Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі



Дата06.01.2022
өлшемі24,07 Kb.
#14037
Байланысты:
Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі


Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі

 

Ғұлама бабаларымыз айтқандай біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын болашаққа ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұстаз ретінде өзіме келесідей сауалдарды қоямын: Ақпараттандыру ғасырында болашақтың адамына қалай білім беремін? Бүгінгі оқушының келешекте бәсекеге қабілетті бола алатындай мектепте алған білімін қолдана алуы үшін нені үйрету керек? Оқушылардың үлгерімі мен білімділік сапасын қалай көтеру қажет?. Осы туындаған сұрақтарымды шешу үшін менің жұмысымның жүйесі де қалыптасқан. Әр ұстаздың методикалық әдіс-тәсілі сол жұмыс істеп жүрген оқу орынының жұмыс істеу жүйесіне қарай қалыптасады.



Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогоикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик В.В.Монаховтың оқыту технологиясы; Дьяченконың жұмыстарында айтылатын оқытудың ұжымдық тәсілі, т.б. Профессор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:

  • Оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;

  • Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне негізделген жаңа

педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:

  • Білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,

  • Оқыту сапасын арттыруға,

  • Басқару тиімділігін жетілдіруге,

  • Оқушылардың дамуына бақылау жасауға,

  • Оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.

Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан  тәжірибелік сынақ жұмыстарының басты міндеті – дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)[1].

Білім жүйесінің жаңа жаңа құрылымы мен оқу — әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының іздемпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.

Дүниежүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Жалпы пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде трек-конспект, диаграмма, график, логикалық трек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздейді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады:


  1. дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

  2. ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

  3. қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)[2].

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізуі қажет.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Қазір педагогикалық ғылымда жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі – инновация ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдер, оқу үрдісіне енгізу – оқушының саналы да сапалы білім алуының бірден  — бір шарты. Ал инновация дегеніміз – жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар.

Саралап оқыту – оқушының туа біткен ақыл –ой қабілетінің жеке дамуының жан – жақтылығына негізделінген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация (жаңашылдық) үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелінуі тиіс. Біріншіден, оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану. Екіншіден, оқушылардың ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру мен жаңалықтарды өмірде қолдана білуді үйрету.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

. Жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі ретінде мен күнделікті жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын:



  • Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;

  • Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау;

  • Пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

  • Оқу – тәрбие үрдісін компьютеризациялау және технологияландыру.

Мұғалімнің өз-өзіне қойған талаптары жекеше бағытталған білімнен қалыптасып, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Субъект-субъективтік қатынас концепциясын аңдай отыра жұмысымның жүйесін қалыптастыруда ұстаз ретінде өзіме қойған талаптарды балаға деген адамгершілік қатынас, оның шығармашылық қабілетіне түсіністік танытып жетілдіру, баланың рухани және физикалық саулығының сақталуын ескеру, педагогтың кәсіби жоғары біліктілігіне сай болу, тұрақты түрде пәндік дамытуға бағытталған білім беру ортасын құрып, мәдени-ақпараттық жағынан жетілдіре білу, жаңашыл педагогикалық технологиялар жайында толық хабардар болу, түрлі педагогикалық технологияларды қолдана булу және оған жекеше дамытуға бағытталуына мән беру сияқты талаптарды анықтадым. Бұл қойылған талаптарды әрдайым жүзеге асыруға талпынып, көбіне сәтті түрде іске асып келеді. Сабақта оқу үрдісін ұйымдастыра отырып, оқушылардың сол күнгі сабақ тақырыбына дайындығын тексеремін. Бұл үшін жалпы сұрақтар беріп, мүлдем жауап алынбаған жағдайда мәселені педагогикалық тұрғыда сауатты шешуге ұмтыламын. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай мен төмендегі екі тәсілдің бірін қолданамын:

  1. Егер оқушының тақырыпқа сай теориялық білімі мүлдем жоқ болса немесе жеткіліксіз болса, оқушыға тақырыпқа сай, есте қалатындай қызғылықты ақпаратпен қамтамасыз етілген таратпа материал ұсынамын. Қысқа мерзімді өзіндік оқудан кейін оқушыны тексеріп, қатесін өзі жөндеуіне мүмкіндік беремін. Бұл жағдайда барлық оқушылар белсенді қатыса алады. Өзін- өзі түзегеннен кейін оқушы ол қатені қайтіп жібермеуге тырысады. Ол аралық бақылау сияқты сынақтар кезінде байқалады.

  2. Егер оқушының теориялық білімі толық дәрежесінде бар болса, онда тәжірибелік жұмыстар ұсынып, сабақтың қызғылықты өтуіне әрі ақпараттың пайдалы және тез есте қалуына мүмкіндігінше көмек беремін.

Бұл екі тәсілдің екеуінде де мұғалім кеңес беруші ролін атқарады. Педагогтық қызмет атқарған жылдар ішінде өз пәнімде көбіне осы екінші әдісті қолданып отырамын. Себебі оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мол, үйренуге деген ынтасы жоғары. Нәтижелі іске қол жеткізуім үшін мен «отырып сабақ жүргізбеу» принципін қолданамын. Яғни сабақ жүргізу барысында қозғалыста боламын, әр оқушыға көңіл бөліп, оларды бақылап, бағалай отыра сол күнгі тақырыпты дұрыс түсінуіне, бекітілуіне, жаңа тақырыпты дұрыс талқылауына көмек беремін. Осындай бір сабақтың үлгісі келесідей.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет