Баланың ғылыми – дүние танымының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? Адамның қабілеттері қалай пайда болады?
Қабілеттер өздері қызмет процесінде көрінетін және оның сәттілігіне әсер ететін қасиеттер мен қасиеттердің жиынтығы ретінде пайда болады. Қабілеттер мен олардың құрылымын түсіну үшін адамның тұқым қуалайтын және әлеуметтік проблемасымен байланысты табиғатын анықтау қажет. Қабілеттердің даму деңгейі, адамның қасиеттері мен қасиеттерінің күрделі кешені ретінде, қоғам дамуының осы кезеңіне тән нақты формалар мен іс-әрекеттердің дамуына байланысты және оларды анықтайды.
Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.
ОД
Сұрақ – жауап
5) Жинақтау
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру үшін интеграцияны қалай кіріктіруге болады?
Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, физикадан алған білімінің сапасын көтеруде және жеке тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні зор. Әсіресе, гуманитарлық бағыттағы пәндермен байланыстырса оқуышларға ерекше әсер берері сөзсіз. Өйткені күнделікті сабақта физика пәнін тек жаратылыстану пәндерімен байланысты оқытылады. Музыкамен, әдебиетпен, тарихпен және дене шынықтыру пәндерімен интеграциялап оқыту оқушылардың физика пәні бойынша алған білімдерін саралап, тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Мысалы: 9 – сыныпта өтілетін механикалық тербелістерге мысал бола алатын мына бір өлең шумағына назар аударайық:
«Қара саздың шыбығын жел тербеген, Жел тербеген шыбықты мен тербегер», – деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықты тербелісі сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды. Ал «Таудағы көктем» өлеңінде мына:
«Қасқа бұлақ, Тастан құлап Бара жатыр шапқылап» – деген жолдарға назар салайық. Мұқағалидің бұл өлеңінде физика пәнімен тікелей байланысты. Бұл арада тастан құлап аққан бұлақтың потенциялдық энергиясының кинетикалық энергияға айналуымен, яғни, энергияның бір түрінен екінші түрге ауысып отыратындығын түсінеміз.