Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы


 Оқу кабинеттеріндегі құжаттарға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#21189
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
4 Оқу кабинеттеріндегі құжаттарға қойылатын талаптар  

 

4.1  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру 



бойынша құжаттар электронды және қағаз портфолиода сақталады.  

4.2 Оқу кабинетінде төмендегідей заңнамалық және нормативтік құжаттар 

болуы тиіс:  

 



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;  

 



Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі;  

 



Жалпы  білім  беру  мекемелерінде  оқытуға  қойылатын  гигиеналық 

талаптар;  

 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім 



беру стандарты;  

 



Бағдарламалар, пән бойынша оқу-тақырыптық жоспарлар;  

 



ҚР  Жалпы  орта  білім беретін  ұйымарында  ғылым негіздерін  оқытудың 

ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (ағымдағы оқу жылына);  

 

Техникалык және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері.  



4.3  Білім  беру  үдерісін  қамтамасыз  ететін  мектептің  оқу  кабинеттерінде 

кабинеттің төлқұжаты болуы міндетті.  

4.4 Кабинеттің төлқұжатында болуы тиіс:  

1)  толық материалдық жауапкершілік туралы шарт;  

2)  мұғалім қызметінің лауазымдық нұсқаулығы;  

3)  кабинеттегі тәртіп ережесі;  

4)  кабинеттің  және  кабинеттегі  жабдықтардың  жағдайына  қойылатын 

санитариялық-гигиеналық талаптар;  

5)  жиһаздардың тізімі;  

6)  техникалық құралдар тізімі;  

7)  жабдықтардың, құрылғылардың және құралдардың тізімі;  

8)  еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулық;  

9)  зертханада  жұмыс  істеу  барысындағы  техникалық  қауіпсіздік  туралы 

нұсқаулық;  

10) білім алушылардың мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы туралы ереже;  

11) оқу жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары;  

12) кабинеттің жұмыс кестесі (тоқсандық);  

13) кабинетті қабылдау ведомосі.  

4.5  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды 

қамтамсыз  ететін  жұмыстардың  реттелген  тізімі  бойынша  кабинеттің  жұмыс 

жоспары болуы міндетті.  

4.6  Оқу  кабинетінің  ашылуы  және  жұмыс  істеуіне  байланысты 

нормативтік-нұсқаулық құжаттар болуы керек:  

1)  оқу  кабинетінің  ашылуы  және  білім  беру  бағдарламасын  табысты 

орындалуын қамтамасыз ету үшін оның жұмыс істеуі туралы бұйрық (кабинет 

меңгерушісінің «Нормативтік-құқықтық құжаттар» папкасында сақталады);  

2)  кабинет  меңгерушісін  және  лаборант  тағайындау,  олардың  қызметтік 

міндеттері  туралы  бұйрық  (кабинет  меңгерушісінің  «Нормативтік-құқықтық 




39 

 

құжаттар» папкасында сақталады);  



3)  кабинеттегі  бар  жабдықтар,  аспаптар,  техникалық  құралдар,  көрнекі 

құралдар,  дидактикалық  материалдардың  қызметтік  міндеттері  көрсетіліп 

ресімделген кабинет төлқұжаты;  

4)  кабинетте  бар  жабдықтарға  жасалған  мүлік  ведомосі  (кабинет 

меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);  

5)  кабинетте  жұмыс  істеу  кезіндегі  техникалық  қауіпсіздік  ережелері 

(танысу үшін кабинетте ілулі тұрады);  

6)  оқушылардың  кабинеттегі  жабдықты  пайдалану  ережелері  (танысу 

үшін кабинетте ілулі тұрады);  

7)  кабинеттің  жұмыс  істеуге  дайындығы  туралы  оқу  кабинетін  мектеп 

әкімшілігінің  қабылдау  актісі  (кабинет  меңгерушісінің  «Кабинет  төлқұжаты» 

папкасында сақталады);  

8)  нақты оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды 

қамтамасыз  ету  бойынша  оқу  кабинетінің  дайыдығы  туралы  мектептің 

әдістемелік  комиссиясы  шешімінің  хаттамасы  (кабинет  меңгерушісінің 

«Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);  

9)  оқу 

жылына  арналған  кабинеттің  жұмыс  жоспары  (кабинет 

меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады):  

- перспективалық және оқу жылының жұмыс жоспары;  

-  оқу  кабинетінде  сабақтар  өткізу  және  оқу  іс-шараларын  өткізу  кезінде 

техника  қауіпсіздігі  ережелерін  және  санитариялық-гигиеналық  нормаларды 

сақтау(қауіпсіздік  ережелері  бойынша  жүргізілген  нұсқамалардың  өткізілуі 

жөнінде журнал).  

4.7  Мектептің  білім  беру  бағдарламасын  орындау  бойынша  оқу 

кабинетінің  жұмысын  жоспарлау  және  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар: 

мұғалімдер  мен  оқушылардың  білім  беру  стандарты  талаптарын  орындауды; 

дамыта оқыту әдісін енгізу; таңдауы бойынша курстар жұмысы бағдарламасын 

дамыту қамтиды.  

4.8  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  мүмкіндік 

деңгейін анықтау үшін төмендегідей бағалау критерийлері ұсынылады:  

 



оқу кабинеті төлқұжатының болуы;  

 



оқу кабинеті портфолиосының болуы;  

 



оқу жабдықтарын сақтаудың тиімділігі;  

 



әдістемелік және оқу құралдарының болуы;  

 



қолданыстағы оқу жабдықтарының, құралдардың жүйелілігі;  

 



қабырға тақталардың болуы;  

 



қабырға тақта материалдарының жағдайы, көркемдігі;  

 



оқытудың  техникалық  құралдарының  болуы  және  оларды  сақтаудың 

ұйымдастырылуы;  

 

мұғалімнің жұмыс үстелінің жағдайы;  



 

оқу  ғимаратында  еңбекті  қорғау  және  білім  алушылардың  өмірінің 



қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың, журналдың болуы;  

 



дәрі-дәрмек қобдишасының болуы;  


40 

 



 

жарықтандыру;  

 

үстелдер мен орындықтар жағдайы;  



 

кабинетте өсімдіктердің, гүлдердің болуы, олардың жағдайы;  



 

кабинет терезелерін безендіру.  



 

 

 




41 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет