды шештім. Оқушыларды жұпқа
«Ақпараттағы ақаулықтар» әдісі арқылы бөлдім.  
Оқушылар қолына бір-бір парақшалар тарқатып бердім. 
- Парақшаның ортасынан  бөліп, бір бетіне  сұрақ, ал екінші  бетіне  жауаптарын  жаздым
 -Тамыр
- жер асты мүше
-тыңайтқыш түрлері 
- органикалық және минералды
Оқушылар   тапсырмаларды   орындап   жұптарын     тапты.   Сұрақтары   мен   тапқан     жауаптарын   оқу
тапсырылды. Оқушылар реттеліп отырамын дегенше біраз уақыт кетті. Бірақ алдыңғы сабақтардан
гөрі жылдам қозғалып, түсініп жұмыс істеді. Оқушыларға ақпараттағы ақаулықтар әдісімен бөлініп
болған  соң, концептуалды кестені таратпа материал ретінде таратып беріп әр сұрақтың дұрыс жауабы
1   ұпайдан   алынатындығын   айттым.   Тапсырма   орындалып   болған   соң,   жауап   парағын   ауыстыру
тапсырылды. Бірақ оқушылар бір-бірінің қателерін табу жұмыстарын жүргізе алмады. Сондықтан
концептуалды кестенің картаның дұрыс жауабын өзім оқуға тура келді. 
Егер жауап дұрыс болса маркермен қоршауға алып, егер дұрыс болмаса дұрыс жауабын белгілеп
отыру қажет,-деп тапсырылды.
Концептуалды кестенің қорытындысы бойынша оқушылар ішінен тек 7   дұрыс жауабын берген 1
жұп, 2 дұрыс жауабын берген 1 жұп шықты. Қалған жұптар 4,5,6 дұрыс жауаптар берген. Сол арада
өзінің жауаптарына қанағатанбаған екі көшбасшы болып жүрген оқушылар болды. Мен оқушылар
еңбегін бағалау үшін смайликтерді пайдаландым. 
Үш   сұрақтан   құралған   жеті   түрлі   тест   құрап,   оқушыларға   тарқатып   бердім.   Бірақ   оқушылар   тек
таңдау тест түрлерімен жұмыс істеп көргендерін аңғартты. Суретті тестті көргенде оқушылар шошып
кетті. Бұны қалай орындаймыз? деген сұрақтар берді.

Оқушыларға «мақсат ағашы» бейнеленген қағаз тарқатылды. Осы суреттен өздерін сабақта қандай
дәрежеде  меңгергендерінді  білу  үшін  өздерінді  табыңдар  дедім.  Оқушылар өздерін  ағаштың орта
деңгейіне апарып қойыпты, бір-біріне көмектесу кездерін бейнелей біліпті. 
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды». Бұл бағалаудың түрін
«Қар үйіндісі» ойыны кезінде пайдаландым. Оқушыларға бағалаудың қалай жүзеге асыру ережесін
түсіндірдім.   Бірақ оқушылар бағалау түрін «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып кетті. Мен оқушыларды
тоқтатып, қайта түсіндіру жұмысын жүргіздім. Өзгеріс көрінбеді. Барлық оқушы «Екі жұлдыз, бір
тілек» айттып кетті. Бұл бағалау түрі жүзеге аспағаны, мен бағалау қалай жүзеге асырылатындығын
көрсетпей, тек бағалау шартын айтып қана қойғаным.
Қорытынды, келешекте ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақ барысында пайдалану
үшін Интернет желісі, кітапханадан материал жинау арқылы  өткен материалға топтық презентация
жасап жоба қорғауға тапсыруға қолдануға болады. Осы материалға жоба қорғау жұмыстарын жасау
кезінде   оқушылардың дүниетанымын  кеңейтіп  ізденімпаздыққа   тәрбиелеуге  болады.   АКТ  арқылы
биолгиялық     құбылыстарын   сандық   бейнеде   (видеода)   көру   арқылы   алған   ақпаратты   сақтауы   20
пайызға артады.
Сабақ   барысында   ақпараттық   -   коммуникациялық   технологияларды   пайдалану   мұғалім   жұмысын
өнімді,   нәтижелі,   сапалы.   Оқушылардың   жұмысы,   білім   алу   әрекетін   мәнді,   мағыналы,   қызықты,
пайдалы етеді.
«Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және
пайдалану   жүйесін   де   уақтылы   өзгертіп   отыруды   талап   етеді.   Осыған   байланысты   оқытуда
қолданылатын   әдіс-тәсілдер,   әдістемелер,   технологиялар   жаңартылып   отырады.»   (МАН,   61   бет).
Осыған байланысты  заман  ағымына  сәйкес   әртүрлі   АКТ  құралдарын,   білім-білікке   байланыстыра
отырып оқушыларға сандық білім емес сапалық білім беруге талпыну. 
АКТ қолданылған  биология сабағының  нәтижелері  бойынша  мұғалім  де,  оқушы  да  ақпарат  пен
білімге  қолжетімділікте, шығармашылық  пен  идеялар  алмасудағы  әрекеттестіктегі АКТ ролін тани
жңне  бағалай білуі  тиіс. Олар сондайақ , өзгеріс  үстіндегі әлемде (жұмыс  орнында, демалу және
қарым-қатынас  жасау уақытында) АКТ-ның  ықпалын неғұрлым  көбірек  сезінуге  тиіс.(Қосымша
ресурстар)
Мен  осы  бағдарлама   бойынша   үш   айлық   курста   білім   алғаныма   қуанамын.   Алдағы  уақытта   осы
бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушылармен жұмыс жасау маған тиімді әрі қызықты.
Яғни, осы бағдарлама бойынша біз бақылаушы, талдаушы, зерттеуші мұғалім болып қалыптасады
екенбіз. 
Осы сабақтар топтамасын   жасауда менің үйренгенім   сабақтар топтамасын   бір жүйеге келтіруді,
барлық оқушыларды сабақ үдерісіне тартуда   оқушылардың деңгейлеріне қарай әдістерді таңдауды,
жұптық, топтық жұмыстарда бірлдесіп жұмыс орындау үшін, формативті бағалау енгізу тиімділігін,
өз ойларын  ашық жеткізе білу үшін сабақтар топтамсын дұрыс құра білуді үйрендім. Орта мерзімді
жоспардың маған ұнағаны мұғалім мен оқушының сабақ үдерісінде  жасалатын іс-әрекеттері айқын
көрініп тұрады.
Сәтсіз   тұстарды   болдырмас   үшін   біз   үнемі   ізденісте   болып,   оқуды   жақсарту   үшін   өзіміздің
құзыреттілігімізді дамытып отыруымыз керек деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық . Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.
2.  Қосымша ресурстар(таратпа).
 3. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс  ретінде және ізденіс оқыту ретінде».
4. Ғаламторлық ақпараттар www. cpm.kz сайтынан алынған материалдар.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ПӘНДІ 
ТЕРЕҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бакуова Ж.Б.  (Қызылорда қаласы, 
Сырдария ауданы №210 орта мектебі)
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен
саналы   тәрбие   алуы   ең   басты   мәселе.   Бүгінгі   ғылым   мен   техниканың   дамыған   ғасырында   жас
ұрпақты   ізденпаздыққа,білімділікке   және   шығармашылықпен   жұмыс   істеуге   дағдыландыру   үшін

заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы
білімі   сапалы,   нәтижелі   болуы   керек.   Ендеше   оқушы   білімін   бүгінгі   күн   талабына   сай   дамыту,
тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі.
Қазіргі   әлемдік   жаһандану   кезеңінде   білім   беру   идеялары   сәт   сайын   жаңара   түсуде.   Сондықтан
көштен қалмай ілгерілеудің негізгі тетігі мұғалім екенін естен шығармауымыз керек. Заман талабына
сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.Әр мұғалімнің басты міндеті
– рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.Оқу үрдісі уақыт
талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.Қазіргі
кезде оқушылардың білімге деген зейіндерін арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.
Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан физика сабағында әр сыныптағы
оқушының   жас   ерекшелігіне   қарай   және   білім   деңгейіне   сай   сабақтың   түрлерін   тауып,   сол
тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Мен физика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне
қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын
нәрселерге   ғана   көңіл   аударады.   Физика   бұл   өте   күрделі   пән,   бұл   пән   математика,   тарих,
жаратылыстану   пәндерімен   тығыз   байланысты.   Оқушылардың   әр   тақырыпты   меңгеруі   әр   түрлі
деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің
әр   түрлі   тәсілдерін   пайдаланғанда   жақсы   нәтижеге   қол   жеткізуге,   оқушының   пәнге   деген
қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының
ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай
тәсілдердің   қолайлығын   да   талқыға   салып   отыру   керек.   Кейбір   кездерде   ережелерді,   тіпті
терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет, оның себебі физикалық терминдерді
оқушылар  үнемі   естіп  жүргенімен,   өз  ойларын  түсіндіру  кезінде   жеткізе   алмайды.   Оқу   үрдісінде
оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан
көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине
оқушыны қызықтыру үшін, алдымен мұғалім өз пәнін сүюі қажет. Ал қызығушылық танытқаннан
кейін,   оны   өшіріп   алмаудың   келесідей   амалдарын   келтіруге   болады:   физикалық   практикум,
салыстырулар,   қарама-қайшылықтар,   оқытудың   әр   түрлі   тәсілдері,   қызықты   тәжірибелер,   көрнекі
түрде   ұйымдастырылған   жалпылама   зертханалық   зерттеулер,   ойындар   (ойын   элементтері
кірістірілген сабақтар), жарыстар т.б.
Мұғалім басты тұлға, шәкіртке бағыт – бағдар беруші бағдаршам десек, оқушы өздігінен еңбек етіп,
талпынып,   жеткен   жетістігінің   жемісін   көруші,   мұғалім   мен   оқушы   үнемі   бір   –   бірімен   тығыз
байланыста болуы қажет. Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздардың тынымсыз
еңбегінің   нәтижесі   болмақ.   Мұғалім   шеберлігінің   көрсеткіші   әдістеме   саласындағы   ғылыми
жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып физика пәнінен танымын арттыру. 
Физика   пәнін   оқытуда   интерактивті   әдістерді   пайдаланудың   тиімділігі   туралы   айтар   болсақ,
электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны
әрбір   оқытушы   өз   педагогикалық   тәжірибесіндегі   материалдармен   толықтыра   отырып,   әрі   қарай
жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест
тапсырмаларын   орындауға   болады.   Электрондық   оқулықтың   тиімділігі   зор.   Қазіргі   таңда   мен   өз
тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.   Онда әр
тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары,   кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, 
жаттығулар  мен  есептер,   бақылау  жұмыстары  қамтылған.   Тараудағы  оқу   материалдары  бойынша 
берілген   анимациялық   тәжірибелер   оқушыларға   физикалық   құбылыстарды   көрсете   отырып, 
түсіндіруге   ыңғайлы.   Интерактивті   тақтаны   пайдалану   сабақты   жаңаша   әдіспен   түсіндірумен
оқушылардың назарын аударады, жалпы физикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа
дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу – зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен
жұмыс   жасауға   дағдыларын   дамытады,   тек   физика   пәнін   оқытуда   ғана   емес,   информатика   және
мультимедиялық   білім   алуда   жоғары   жетістіктерге   жетуге   мүмкіндік   береді.Оқытудың   жаңа   әдіс-
тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жетелеп, теориялық білімін шыңдай
түседі. Ең қиыны оқытудың бүкіл әдіс-тәсілдерін белгілі ізге салып, сабақтың құрылысын қазіргі
заман талабына сай қайта құру. Адамгершілігі жетерлік сауатты, білімді мұғалім өзінің әрбір сөзіне,
сөйлеміне,   сырт   көрінісіне   талғаммен   қарап,   шәкірттерге   де   талап   қойып,   үйретуден   жалықпай,
түсінбей қалса, оларды кінәламай, сабырлықпен сөйлеп, оқумен бірге тәрбие беріп отыру негізінде
мақсатқа жете алады.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын,қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі саб
ақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек етуадамның негізгі

қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола
отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойыңдар   қолданылған   сабақтарда   оқушылар
белсенділік   көрсетеді.   Бұлай   болу барлық   ойынға   тән   нәрсе,   оның   топтық   түрде
өтуіне байланысты.Балалар   бір-бірінің   ойларымен   пікірлерімен   алмасады,   дәлелдейді, қателеседі,   өз
ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с.
Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді,
қиындықтарды   бірге   шешеді.   Мұндай   жағдайда,   барлық   балалар   алға   жылжиды,   білімдері
терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың
өзінде   ғылыми   жұмысқа   ұқсас   жалпы   элементтер   көп   кездеседі.   Екі   жағдайда   да   (ойын   мен
ғылыми жұмыс)   ең   бастысы койылған мақсаттың   болуы,   сонан   соң   қиындықтың   болуы,   оны   жеңу,
жаңалықты   ашу   қуаныш. Міне, сондықтан да,   бар адамдарды, жасына карамастан, ойын
өзіне тартып тұрады.»
Мұғалімнің ең басты мақсаты 
 сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере
отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда,   оны орынды қолдана білу.   Оқушылар   мен
мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Қазіргі   мұғалім   әрбір   сабаққа,
тақырыпқа   және   әр   кластың   өзіндік   ерекшеліктеріне   байланысты   оқушыларды
өзіндік жұмыска үйрету,   олардың   ізденісін   ұйымдастыру   және   кейбір   материалдарды   кең   көлемде
беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқьіту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде
қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де
ескерген жөн.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы
ізденістердің   маңызды   бір   буыны.   Ойын   түрлерін   оқу   процесін   пысықтау,   жаңа   сабақты
қорытындылау   кезеңдерінде,   қайталау   сабақтарында   пайдалануға   болады.   Ойын   түрлерінің
материалдары   сабақтың   тақырыбы   мен   мазмұнына   неғұрлым   сәйкес   алынса,   оның   танымдылық
маңызы да арта түседі.
Физика   пәні   күрделі   пән   екеніне   ешкімнің   де   дауы   жоқ.   Оны   жаттап   алу 
мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр
түрлі   ойлардан   кейін   бала   жүрегіне   жол   тауып,   білімге   жетелеу   үшін   мұғалім   оқушыларды
қызықтыратындай   әр   түрлі   әдіс-   тәсілдерді   қолдануы   тиіс.   Соның  бірі-   «сын   тұрғысынан  ойлау»
технологиясы.   Сындарлы   оқыту   бағдарламасында   көрсетілген   жеті   модульді   тиімді   пайдалану
оқудағы негізгі жетістік болып табылады. Бұл модульдер әр сабақта өзара тығыз байланыста және
үнемі қолданыспен көрініс тапса, мұғалімнің мақсатқа жетудегі жеңісі болмақ.
 Нәтижесінде: 
- сабақтың мазмұны, сапасы артады; 
- жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; 
- оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; 
- пәнге деген қызығушылығы артады. 
Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше 
стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: 
-оқушыларды ойландыруға; -өз ойларын ашық айтуға; -пікір таластыруға /дебат/; 
-дұрыс сөйлей білуге; -өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; -оқушылар шығармашылығын 
дамытуға; Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 
I. Қызығушылықты ояту 
II. Мағынаны ажырату 
III. Ой толғанысы 
Қызығушылықты ояту кезеңі –мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, 
ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. 
Мағынаны ажырату кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып , өз 
беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады.Яғни 
оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. 
Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. 
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл 
бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. 
Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау 
барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға 
үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:

1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш 
- қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең 
мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері 
өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап 
шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та
оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.
Физика   пәніне   оқушының   қызығушылығын   арттырып,   түрлендіре   жүргізсе,   жақсы   нәтижеге   қол
жеткізуге   болады.   Ол   мұғалімнің   пәнге   сүйіспеншілігі   мен   қажырлы   еңбегі   арқасында   жүзеге
асатыны хақ.
Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да 
жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. 
Әрине, дамудың негізі – білімде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет