Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы


Оқу  пәнінің  ерекшелігіне  байланысты  жекелеген  оқу  кабинеттеріне



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#21189
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Мектептеги оку кабинети ережеси

Оқу  пәнінің  ерекшелігіне  байланысты  жекелеген  оқу  кабинеттеріне 

ерекше талаптар қойылады.  

2.6  Бастауыш  сыныптарға  арналған  оқу  кабинеті  –  жиһаздармен, 

оқытудың  техникалық  құралдарымен,  оқу  құралдарымен,  көрнекіліктермен 

жабдықталған, оқушылардың физиологиялық дамуына, оқу-танымдық, зерттеу, 

жобалау  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға,  шығармашылық  ойлау  қабілетін 

дамытуға,  оқу  үдерісінің  тиімділігін  және  нәтижелілігін  арттыруға  қолайлы 

жағдай туғызатын мектептің оқу бөлмесі.  

2.6.1  Бастауыш  сынып  кабинетінің  ақпараттық  аймағына  интерактивті 

тақта, экран, компьютер кіреді.  

2.6.2 Әртүрлі хабарландырулар, көрнекі құралдарды жапсыру үшін (үшкір 

заттармен  жапсыра  салуға  ыңғайлы)  табиғи  немесе  жасанды  кеуекті  заттан 

жасалған тақталар қолдану ұсынылады.  

2.6.3  Алдыңғы  қабырғаға  бейнефильмдерді  немесе  сюжетті  көріністерді 

көрсету  үшін  кронштейнмен  бекітілген  экран  (сыныпта  интерактивті  тақта 

болмаған жағдайда) орнатылады.  

2.6.4  Ақпаратты  көрсетуге  және  оны  компьютермен  басқаруға  арналған 

әмбебап интерактивтік жүйе  – интерактивті тақта ілінеді. Кешен екі режимде: 

тышқан және аннотация режимі арқылы жұмыс істейді. Бірінші жағдайда тақта 

тышқан  арқылы  басқарылып,  қолданушының  іс-әрекетін  операциялық  жүйеге 

жеткізеді,  екінші  жағдайда  маркер  тікелей  қалам  ретінде,  яғни  жазу  немесе 

сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет 

етпей, экран бетінде сурет салуға болады.  




11 

 

2.6.5 Интерактивті тақтаның жылжымалы (дөңгелекті) болғаны дұрыс.  



2.6.6 Мұғалімге оның жұмыс істеуіне, оқу үдерісіне қажетті құралдар мен 

қосымша  дидактикалық  материалдарды  орналастыруына  ыңғайлы,  компьютер 

қоюға  арналған  бөлімі  бар,  кітап-қағаздар  салатын  қосымша  суырмалармен 

жабдықталған үстел мен орындық/кресло қойылады.  

2.6.7  Оқыту  үдерісінде  оқушылардың  оқу-танымдық,  зерттеу,  жобалау 

әрекеттерін  ұйымдастыруға,  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамытуға,  оқу 

үдерісінің  тиімділігін  арттыруға  қолайлы  жағдай  жасау  және  сабақ  уақытын 

тиімді  пайдалану  үшін  мұғалім  толық  жабдықталған  жеке  компьютермен 

қамтамасыз етілуі керек.  

2.6.8 Оқушыларға бір орынды немесе екі орынды үстелдер қойылады.  

2.6.9  Үстелдер  мен  орындықтардың  негiзгi  өлшемдерi  мен  таңбалары 

Санитарлық қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген (1-кесте).  

 

1-кесте  –  Оқушыларға  арналған  үстелдер  мен  орындықтардың  өлшемдерi  мен 



таңбалары  

 

  Жиhаздың 



нөмiрi 

Оқушылар 

бойының тобы 

(миллиметрмен) 

Оқушыға қараған 

үстел жиегiнiң 

еденнен биiктiгi 

Таңбаның 

түсi 

Орындықтың 

алдыңғы 

жиегiнiң 

еденнен биiктiгi 



1000 – 1150 

460 


Қызғылт 

сары 


260 



1150 – 1300 

520 


Күлгiн 

300 


1300 – 1450 



580 

Сары 


340 



1450– 1600 

640 


Қызыл 

380 


1600 – 1750 



700 

Жасыл 


420 



1750 артық 

760 


Көгiлдiр 

460 


 

2.6.10  Бастауыш  сынып  кабинеттерінің  жиһазы  мен  жабдығы 

педагогикалық  үдерістің  ерекшелігі  мен  емдiк-қалпына  келтiру  іс-шараларын 

ескеруі тиіс.  

2.6.11  Әрбір  оқушы  бойына  және  денсаулық  жағдайына  сәйкес  үстелде 

жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етіледі.  Есту  және  көру  қабілеті  нашар  балалар 

отыратын  үстелдерді  (олардың  нөмірлеріне  қарамастан)  бірінші  қатарға 

орналастырады.  Көру  қабілеті  төмен  оқушылар  отыратын  үстелдерді  терезе 

жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Респираторлық аурулармен, баспамен, 

суық  тию  ауруларымен  жиі  ауыратын  балаларды  сыртқы  қабырғадан  алыс 

отырғызады.  

2.6.12  Есту  қабілеті  нашар  балалар  үшін  үстелдерді  мұғалім  үстелінің 

айналасына  жартылай  шеңбер  түрінде  орналастырады,  есту  аппаратурасын 

орнату үшін стационарлы бекітеді.  

2.6.13 Оқушыларға арналған жиһаздарды орналастыру кезінде Санитарлық 

қағидалардың мына талаптары орындалады:  

1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын, жарық түсіретін қабырғаға 

қарай орналастырады;  




12 

 

2)  сынып  тақтасы  бар  алдыңғы  қабырғалардан  бастап  үш  қатармен 



орналастырылған  барлық  қатардағы  бірінші  үстелдерге  дейінгі  қашықтық 

кемінде 250 см;  

3) үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болуы көзделеді;  

4) 1-қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы – 1 м;  

5) қабырғалық тақтаның төменгі шетелінің ілмесінің биіктігі 0,7 – 0,8 м.  

2.6.14 Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдеріне 

(топтық,  жұптық,  т.с.с.)  байланысты  жиһаздарды  орналастырудың  басқа 

тәртіптеріне  (мысалы,  жартылай  шеңбер  жасап,  2-6  орынды  біріктіріп)  де 

рұқсат етіледі.  

2.6.15  Бастауыш  мектепке  арналған  оқу  кабинеттерінде  оқушылардың 

үзіліс  кезінде  немесе  сабақтан  тыс  уақыттарда  демалуына  немесе 

қызығушылығына  қарай  жұмыс  істеуіне  арналған  орын  (оқу  бұрышы,  жазу 

бұрышы) ескеріледі.  

2.6.16  Жазу  бұрышы  және  оқу  бұрышындағы  жиһаздар:  диван, 

кілемшелер, орындықтар, кіші үстелдер орналасады.  

2.6.17  Бастауыш  мектепке  арналған  оқу  кабинеттерінде  оқушылардың 

киіміне арналған шкафтар қойылады және оларда бас киімге арналған сөрелері 

бар  ұяшықтар  мен  сыртқы  киім  ілетін  ілгіштер  болады,  оларды  жеке 

таңбалайды.  

2.6.18  Стендтер  мен  оқушы  жұмыстарының  көрмесіне  арналған  орын 

қарастыру қажет.  

2.6.19  Санитариялық-гигиеналық  талаптарға  сәйкес  бастауыш  сыныптың 

оқу  бөлмесінде  ыстық  және  суық  су  келтірілген  раковина  орнатылады, 

орталықтандырылған  сумен  жабдықтау  болмаған  жағдайда  суды  қолмен 

құятын қол жуғыштар орнатылады.  

2.6.20  Бастауыш  мектепке  арналған  «Бейнелеу  өнері»,  «Еңбекке  баулу» 

пәндерін  оқыту  барысында  еңбек  және  техникасы  қауіпсіздігі  ережелерін 

сақтау өте маңызды.  

2.7  Лингафонды  кабинет  шетел,  қазақ,  орыс  тілдерін  үйренуде  ауызекі 

тілді дамыту үшін пайдаланылады.  

2.7.1  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда  лингафон 

кабинетінің қызметі:  

- ақпараттық;  

- оқыту және тренерлік;  

- бақылаушы-түзеуші;  

- коммуникативтік;  

- оқу қызметін басқару.  

2.7.2  Кабинетті  лингафондық  құрылғымен  жабдықтау  барысында, 

оқушылардың  үстелдері  телефон-микрофондық  гарнитурмен,  дыбыс  реттегіш 

және  мұғалімді  шақыру  тетігімен  жабдықталуы  және  бекітілуі  тиіс.  Телефон-

микрофондық  гарнитурлар  арнайы  тағанға  немесе  оқушылардың  үстеліндегі 

арнайы шұңқыршықта орналастырылуы мүмкін.  

2.8 Шетел тілі кабинеті білім алушылардың ауызекі және жазбаша тілдік 



13 

 

практикасын бірдей қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тілдік зертхана 



түсінігін қамтиды, әр білім алушының дағды мен біліктерін қалыптастыру үшін 

неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.  

2.8.1 Оқу бөлмесінің жиһазбен жабдықталуы:  

– басқару пульті бар мұғалім үстелі, магнитофон және күйтабақ ойнатқыш 

қоятын тұғыр; лингафондық рецептивті құрылғылар;  

–  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқушылардың  үстелдері  мен  орындықтары 

(№ 4, 5, 6 жиһаз тобы).  

2.8.2 Оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде жұпта немесе топта 

жұмыс  жасауда,  бір-бірлерінің  жүздерін  көру  үшін,  бет-әлпетті  көруде, 

сөйлеген кездегі ым-ишарасын, қимылдарын көру үшін бір орынды, екі орынды 

үстелдермен  немесе  екі  жартылай  шеңберлі  қосарланған  немесе  орынын 

ауыстырып қозғалтатын үстелдермен қамтамасыз етілуі тиіс, мұғалімнің үстелі 

ортасында болуы керек.  

2.8.3  Оқушылардың  үстелдерінің  арақашықтығы  кем  дегенде  0,6  метр 

болуы керек.  

2.8.4 Мұғалімнің үстелі мен тақтаның арасындағы қашықтық 1,0 м-ден кем 

болмауы тиіс. Қатарлы үстелдер арасы мен бойлық қабырғалардың арасындағы 

қашықтық 0,5-0,7 м, алдыңғы үстелден қабырғаға дейінгі арақашықтық 2,6-2,7 

м болуы керек.  

2.8.5  Сыныптың  алдыңғы  қабырғасында  интерактивті  тақта  және  аспалы 

экран  орналастырылуы  тиіс.  Тақта  аспалы  немесе  жылжымалы  және  беті 

магнитті болуы тиіс.  

2.8.6  Лингафон  құрылғылармен  жабдықталған  шетел  тілі  кабинетінде 

оқушылардың үстелдеріне «телефон-микрофон, мұғалімнің шақыруын бақылау 

қоңырау түймелері» гарнитурасы болуы тиіс.  

2.8.7 Бастауыш сынып оқушылары үшін дыбыс жазбасының ұзақтығы 10-

15  минут,  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  20-25  минут,  аудио  сигналдарды 

дыбыс деңгейі 40-50 дБ ауқымында ұсынылады. Осы талаптардың сақталмауы 

оқушы ағзасының тез шаршауына және білім сапасының төмендеуіне әкеледі.  

2.9  Информатика  кабинеті  –  информатика  пәні  бойынша  сабақтар, 

факультативтік  сабақтар  жүргізілетін,  білім  алушыларды  әлемдік  ақпараттық 

қоғам  жағдайында  өмір  сүруге  дайындық,  білім  деңгейін  жоғарылату  жүзеге 

асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі.  

2.9.1  Информатика  кабинетінде  білім  беру  үрдерісін  ұйымдастыру 

төмендегі функциялар арқылы жүзеге асырылады:  

 



информатика, 

алгоритмдеу, 

программалау, 

ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар,  ақпараттық  модельдеу  салаларында 

оқушылардың  теориялық  білімдері  мен  практикалық  білік  пен  дағдыларын 

қалыптастыру;  

   оқушылардың  алгоритмдік,  операциялық  және  сыни  тұрғыдан  ойлау 



қабілеттерін  және  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдары 

арқылы  логикалық,  математикалық,  зияткерлік  және  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту;  



14 

 



 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануда  және 

этикалық,  құқықтық  нормаларды  сақтауда  жауапкершілікпен  қарауға, 

ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.  

2.9.2  Информатика  кабинетінде  СанЕжН  сәйкес  табиғи  және  жасанды 

жарықтандыру болу қажет.  

2.9.3  Информатика  кабинетіне  қажетті  аппараттық  және  программалық 

қамтамасыз етудің тізімі:  

–  гарнитурамен  (микрофоны  бар  құлаққап)  жабдықталған  оқушылар  мен 

мұғалімдерге арналған дербес компьютерлер;  

–  сенсорлық  немесе  электромагнитті  принциппен  жұмыс  істейтін 

интерактивті 

тақтаны, 

біріздендірілген 

мультимедиа-проекторды, 

интегралданған аудио-жүйесін қамтитын интерактивті жүйе;  

– принтерлер, сканерлер;  

– компьютерлерді жергілікті желіге қосуға арналған желілік концентратор;  

–  мұғалім  мен  оқушылардың  жұмыс  орнын  орталықтан  қоректендіруді 

қамтамасыз ететін электртаратқыш қалқан;  

– интерактивті презентациялар, дәрістер, сабақтар өткізуге арналған және 

стилустің,  саусақтың  көмегімен  тікелей  панельге  жазуға  және  сурет  салуға 

мүмкіндік беретін интерактивті кешен.  

2.9.4  Әрбір  оқушыға  жеке  компьютерде  немесе  ұялы  құрылғыда  жұмыс 

істеу мүмкіндігі жасалуы тиіс.  

2.9.5  Информатика  кабинетінде  жұмыс  орындарының  үш  нұсқада 

орналасуы  мүмкін:  периметрлік,  қатар-қатар  (1-3  қатарлы),  орталық. 

Периметрлік  орналасу  кезінде  кабинеттегі  үстелдер  қосымша  оқушы 

үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталады.  

2.9.6  Оқу  кабинетінде  қауіпсіздік  техникасын  (техника  қауіпсіздігі 

бойынша нұсқаулықты жүргізу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитарлық-

гигиеналық нормаларды сақтау (өрт сөндіргіш құралдары, дәрі қобдишалары), 

күзету  іс-шаралары  (жергілікті  сигнал  беру,  терезелерге  торлар,  темір 

есіктер) жасалады.  

2.9.7  Информатика  кабинетінің  терезесі  солтүстікке,  солтүстік-шығысқа 

қарап: жалюзи түріндегі күннен қорғайтын, реттелетін құрылғылармен, қабырға 

мен  жиһаздар  түсіне  сәйкес  келетін  ашық  түрдегі  мата  перделермен 

жабдықталуы тиіс.  

2.8  Информатика  кабинеті  үшін  температураның  оңтайлы  және  мүмкін 

болатын параметрлері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы.  

 

Ауа температурасы,  



 о

С  


Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %  

Оңтайлы  

Мүмкін болатын  

18 


65 

39 


19 

62 


37 

20 


58 

35 


21 

55 


33 

22 


52 

31 


 


15 

 

2.10  География  кабинеті  жапсарлас  екі  бөлмеден  (оқу  кабинеті  мен 



зертхана) болуы қажет.  

2.10.1  Күнделікті  сабақ,  практикалық  және  өздік  жұмыстарды  орындау 

барысында қолдануға қажетті атластар, жұмыс дәптерлері, оқулықтарды, кескін 

карталарды  орналастыру  үшін  үстелдің  үстіңгі  ауданы  1300х650  мм-ден  кем 

болмауы тиіс.  

2.10.2  Зертхана  бөлмесінде  оқу  бағдарламаларының  мазмұнымен 

қарастырылған карталарды сақтауға шкафтар және қажет уақытында қолдануға 

ыңғайлы арнайы құрылғы болуы тиіс.  

2.10.3 Мектептің географиялық алаңын келесі құрал-жабдықтар кешенімен 

қамтамасыз ету қажет:  математикалық кешен (биіктік өлшеуіш, өлшеуіш жол, 

горизонталды  қашықтықты  өлшеуіш,  шаршы  метр,  кубметр  (ағаштан 

жасалған),  эклиметр,  квадрант,  бұрыш  өлшеуіштер,  координаттық  тор 

сызылған  мектеп  тақтасы  және  т.б.);  топографиялық  кешен  (жасанды  төбе, 

жасанды  су  қоймасы,  жергілікті  жерді  түсіруге  арналған  жиналмалы  үшаяқты 

арнайы  кешен,  тұсбағдар);  астрофизикалық-географиялық  кешен  (гномон, 

Поляр  жұлдызын  көрсеткіш,  азимут  өлшеуіш,  ромбтық  сақинасы  бар 

бағыттаушы  шеңбер,  астролябия,  күн  сағаты,  көкжиек  тұстарын  бағыттаушы, 

телескоп және фотокамера қоюға арналған құрылғы); метеорологиялық кешен 

(желбағдар,  метеорологиялық  үйшік,  барометр,  гигрометр,  термометрлер, 

қардың қалыңдығын өлшеуге арналған сызғыш, нефоскоп).  

2.10.4 Географиялық алаңның көлемі 11 х 11 м-ден кем болмауы тиіс.  

2.11  Биология  кабинеті  –  табиғаттың  тірі  нысандарының  (өсімдіктер  мен 

жануарларға)  бақылау,  тәжірибе  және  демонстрациясының  жағдайларын 

жасауды қамтамасыз етеді.  

2.11.1 Биология кабинетінде мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындары 

жиһазбен,  су  құбырымен,  электр  құралдарымен,  қажетті  құрал-жабдықтармен 

жабдықталуды  талап  етеді.  Олардың  сақталуы,  температура  режимі 

санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.  

2.11.2  Лабораториялық  жұмыстарға  арналған  оқу  жабдықтары  және 

құралдары 

лаборант 

бөлмесінде 

орналасқан 

секциялық 

шкафтарда 

сақталуы қажет.  

2.11.3 Биология кабинетінде оқытудың аудио, көзбен шолу құралдарының 

алуантүрлілігімен  қатар,  табиғаттың  жанды  объектілерін  бақылауда,  тәжірибе 

жасауға, көрсетілімге қолайлы жағдай жасалуы тиіс.  

2.12  Физика  кабинеті    бұл  оқушылармен  оқу,  факультативті  және 

сабақтан тыс жұмыстар және пән бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізілетін, 

көрнекі  құралдармен,  оқу  қондырғыларымен,  жиһазбен  және  оқытудың 

техникалық 

құралдарымен 

жабдықталған, 

оқушылардың 

физикалық 

эксперименттер  мен  зерттеулер  орындау  дағдысын  дамытуға  арналған 

мектептің оқу бөлмесі.  

2.12.1  Физика  кабинетін  арнайы  көрсету  үстелдерімен  жабдықтау 

(проекциялық аппараттарды басқару пульты, су, электр, кәріз жүйелері) қажет.  

2.12.2  Көрнекі  құралдардың  жақсы  көрінуі  үшін  көрсету  үстелі  жоғары 




16 

 

қойылуы керек.  



2.12.3  Физика  кабинетіндегі  демонстрациялық  және  оқу-зертханалық 

үстелдерге электр энергиясын жүргізу қажет.  

2.12.4 Кабинеттегі барлық қосқыштар мен розеткаларға белгі соғылады.  

2.12.5 Оқушылар аумағында су және электр қуаты өткізілген екі орындық 

оқушылық  зертханалық  үстелдер  (қондырғылары  бар  және  қондырғыларсыз) 

орнатылуы тиіс.  

2.12.6  Кабинеттегі медициналық  қобдиша,  өрт  сөндіру  құралдары;  электр 

құрал-жабдықтары зақымданудан қорғалған болуы тиіс.  

2.13 Химия кабинеті.  

2.13.1  Әр  оқу  жылының басында білім  алушыларды химия  кабинеттеріне 

(зертханаларға) арналған техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру қажет.  

2.13.2  Лабораторияда:  мұғалімнің  жұмыс  орнын  ұйымдастыруға,  білім 

алушылардың  жұмыс  орнын  ұйымдастыруға,  оқу  құралдарын  ұтымды 

орналастыруға  және  сақтауға,  аппаратураларды  қолдануды  ұйымдастыруға 

арналған жиһаздар болуы тиіс.  

2.13.3  Лаборанттық  бөлмелерде:  лаборант  жұмысын  ұйымдастыруға 

(демонстрациялық  және  оқу  экспериментін  дайындау),  оқу  құралдарын 

сақтауға  (ең  бастысы,  химиялық  реактивтерді),  аппаратураларды  сақтауға 

арналған жиһаздар болуы тиіс.  

2.13.4  Мұғалімнің  жұмыс  орнын  ұйымдастыруға  арналған  жиһаз: 

қоршалған  екі  секциядан  (демонстрациялық  және  препараторлық)  тұратын 

демонстрациялық  химиялық  үстел,  препараторлық  бөлімінде  –  жақтаулы; 

мұғалімге арналған үстел (L=800 мм), мұғалімге арналған орындық.  

2.13.5  Химиялық  экспериментке  арналған  жиһаз  лаборант  бөлмесінде 

орналастырылады:  реактивтерге  арналған  сөресі  бар  препараторлық  үстел; 

лабораториялық сорғыш шкаф (қабырғада).  

2.13.6  Кабинетте  жұмыс  қауіпсіздігі  туралы  нұсқаулықтар,  плакаттар 

топтастырылған еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бұрышын дайындау қажет.  

2.13.7 Химия кабинетінде сабақтан тыс іс-шаралардан тек қана химиялық 

үйірме  және  химия  бойынша  факультатив  сабақтары  жүргізіледі.  Химия 

кабинеттерін  басқа  пәндердің  және  ұзартылған  күн  топтарының  сабақтарына 

арналған сынып бөлмелері ретінде пайдалануға тыйым салынады.  

2.13.8  Лаборанттық  бөлме  химия  кабинетімен  (лаборатория)  сынып 

тақтасы  жағына  қабаттас  орналасады  және  екі  шығу  есігі  болады:  біреуі  – 

кабинетке, 

басқасы 


– 

дәлізге, 

басқышқа, 

рекреациялық 

немесе 

қабаттас бөлмеге.  

2.13.9  Химия  кабинетінде  (лабораториясы)  және  лаборанттық  бөлмеде 

суық  және  ыстық  сумен  жалғастырылған  шұңғылшалар  орналастырылуы 

қажет.  

2.13.10  Химия  кабинеті  (лабораториясы)  және  лаборанттық  бөлме 

жарықпен,  желдеткішпен,  су  құбырымен,  кәрізбен,  электржабдықтау 

жүйесімен,  бастапқы  өртсөндіргіш  құралдарымен  және  жеке  қорғаныс 

құралдарымен қамтамасыз етіледі.  



17 

 

2.13.11  Химия  кабинетіндегі  (лабораториясы)  оқушыларға  арналған 



үстелдер мен орындықтар СанЕжН талаптарына сәйкес келуі тиіс.  

2.13.12  Зиянды  әсер  ететін  булар  мен  газдардың  бөлінуіне  әкеп 

соқтыратын  жұмыстарды  жүргізу  үшін  лаборанттық  бөлме  сорғыш  шкафпен 

жабдықталуы тиіс. Сорғыш шкафтың жоғарғы және төменгі сорғыштары болуы 

қажет.  Сорғыштарды  қосу  бөлінетін  булар  мен  газдардың  тығыздығына 

байланысты реттелуі тиіс.  

2.13.13  Химия  кабинетін  жарықтандыру  СанЕжН  талаптарына  сәйкес 

келуі тиіс.  

2.13.14  Тиісті  табиғи  жарықты  қамтамасыз  ету  үшін  терезе  алдына 

гүлдерді қоюға болмайды, терезе шынылары шаңнан және кірден жылына кем 

дегенде  2  рет  тазартылуы  тиіс.  Химия  кабинетіндегі  (лабораториясы)  мұндай 

жұмысқа білім алушыларды жұмылдыруға тыйым салынады.  

2.13.15 Лаборатория и лаборанттық бөлме бөлмедегі температураны 18-21 

градус  Цельсий  шамасында  ұстап  тұратын,  ауа  дымқылдығы  40-60  % 

шамасында болуы  қажет есеп арқылы жылытумен және үйлестірілген сорғыш 

желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс.  

2.13.16 Табиғи желдеткіш ауданы 1/50 еден ауданынан кем емес және үш 

еселік  ауа  айналымын  қамтамасыз  ететін  фрамугалар  мен  желдеткіштердің 

көмегімен  жүзеге  асуы  тиіс.  Фрамугалар  мен  желдеткіштерді  ашуға  және 

жабуға ыңғайлы тетіктермен жабдықталуы тиіс.  

2.13.17  Химия  (лабораториясы)  кабинетіндегі  электраспаптар  қуаты 

ажыратқыш  трансформаторлары  бар  қалқаннан  электр  қосқышқа  жалғасқан 

қорғаушы-сөндіргіш құрылғы арқылы жүзеге асуы тиіс.  

2.13.18  Барлық  қолданылатын  демонстрациялық  және  лабораториялық 

электраспаптары  оқу  кабинеттерінде  (сыныптарында)  сабақтарды  жүргізу 

кезінде  электрқауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  бойынша  Ережелердің 

талаптарына  жауап  беруі  тиіс.  Электраспаптарының  барлық  токөткізуші 

бөліктері оларға кездейсоқ жанасудан сенімді қорғалуы тиіс.  

2.13.19  Суқұбыры  желісін  кабинетке  қосудың  ортақ  вентилі,  сонымен 

қатар  оқушылардың  лабораториялық  үстелдер  қатарына,  демонстрациялық 

үстелге және лаборант бөлмесіне ажыратқыштың алдында вентилі болуы тиіс.  

2.13.20  Химия  кабинетіндегі  (лабораториясы)  өрт  қауіпсіздігі  оқу 

кабинетіндегі  сабақтарды  жүргізу  кезіндегі  электрқауіпсіздігі  және  еңбекті 

қорғау бойынша Ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.  

2.13.21  Бастапқы  контейнердегі  барлық  реактивтер  лаборант  бөлмесінде 

сақталуы тиіс.  

2.13.22  Химиялық  табиғаты  бойынша  ерекшеленетін  реактивтерді  бірге 

сақтауға  жол  беруге  болмайды.  Бейорганикалық  және  органикалық 

реактивтерді  қосылыстардың  кластары  бойынша  әр  түрлі  секцияларда 

сақтайды.  

2.13.23  Концентрлік  қышқылдар  және  аммиактың  (25%)  концентрлік 

ерітіндісі сорғыш шкафтардың төменгі секцияларында жеке сақталады.  

2.13.24  Сейфке  улы  заттарды  (бром,  кристалдық  йод,  калийдің  ферро  (II) 



18 

 

гексацианиді,  калийдің  ферро  (III)  гексацианиді,  төртхлорлы  көміртек, 



хлороформ, хлорлы метилен, анилин) және өндірістік қаттамасының этикетінде 

«У»  деген  жазуы  бар  басқа  заттарды  орналастырады.  Бромды  тығыздалған 

тығыны  бар,  гипс  құйылған  және  құм  салынған  металл  қалбырда 

орналастырылған 

ыдыста 

немесе 


тығыздалған 

тығын 


қалпақша 

асынды сақтайды.  

2.13.25  Металдық  натрийді,  калийді,  кальцийді  металл  қораптарға 

орналастырылған,  ішінде  керосині  бар  банкіде  сақтайды.  Литийді  вазелин 

майында 

сақтайды. 

Өндірісте 

дайындалған 

арнайы 

балқытылған 

ампулалардағы сілтілік металдар сақтауға және бірреттік пайдалануға ыңғайлы.  

2.13.26  Нитраттардың  барлығын  бірге,  бірлесіп  жарылғыш  қоспалар  түзуі 

мүмкін  органикалық  реактивтерден  міндетті  түрде  бөлек,  жеке  сөрелерде 

сақтайды.  

2.13.27  Кәрізге  реактивтерді  лақтыруға,  олардың  ерітінділерін,  жеңіл 

тұтанғыш  сұйықтықтарды  және  газтәріздес  сұйықтықтарды  төгуге  болмайды. 

Оларды келесіде залалсыздандыру үшін жинайды.  

2.13.28 Қышқылдар немесе сілтілердің төгіліп қалған судағы ерітінділеріне 

құрғақ  құм  немесе  ұсақталған  құрғақ  топырақты  себу  қажет.  Төгілген  жерді 

бейтараптаушы ерітіндімен сүртіп, соңынан сумен жуу қажет.  

2.13.29  Химия  кабинетіндегі  аспаптарды,  оның  ішінде  электраспаптарын 

құлыптау арқылы кабинеттегі шкафтарда орналастыру қажет. Кез келген құрал-

жабдықтарды  шкафтарда  және  реактивтер  мен  ерітінділерге  тікелей  жақын 

жерде сақтауға болмайды.  

2.13.30  Ерітінділерді  қыздыру  үшін  тек  жұқақабырғалы  ыдыстарды 

пайдалануға  рұқсат  етіледі.  Жұқақабырғалы  ыдысты  тік  ось  бойынша 

ақырындап  айналдырып  немесе  жоғары-төмен  ауыстырып,  штативтің 

қысқышында абайлап бекіту қажет.  

2.13.31  Денсаулық  жағдайларына  байланысты  медицина  ұйымдары 

арқылы  реактивтермен  және  ерітінділермен  жұмыс  істеуге  тыйым  салынған 

білім  алушыларды  мектеп  әкімшілігі  жеке  бағдарлама  бойынша  жұмыспен 

қамтамасыз етуі тиіс.  

2.13.32  Оқу  бөлмесіндегі  атмосфераны  ластауы  мүмкін  улы  заттармен 

(хлор, күкірттіқышқыл, фосфин, көміртек (II) оксиді, бром, бензол, дихлорэтан, 

диэтил  эфирі,  формалин,  сірке  қышқылы,  аммиак)  тәжірибелерді  жөнделген 

сорғыш  шкафта  немесе  аспаптарда  –  бөлінген  заттардың  адсорбциясымен 

тұйықталған жүйелерде жүргізілуі тиіс.  

2.13.33  Тәжірибе  жасау  және  жүргізу  кезінде  сілтілік  металдармен, 

кальциймен,  концентрлі  қышқылдармен  және  сілтілермен  жұмыс  арнайы 

киімдер  жеке  қорғаныс  құралдарын  (халат,  алжапқыш,  қолғап,  көзілдірік) 

пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс.  

2.14  Музыка  кабинеті  оқушылардың  түрлі  музыкалық  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыруына  мүмкіндік  беруі  керек  (мектеп  хоры,  вокалды  немесе 

аспапты ансамбльдер).  

2.14.1  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда  музыка 



19 

 

кабинетінің қызметі арнайы құралдармен жабдықталуы қажет.  



2.14.2  Музыка  кабинеті  оқушылардың  музыканы  тыңдауы  мен  ән 

орындауы  үшін  қажетті  шағын  сахнасы  бар  концерт  залының  қызметін 

атқаруы тиіс.  

2.14.3 Білім алушыларға арналған жеке үстелдер мен орындықтар, көрнекі 

құралдарды, ноталарды, оқулықтарды қоюға арналған сөрелер немесе шкафтар 

болуы қажет.  

2.14.4  Музыка  кабинеті  қызметі  аясының  кең  болуына  байланысты  үш 

функционалдық  кеңістік:  вокалдық-хор  жұмысы  үшін  амфитеатр,  жазбаша 

және  теориялық  жұмыс  үшін  –  үстелдер,  музыкалық  қозғалыстарға  арналған 

бос орын болуы тиіс.  

2.14.5 Музыка кабинеті кең және жақсы желдетілетін болуы тиіс. Ән салу 

және  музыкалық  қозғалыстар  барысында  тыныс  алу  әрекеті  белсенділікке 

ұшырауына байланысты ауа көп қажет болады.  

2.15  Бейнелеу  өнері  кабинеті  терезелері  көп  анағұрлым  жарық  бөлмеде 

болуы тиіс.  

2.15.1  Бейнелеу  өнері  кабинетінің  терезелері  солтүстік,  солтүстік-шығыс, 

солтүстік-батыс  (тікелей  заттың  өзіне  қарап  сурет  салу  үшін  бір  жарықты 

сақтауға мүмкіндік береді) бетте болуы тиімді болып табылады.  

2.16 Технология кабинеті: оқу әрекетін ұйымдастыру қыздар үшін және ер 

балалар үшін жеке-жеке жүзеге асырылады:  

 

ер  балалар  арналған:  тақта,  проектор,  ағаш  пен  металдан  жасалған 



модельдердің  үлгілері,  техника  қауіпсіздігіне  арналған  плакат,  ағаш  пен 

металды  қолмен  және  механикалық  түрде  өңдеу  үлгілері,  технологиялық 

карталар,  бұйым  жасау  кестелері,  ағаш  және  темір  өңдеуге  арналған  токар 

станоктары,  ағаш  және  темір  өңдеуге  арналған  қол  саймандары,  электрлік  ою 

ара, бұрғы, ағаш және темір өңдеуге арналған біріктірілген үстелдер;  

 



қыз  балаларға  арналған:  тақта,  проектор,  тігін  машиналары,  астарлап 

тігу машинасы (жасырын тігіске арналған), доға тәрізді инесі бар, оверлоктар, 

техника  қауіпсіздігіне  арналған  плакаттар  мен  кестелер,  қолмен  жасайтын 

жұмыстарға  арналған  саймандар  мен  құрылғылар,  стандартты  34-52 

өлшемдеріндегі  ер  және  әйел  адам  фигуралары  манекендері,  екінші  қайтара 

өңдеуге арналған жабдықтар – қызуды реттеуші және бумен ылғалдандырушы 

тетігі  бар  электр  үтігі,  үтіктеу  тақтайы,  баспақтар,  бу  генераторы,  төсеу 

үстелдері,  көрнекілік  материалдары:  үлгілер,  ас  дайындап-ішуге  арналған 

ыдыс-аяқ, әртүрлі тұрмыстық техника.  

2.16.1 Кабинетті ресімдеу:  

–  оқу  шеберханасында  қауіпсіздік  техникасы  ережелері  бойынша 

плакаттар сериясы;  

 

көрсету  материалдары  –  дайын  бұйымдардың  үлгісі,  бұйым 



бөлшектерінің үлгілері және т.б.;  

 



дидактикалық  материал  –  бағдарламаның  барлық  тақырыптары 

бойынша нұсқаулық-технологиялық;  

 

тарату 



материалдары 

– 

суреттер, 



барлық 

бағдарламалардың 




20 

 

тақырыптары бойынша сызбалар.  



2.16.2  Технология  кабинетінде  оқушының  (ер  балалар  үшін)  жеке  жұмыс 

орны  –  верстак  немесе  артқа  шалқаятын,  не  жылжитын  орындығымен 

жабдықталған  арнайы  үстел.  Верстак  (үстел)  құрылымы,  оқушының  бойын 

есепке  ала  отырып,  биіктігін  өзгертуді  қамтамасыз  етуі  қажет,  немесе  аяққа 

арналған тіреуіштерді пайдалануға мүмкіндік беру керек.  

2.16.3 


Жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  5-9  сыныптардың 

оқушыларына  арналған  оқу  верстактары  ағаш  –  ағаш  өңдеу  және  графикалық 

жұмыстарын  орындауға  арналған;  темір  –  темір  өңдеу,  монтаждау-құрау, 

электротехникалық 

және 

графикалық 



жұмыстарына 

арналған, 

құрамдастырылған  –  ағаш,  темір  өңдеу,  монтаждау-құрау,  электртехникалық 

және графикалық жұмыстарға арналған верстак түрлері қолданылады.  

2.16.4 Жұмыс орны әртүрлі құрылымдағы арнайы суырмаларда орналасқан 

үнемі қолдануда болатын құрал-саймандармен жабдықталады.  

2.16.5 Оқушының жұмыс орнының мөлшері, орындалатын жұмыс сипаты, 

жұмыс  кезінде  дене  тұрысы  оқушының  жұмыс  істеу  орнының  ауданын 

белгілеуге мүмкіндік беруі тиіс.  

2.16.6  Темір  (слесарлық)  шеберханасындағы  оқушының  жұмыс  орнының 

ауданы  үстел  бетінің  мөлшерінен  саналып  шығарылады  (ені  500х20  мм, 

ұзындығы 1000±20 мм) және верстактар арасынан өтетін орын көлемінен (1000 

см) және 5,0 шаршы м. құрайды.  

2.16.7 Ағаш шеберханасындағы оқушының жұмыс орнының ауданы үстел 

бетінің  мөлшерінен  саналып  шығарылады  (ені  450х20  мм,  ұзындығы  1000±20 

мм) және верстактар арасынан өтетін орын көлемінен 650 см, жалпы 3,2 шаршы 

метр құрайды.  

2.16.8  «Технология»  сабақтарындағы  окушылар  саны  орташа  есеппен  15 

адам  құрайтын  мәліметке  тірелетін  болсақ,  оқушының  жеке  пайдалануға 

арналған  жұмыс  аймағының  жалпы  ауданын  белгілеуге  болады:  темір 

шеберханасында – 75 ш.м. (5,0 ш.м. х 15), ағаш шеберханасында – 48 ш.м. (3,2 

ш.м. х 15).  

2.16.9 Еңбекке қызмет ету кабинеті жабдықталуы тиіс:  

 



магниттік үш жармалы сынып тақтасы 1 дана;  

 



сызу құрал-жабдықтары 1 сызу құрал-жабдықтарының комплектісі;  

 



асханалық ыдыс-аяқ 2 жиынтық;  

 



шай сервизі 1 дана;  

 



асханалық сервиз 1 дана;  

 



төрт комфорлы электрлік плита 1 дана;  

 



тігін машинасы әр оқушыға 1 данадан;  

 



тігін өнімдерін пішуге арналған үстел 1 дана;  

 



асхана үстелі 2 адамға 1 дана;  

 



салқын және ыстық су жуғышы 1 дана;  

 



асханалық құрал-жабдықтар 2 жиынтық.  

2.16.10  Мектептің  оқу-өндірістік  шеберханалары  (бар  болған  жағдайда) 

механикалық  тартпалы  желдеткішпен  жабдықталуы  тиіс  (мектепте  ағаш 



21 

 

өңдейтін  және  металл  өңдейтін  шеберханалар  үшін  жеке  бөлме  беріледі, 



көбінесе мектептерде құрамды шеберханалар).  

2.16.11 Құрамды шеберханалар станоктармен жабдықталады:  

 

көлденең-фрезерлік НГФ-110-Ш4 1 дана;  



 

оқу қайрақтары ЭТШ-1 1 дана;  



 

бұрғылау үстелі 2М 112 2 дана;  



 

фуговалдық аралау үстелі ФПШ-5м 1 дана;  



 

токарлық-бұранда кескіш ТВ-5 немесе ТВ-6 3 дана;  



 

ағаш кесу бойынша токарлық СТД-120М 2 дана;  



 

электр қайрақ ЭТ-75 1 дана.  



2.16.12 Станоктар мен механизмдер санитарлық нормалардың талаптарына 

жауап беру керек және тиісті қорғау құралдары болуы тиіс.  

2.16.13  Шеберханаға  металды  өңдеу  үшін  –  токарлық,  ағаш  өндеу  үшін  – 

слесарлық,  құрамалы  үстелдері  орнатылады.  Қажетті  құрал-жабдықтар  мен 

аспаптар  тізбесі  пәннің  барлық  бөлімдері  бойынша  оқу  бағдарламаларын 

орындауға себеп болуы тиіс.  

2.16.14 

Ұжымдық 


пайдаланудағы 

станоктік 

жабдық 

оқу 


шеберханаларында  нормативтік  және  санитарлық-гигиеналық  талаптарға 

сәйкес болуы тиіс.  

2.16.15  Фрезерлік  және  токарлық-бұрама  станоктарын  терезеге  қарсы 

немесе жарық беретін қабырғалары бойында орналастыру керек.  

2.16.16  Ағаш  өңдеу  токар  станоктары  ағаш  өңдеу  шеберханаларында 

арнайы  үстелдер  үстінде  орнатылады  және  ауа  тазартатын  сорғыштармен 

жабдықталады.  

2.16.17 


Механикалық  (сулы  қайрақ)  және  электрқайрағы  басқа 

станоктардан  бөлек  орнатылады,  мұғалімнің  үстеліне  жақын  жерде,  сонымен 

бірге, ауа тазартатын сорғыштармен жабдықталады.  

2.16.18  Сүргілейтін  және  дөңгелектеп  кесетін  станоктар  қосалқы  бөлмеде 

орнатылады, ондағы жұмыстарды тек технология пәні мұғалімі орындайды.  

2.16.19  Аталған  станоктардың  барлығында  кернеуі  36В  құрайтын 

жергілікті  жарықтандыру  орнатылады.  Шамдар  30°-тан  төмен  емес  қорғаушы 

бұрышы  бар  жарық  өткізбейтін  материалдан  жасалған  шағылдырғыштармен 

жабдықталуы керек.  

2.17  Спорт  залы  гимнастикалық  құралдармен  және  жалпы  білім  беретін 

мектептердің 

дене 


шынықтыру 

залдарына 

арналған 

құралдарымен 

жабдықталуы тиіс.  

2.17.1  Төменгі  сынып  жасындағы  оқушыларға  (6-10  жас)  қажет  құралдар: 

шағын доптар (теннис добы), орташа және үлкен доптар (волейбол, баскетбол), 

түрлі-түсті жалаушалар, құм салынған қапшықтар, дәлдікті шыңдауға арналған 

нысана. Аталған құралдардың саны – 40 дана.  

2.17.2  Оқу  бағдарламасына  сәйкес  құралдар:  секіргіш  жіп,  сырғауыл, 

гимнастикалық  таяқ,  жалаушалар  (оқушылар  санына  есептелген),  стандартты 

батпандар,  салмағы  0,5  кг  және  одан  жоғары  стандартты  емес  батпандар, 

салмағы 1 кг және одан жоғары нығыздалған доптар.  



22 

 

2.17.3  Спорт  ойындарына  арналған  доптар:  футбол,  волейбол,  баскетбол, 



гандбол  доптары  (оқушылар  санына  есептелген),  волейбол  торы  (1-2  дана); 

алаңдар: баскетболға, волейболға арналған, жабдықталған футбол алаңы.  

2.17.4 Лақтыруға арналған доптар: теннис, хоккей ойындарының доптары, 

арнайы доптар (салмағы 150 г. (оқушылар санына есептелген).  

2.17.5 Шаңғы құралдары: шаңғылар, таяқтар, бәтеңке бекіткіштері, шаңғы 

бәтеңкелері (оқушылар санына есептелген).  

2.17.6  Гимнастика  сабағына  арналған  құралдар:  гимнастикалық  қалың 

төсеніштер,  гимнастикалық  орындықтар  –  10  данадан  кем  емес,  түрлі 

биіктіктегі 

арыс, 


керме, 

гимнастикалық 

бөрене, 

серіппе-секіргіш, 

гимнастикалық ат.  

2.17.7  Жеңіл  атлетика  сабағына  арналған  құралдар:  ұзындығы  30  м  және 

одан  ұзын  жүгіру  жолдары,  секіруге  арналған  шұңқыр,  бір  орыннан  секіруге 

арналған орын, салмағы 300 г, 500 г, 700 г гранаталар (әр салмақ бойынша 10 

дана), биіктікке секіруге арналған баған мен сырық (1-2 дана).  

2.17.8 Қозғалмалы ойынға арналған құралдар: «Орыс лаптасы» ойынының 

соққы-таяғы;  тоғызқұмалақ,  асық,  қамшы,  орамал  секілді  ұлттық  ойын 

құралдары.  

2.17.9 Көркем гимнастика және ырғақты гимнастикаға арналған құралдар: 

әуен  дискілері  бар  музыка  орталығы,  шағын  доптар,  сырғауыл,  секіргіш  жіп, 

лента (қыздардың санына қарай).  

2.17.10 Жүзуге: бассейн, себізгі (мүмкіндікке қарай).  

2.17.11 Спорт залдың құрал-жабдықтары (5-9 сыныптар):  

 



биік гимнастикалық бөрене;  

 



түрлі биіктіктегі арыс;  

 



арыс;  

 



өрмелеуге арналған арқан;  

 



гимнастикалық ат;  

 



гигиеналық жабыны бар поролон маталар;  

 



гимнастикалық серіппе-секіргіш;  

 



гимнастикалық қабырға;  

 



шаңғы және коньки спортына қажет құрал-жабдықтар;  

 



жеңіл атлетикаға қажет құрал-жабдықтар;  

 



туризмге қажет құрал-жабдықтар;  

 



спорт ойындарына қажет құрал-жабдықтар;  

 



алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған қобдиша.  

2.17.12 Спорт залдың құрал-жабдықтары (10-11-сыныптар):  

 

гимнастика сабағын өткізуге қажет құрал-жабдықтар;  



 

шаңғы жарысына және конькимен жүгіруге қажет құрал-жабдықтар;  



 

жеңіл атлетикаға қажет құрал-жабдықтар;  



 

спорт ойындарына қажет құрал-жабдықтар;  



 

атлетикалық гимнастикаға қажет құрал-жабдықтар;  



 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  өткізуге  қажет  құрал-жабдықтар 




23 

 

(тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы).  



2.17.13  Дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі  сабақ  өткізілетін  орынның 

санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сәйкес  келуін  әрдайым  қадағалап  отыруы 

керек. Сонымен қатар бірқатар талаптарды ескере отырып, алаңды және спорт 

залды сабаққа уақытылы дайындап отыруы қажет.  

2.18  Алғашқы  әскери  дайындық  (АӘД)  кабинеті  алғашқы  әскери 

дайындық,  өмір  қауіпсіздігінің  негіздері,  азаматтық  қорғаныс  бойынша 

бірқатар  практикалық  және  теориялық  сабақтарды,  әскери-патриоттық  тәрбие 

жұмыстарын,  сондай-ақ,  сабақтан  тыс  уақытта  үйірме  жұмыстарын  жүргізуге 

арналған оқу-тәрбие үдерісінің материалдық базасы болып табылады.  

2.18.1  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  алғашқы  әскери  дайындық 

пәнінің  оқу  материалдық-техникалық  базасы:  алғашқы  әскери  дайындық 

кабинеті;  оқу  қарулары  мен  әскери-техникалық  мүлікті  сақтайтын  бөлме; 

алғашқы әскери дайындықты оқу-үйрену қалашығы; ату тирінен құрылады.  

2.18.2 Күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орын 

кабинеттен  шыға  берісте  немесе  кабинетке  жақын  басқа  оқитын  жерде 

жабдықталады  және  құжаттамалары  бар  стенд,  кітаптар  мен  журналдар 

макетінен,  телефон  аппаратының  макетінен  тұрады.  Өрт  сөндіру  құралы  (өрт 

сөндіргіш) күндізгі қарауылдың жанында орналасады.  

2.18.3  Ату  тирі  –  арнайы  жабдықталған  бөлме  немесе  сол  оқу  орны 

орналасқан жердің үлескісі. Ол артта оқ линиясымен, алда  – оқ қағарлар және 

қабырғалармен,  қырынан  –  тирдің  аумағынан  оқтың  ұшып  кетуіне  кедергі 

жасайтын қабырға немесе стенд.  

2.18.4 Тирлер ашық, жартылай жабық, сондай-ақ 25,50 метр және одан да 

көп  темірбетон  трубалар  қолданып,  ықшамдалғаны  болады.  Бұл  жерде 

айналадағылар үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ату аумағына адамдар 

мен  жануарлардың  кіру  мүмкіндіктерінің  алдын  алу  керек.  Стенділер  атуға 

даярлық бойынша жабдықталады.  

2.18.5  Оқу-үйрену  қарулары  мен  әскери-техникалық  мүліктерді  сақтауға 

арналған бөлме сабақ өткізуге арналған оқу-материал базасын сақтауға, күтіп-

баптауға  және  дайындауға  арналған.  Ол  оқу-үйрену  қарулары  мен  әскери-

техникалық мүліктерді сенімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.  

 



мүліктерді қоюға арналған сөрелер (стеллаждар);  

 



қаруды сақтауға арналған пирамида;  

 



өртке қарсы құралдар;  

 



АӘД арналған әскери-техникалық мүлік жинақтары.  

2.18.6 Сақтау қоймасын алғашқы әскери дайындық бөлмесімен қабырғалас 

бөлмеге жабдықтаған дұрыс.  

2.18.7 Терезелер темір тормен қапталған болуы керек.  

2.18.8 Алғашқы әскери дайындық оқу-үйрену қалашығы мектеп аумағында 

орналасады  және  ол  асфальтталған  алаңда  оқу-құралдарымен  жабдықталған 

болуы керек. Оған мыналар жатады:  

 



саптық дайындықтан сабақ өткізетін орын;  

 



сақшының міндеттерін іс жүзінде үйренуге арналған орын;  


24 

 



 

жабдықталған тактикалық алаң мен ату қалашығы;  

 

спорттық шағын қала.  



2.18.9  Алғашқы  әскери  дайындық  қалашығын  салған  кезде,  оқу  құрал-

жабдықтарының  элементтерін  қайта  құру  арқылы  тактикалық  және  атыс 

сабақтарына 

қажет 


түрлі 

комбинацияларды 

құру 

мүмкіндіктерін 



қарастырған дұрыс.  

2.18.10  Білім  беру  ұйымдарындағы  ату  тирі  –  бұл  кіші  калибрлі 

винтовкадан  нысанды  атуға  арнайы  жабдықталған  құрылым.  Сабақ  кезінде 

тирде қауіпсіздік шаралары сақталып, оқушылармен тиісті нұсқаулар жүргізілуі 

керек. Білім беру мекемелерінде ату тирінің болуы міндетті емес.  

 

 



 


25 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет