Intel® «Болашақ үшін оқыту» ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе


ХХІ ғасырда жергілікті қоғамдастықтарда адамдар



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата31.03.2017
өлшемі7,89 Mb.
#11003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ХХІ ғасырда жергілікті қоғамдастықтарда адамдар: 
• 
жергілікті,  мемлекеттік  және  жаһандық  мәселелерден  хабардар 
болуы үшін Интернетті пайдаланады; 
• 
ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  әртүрлі  мәселелер 
бойынша өз көзқарасын білдіріп, өзара қатысады; 
• 
үйде отырып, елді басқаруға қатысады.  
Компьютерлер    ескіше,  өнбес  жұмыстарды  атқаруды  өзіне  көбірек 
алған  сайын,  адамдар  икемділікті  және  шығармашылықты  талап 
ететін  мәселелерді  шешуге  көбірек  тартыла  бастайды.  Жаңа 
технологиялар  көңіл  көтеру,  белсенді  демалу  мен  жергілікті 
қоғамдастықтардың ісіне қатысу үшін, іс жүзінде, шексіз мүмкіндіктер 
жасайтындықтан  ХХІ  ғасырда  үй  өмірі  де  анағұрлым  күрделене 
түседі. 
ХХІ  ғасырда  мектептер  тек 
қана  бар  жұмыс  орындарына 
қызметкерлер  дайындамауы  тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  және 
олардың 
отбасыларының 
күнделікті 
өмірде 
ақпараттық 
технологияларды қалай пайдаланатындығынан хабардар болуы тиіс. 
ХХІ ғасырда мектепте оқушылар: 
• 
пәнді терең игеруді және өз білімін басқару біліктілігін талап ететін 
күрделі шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасайды; 
• 
жоғары 
деңгейде 
ойлау 
дағдыларын 
талап 
ететін 
тапсырмалармен 
жұмыс 
жасай 
отырып, 
қатарларымен,  
мұғалімдермен және мамандармен ынтымақтасады; 
• 
ақпараттық  технологияларды  шығармашылық  үшін,  мәселелерді 
шешу мен шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.  
Оқушыларға  өзін  өзі  шыңдауда  көмектесу  үшін,  оқушыларға  ылғи  да 
өзгермелі  қоғам  мен  технологияларға  бейімделуге  көмектесетін,  ХХІ 
ғасырда  қажетті,    төменде  келтірілген  білім  мен  біліктіліктерді 
мұғалімдер әрқашан ескеруі қажет. 
• 
Жауапкершілік және бейімділік — өз өмірінде, жұмыс орнында 
және қоғамдық өмірде жекелей жауапкершілік пен икемділік көрсету,  
өзі  мен  басқа  үшін  жоғары  мақсаттар  қойып,  оған  жетуге  ұмтылу, 
пікірлердің көпмәнділігі мен көптүрлілігіне төзімділікпен қарау. 
• 
Қатынас  дағдылары    -  ауызша,  жазбаша  және  мултимедиалық 
хабарларды  барлық  алуан-алуан  түрде  және  контексте  қабылдау, 
түсіну, жасау және тарату біліктілігі. 
• 
Шығармашылық 
және 
танымдық 
қызығушылық— 
жаңа 
идеяларды дамыту, қолдану,  тарату, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді  
қабылдауға ашықтық 
• 
Сынай  және  жүйелі  ойлау  —баламаларды(альтернативтерді) 
саналы  және  дәлелді  түсіну,  күрделі  жағдайда  таңдай  білу 
біліктілігі, жүйелер арасындағы өзара байланысты түсіну.  
• 
Ақпараттық  және  медиалық  сауаттылық  дағдылары  
аудиовизуалды  ақпараттың  алуан  түрлерін  қабылдау,талдау, 
басқару, біріктіру, бағалау және жасау. 

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
17 
•  Өзара  тұлғалық  қарым-қатынастар  мен  бірлескен  іс-әрекет 
дағдылары    —  командада  басқару  және  жұмыс  жасау,  әртүрлі  рөлді 
қабылдау  мен  өзіне  жауапкершілік  алу,  басқа  адамдармен  өнімді  жұмыс 
жасау, ұқсас емес пікірлерді сыйлау біліктілігі. 
• 
Мәселені  идентификациялау,  тұжырымдау  және  шешу    — 
мәселелерді саралау, талдау және шешу біліктілігі. 
• 
Өзіндік бақылау — өзінің білім саласындағы қажеттіліктерін түсінуі, 
қажетті  ресурстарды  таба  алу  біліктілігі,  оқытуды  бір  білім  саласынан  
басқасына  көшіру. 
• 
Әлеуметтік  жауапкершілік  —  жергілікті  қоғамдастық  мүдделері  үшін 
жауапты  әрекеттер,  жеке,  қоғамдық  өмірде  және  өндірістегі  этикалық 
тәртіп.  
Источник: 
Partnership 
for 
21st 
Century 
Skills 
(www.21stcenturyskills.org). Рұқсатпен келтіріліп отыр. 
2 - жаттығу. Қазіргі оқыту ортасын болашақ оқыту 
ортасымен салыстыру    
1- қадам 
Сізді  мектепте  қалай  оқытты?  Сізге  оқыту  үдерісінде  не  ұнады  және    не 
ұнамады? 
Өз жауаптарыңызды төмендегі кестеге жазыңыз. 
Сізді қалай оқытты? 
Сізге не ұнады? 
Сізге не ұнамады? 
Тыңдаушылар өз ойын 
серіктесімен талқылайды. 
Тьютор екі немесе үш жұпты 
өз тәжірибесін топпен бөлісуді 
сұрайды. Тьютор қайталанған 
жауаптарды түйіндеп, 
пікірталастың қорытындысын 
шығарады.
 

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
18 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Тьютор кестедегі 
ақпараттың орналасу 
логикасын қысқаша 
түсіндіреді. Содан соң 
тыңдаушылар өз бетінше 
кестемен танысып, өз 
сыныбында қандай 
тәсілдер қолданатындығын 
айқындайды. Тьютор 
сұраған жағдайда онымен  
қатысушылар өз 
тәжірибесімен бөліседі. Сіз 
қатысушылардың көпшілігі 
өз тәжірибесімен 
бөліскеннен кейін, көптеген 
тәсілдер туралы әңгіме  
қозғағандығын 
байқауыңыға болады. 
мүмкін.
 
2 - қадам 
Өз ойыңызды басқа қатысушылармен талқылаңыз. 
Дәстүрлі оқыту. Ортада мұғалім 
Оқытудың  дәстүрлі  тәсілі,  ортада  мұғалім,  ал  негізгі  сабақ  беру  әдісі  – 
лекция  оқу,  бүкіл  әлем  мектептерінде  ең  кең  таралған.    Оқыту  үдерісінің 
орталық  фигурасы  мұғалім  болып  табылатын  тәсіл  айрықша  келесі 
жағдайларда өте тиімді болып табылады: 
- жалпының бәрі бірдей  қолы жетпес ақпаратты тарату жағдайында; 
- ақпаратты тез беру қажеттілігі  болғанда; 
-ақпаратқа қызығушылық туғызу маңызды жағдайда; 
-мұғалім  ақпаратты  есту  арқылы  жақсы  игеретін  оқушылармен  жұмыс 
жасауда. 
Бұған  қарамастан,  мұндай  дәстүрлі  тәсілдің  кемшіліктері  де  бар,  атап 
айтқанда: 
- есту арқылы ақпаратты оқушылардың барлығы   жақсы қабылдай алмайды; 
- оқушыларды қызығушылықта ұстап тұру ылғи да оңай емес; 
- мұндай тәсіл, әдетте, оқушылардан сынай ойлауды талап етпейді; 
-оқыту үдерісі жауапкершіліксіздік сипатта, бәрі бірдей оқиды.  
ХХІ ғасыр, тұлғаға бағдарланған оқыту 
ХХІ  ғасырда  оқыту  үдерісінің  негізі  мұғалім  емес,  оқушы  болып  табылатын 
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы неде? Олар төмендегі кестеде 
қысқаша  келтірілген  оқыту  мазмұны,  оқыту,  сыныптың  білім  беру  кеңістігі, 
ақпараттық 
технологияларды 
бағалау 
мен 
пайдалану 
тұрғысынан 
айрықшаланады. Әр тәсіл белгілі бір жағдайда орынды болып табылады. 
Бұл  кестенің  мақсаты  қай  тәсілдің  жақсы  екендігін  дәлелдеу  болып 
табылмайды.  Керісінше,  бұл  кесте  нақты  жағдайға  байланысты  екі  тәсілдің 
де тиімді болатындығын көрсетеді.  
Ортада мұғалім болып табылатын
оқытудың дәстүрлі жүйесі 
Ортада оқушы болып табылатын 
тұлғалық-бағдарланған оқыту
 
Оқыту мазмұны 
Мазмұн оқу жоспарымен және 
бағдарламамен анықталады. Барлығы 
бір уақытта бір тақырып төңірегіндегі 
материалды игереді.
Оқушылардың оқу үшін арнайы оқу 
жоспары және бағдарламамен 
анықталған тақырып төңірегіндегі 
материалды таңдауға мүмкіндігі бар. 
Оқушылар мұғалім таңдауымен 
немесе мектеп кітапханасы 
мүмкіндіктерімен шектелген ақпаратқа 
қол жеткізе алады. 
Оқушылар әртүрлі деңгейлі алуандаған 
ақпарат көзіне шексіз қол жеткізе 
алады. 
 
Оқу тақырыптары  көбіне бір-бірімен, 
басқа пәндермен байланысты емес 
және өмірден алшақ.
Оқытудың негізінде пәнаралық 
байланыс, қоршаған әлеммен және 
нақты өмірмен байланыс жатыр.  

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
19 
Оқушылар фактілерді есте сақтайды 
және тек кей кезде ғана ақпаратты 
сынай талдайды. 
 
Оқушылар жоғары деңгейлі ойлау 
дағдыларын, материалды бағалауды, 
фактілерді жалпылауды талап ететін 
талдаумен айналысады. 
Оқушылардың мақсаты дұрыс жауап 
іздеу болып табылады. 
 
Оқушылардың мақсаты мүмкін дұрыс 
жауаптардың бірін немесе бірнешеуін 
іздеу болып табылады.
Мұғалім іс-әрекет түрлерін таңдайды 
және сәйкес деңгейдегі 
материалдарды ұсынады. 
 
Оқушылар мұғалім ұсынған іс-әрекет 
түрлерінен таңдап, көбіне,  орындалатын 
жұмыстың күрделілік деңгейін өздері 
таңдайды 
Оқыту 
Мұғалім — ақпарат көзі, сценадағы 
басты артист ретінде оқушыларға 
білім алуға және дағдыларды 
қалыптастыруға көмектеседі. 
 
Мұғалім — фасилитатор, жолсерік және 
бақылаушы -
  оқушыларға алынған 
біліктілігін жаңа білім құрастыру үшін 
қолдануға мүмкіндік жасайды. 
Мұғалім— оқушы біліміндегі 
олқылықтарды толтыруға тырасатын 
 
эксперт  
Оқушылар — эксперттер, мұғалім 
оқушылардың басым жақтарына  
сүйенеді. 
 
Оқыту — түсіндіру үдерісі
Оқыту — жасап құрудың шығармашылық 
үдерісі 
Оқушылар игерілетін материалмен 
байланысты қысқа, бөлектенген 
тапсырмалар мен жаттығуларды 
орындайды. 
 
Оқушылар ұзақ мерзімді міндеттермен 
байланысты және білімді терең түсінуге 
және олардың әрі қарай қолданылуына 
бағытталған тапсырмалар мен 
жобалармен жұмыс жасайды.
Білім беру кеңістігі 
Оқушылар сабақтың көп бөлігінде 
енжар және көбінесе тыныштықта 
болатын сыныпта оқиды
Сынып –жұмыс орны, мұндағы шуылдың 
деңгейі оқушылардың немен 
айналысуынан тәуелді 
Оқушылар көбінесе жеке жұмыс 
жасайды 
Оқушылар көбіне бір-бірімен, 
эксперттерменен және мұғалімдермен 
бірігіп жұмыс жасайды
 
Бағалау 
Оқушылар көбінесе жазба 
емтихандарды жеке тапсырады. 
Тапсырмалар мен тақырыптар 
жасырын ұсталынады, сондықтан да, 
оның бір бөлігі ғана тексерілетініне 
қарамастан, оқушыларға барлық 
материалды оқуға тура келеді. 
Оқушылар еңбегі қалай бағаланатындығы 
туралы алдын-ала біледі, еңбегі 
бағаланатын көрсеткіштерін түсінеді, өз 
мұғалімдері мен сыныптастарынан кері 
реакция алып, өзіндік бағалаудың 
көптеген мүмкіндіктеріне ие болады. 
 
Оқыту нәтижесіне мұғалім жауапты 
Мұғалім мен оқушы оқыту нәтижесі мен 
табысқа жауапкершілікті бөліседі
Оқуға деген негізгі мотив көбіне  жақсы 
баға алуға ұмтылыс, мұғалімге жақсы 
көріну және мадақтау алу болып 
табылады.
Мотивация көзі оқыту үдерісіндегі 
қызығушылық пен белсенді іс-әрекет 
болып табылады. 
Технологиялар
Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді, 
оны иллюстрациялайды, әртүрлі 
технологиялар көмегімен 
тәжірибелерді  айқындап көрсетеді
Оқушылар алуан түрлі технологияларды 
зерттеу үшін, қатынас жасап, жаңа білім 
алу үшін пайдаланады.  
 
                                                                                  

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
20 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Тьютор ақпаратпен таныстыру 
үшін дәстүрлі тәсілдің орнына 
тұлғаға бағдарланған тәсілді 
пйдаланатындығына назар 
аударыңыз. 
Өз ойларыңызды басқа 
қатысушылармен бөлісіңіз. 
Тьютор қатысушылардан  
өздері туралы айтпастан бұрын, 
олардан не күтілетіндігін 
түсіндіреді.  
Жақсы  мұғалім,  бір  ғана  оқыту  тәсілі  болмайтындығын  және  әртүрлі 
жағдайлар  көбіне  әртүрлі  әдістемелерді  қолдануды  талап  ететіндігін 
түсінеді. 
Сонымен, 
аталмыш 
курс 
оқытудың 
дәстүрлі 
жүйесі 
элементтерін  ХХІ  ғасырдағы  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  жүйесінің 
элементтерімен    бірге  пайдаланады.  Бұл  екі  тәсілдің  арасында 
айырмашылық  болғанымен,  ХХІ  ғасырдағы  тұлғаға  бағдарланған 
оқыту,  оқушылар  жаңа  біліктіліктерді  табысты  меңгере  алатын 
мазмұнды  білім  беру  ортасымен  қамтамасыз  ете  отыра,  дәстүрлі 
жүйенің тиімділігін арттыра алатындығын зерттеулер көрсетіп отыр.  
3 - қадам 
ХХІ  ғасырдың  тұлғаға  бағдарланған  тәсілі  оқушылардың  өзіне  несімен 
ұнауы мүмкін? Өз ойларыңызды және басқа тыңдаушылардың ойларын 
жазыңыз.  
3 - жаттығу. Топпен танысу 
Курстың  басқа  тыңдаушыларымен  танысу  уақыты  да  келді.  Сіз 
танысатын  әріптестеріңіз  осы Курс  кезінде де, оны  аяқтағаннан  кейін 
де,  өз  сыныптарыңызға  қайтып  оралып,  ХХІ  ғасырдың  тәсілін  оқыту 
мен сабақ беруге іс жүзінде қолдануды бастаған кезде бағалы ресурс 
болып табылатынына сенеміз.  
1-  қадам 
Сіз  өзіңіз  туралы  не  әңгімелегіңіз  келеді?  Мүмкін,  сіз  қай  сыныптарда, 
қандай  пәндерді  оқытатыныңызды  әңгімелегіңіз  келер?  Сіз  қайда 
жұмыс істейсіз? Сіз өзіңіз туралы не әңгімелегіңіз келетіндігін жазыңыз. 

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
21 
2 - қадам 
Өз  жазбаларыңызды  пайдаланып,  өзіңіз  туралы  айтыңыз.  Басқа 
қатысушылар не айтатындығын тыңдаңыз.  
Үй тапсырмасы. Рефлексия 
Осы модульде қарастырылған жаттығулар, іс-әрекет түрлері, біліктіліктер 
және 
тәсілдер 
туралы 
ойланып-толғаныңыздар. 
 
Сұраққа 
жауаптарыңызды  жазып  алып,  келесі  модульдің  алдында  оларды 
талқылауға дайын болыңыз. 
1.  ХХІ 
ғасырдағы  оқытуға 
тұлғаға  бағдарланған  тәсілді  не 
сипаттайтындығын,  тағы  да  оқып  шығыңыз.    Сізге  мейлінше  не 
қызықты  болды?Сіз  сабақта  өз  оқушыларыңызбен  нені  қолдануды 
қалар  едіңіз?  Бұл  тәсілдер  оқушыларға  оқыту  үдерісінде  қалай 
көмектеседі?  
2.  Осы  модульді  игеру  барысында  сіз  танысқан  әріптестеріңіздің  есімін, 
сонымен  қатар,  олар  өзі  туралы  не  айтқандығын  есіңізге  түсіріңіз. 
Олардың  ішінен  қайсысымен  сіздің  ортақ  мүдделеріңіз  бар?  Бұл 
мүдделер  қандай?  Сіз  әріптестеріңізбен  Курс  барысында  және  оны 
бітіргеннен  кейін  қалай  ынтымақтаса  немесе  өзара  әрекеттесе  алар 
едіңіз?   
 

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
22 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
1- модуль түйіні 
1- қадам 
Бұл  модульде  сіз  неге  үйрендіңіз?  Өз  ойыңызды  және  басқа 
қатысушылардың ойын жазып алыңыз. 
2-қадам 
Аталмыш модульде қандай кілттік сұрақтар қарастырылады? Өз 
ойларыңыз бен басқа қатысушылардың ойларын келтіріңіз.  
3-қадам 
Кез келген сұрақ қойыңыз, түсініктеме беріңіз. 2-модульмен танысыңыз 
және оны игеруге дайындалыңыз. 

2-модуль 
Компьютерде және Интернетте жұмыс істеу негіздерін оқып білу 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
23 
2 - модуль  
Компьютерде және Интернетте жұмыс 
істеу негіздерін оқып білу 
Технологиялық сауаттылық қарым-қатынас жасауға, мәлелелерді шешуге, 
ақпаратты жинауға, жүйелеу мен алмастыруға арналған технологияларды 
компьютер  сияқты  пайдалану  қабілеттілігін  қамтиды.  Аталмыш  курс 
компьютерді  құжаттармен    жұмыс  істеу  (мәтіндік  редактор),  презентация 
жасау  (мультимедиа),  математикалық  есептерді  шешу    (электрондық 
кесте)  үшін  пайдаланудың  практикалық  дағдыларын  игеруге  мүмкіндік 
береді. Бұл модульдің мақсаты – компьютердің негізгі компоненттерін оқып 
білу, операциялық жүйе мен интернет-навигация негіздерін білу. 
Жұппен жұмыс. 1- модульді оқып білудегі 
рефлексия
 
1-модульдегі үй  тапсырмасының сұрақтарына берілген жауаптарды  жұппен 
және барлық топпен талқылаңыз. Ең қызық ойларды жазып алыңыз. 
1-жаттығу. 
Компьютер 
компоненттерінің 
атаулары және тышқанмен жұмыс
 
Компьютерді пайдаланбас бұрын, негізгі ұғымдарды -  компьютердің негізгі 
бөліктерінің  атауларын  оқып  білуді,  сонымен  қатар,  компьютерлік 
тышқанмен жұмыс жасауды үйрену қажет.   
Алдыңғы модульді 
талқылаңыз. Аталмыш 
модульдің алдыңғымен 
қалай байланыста екенін 
түсіну  үшін оны қарап 
шығыңыз. 
Жұппен талқылаудан кейін 
тьютор бірнеше жұпқа 
талқылау   нәтижесін 
барлық топпен бөлісуді 
ұсынады.
 

2-модуль 
Компьютерде және Интернетте жұмыс істеу негіздерін оқып білу 
24
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
1- қадам 
Төменгі  кестеде  көрсетілген  компьютер  бөліктерінің  атауларын  өз 
компьютеріңізбен сәйкестендіріңіз. 
Компьютердің негізгі бөліктері 
1. Жүйелік блок, ішінде 
орталық процессор - 
компьютердің «миы» 
орналасқан 
2. Монитор теледидарға ұқсас – 
екеуінің де ақпаратты шығаруға 
арналған экраны бар  
 
3. Пернетақта ақпаратты теру және 
енгізуге арналған құрылғы ретінде 
пайдаланылады. Пернелерінде 
әріптер, цифрлар, сонымен қатар 
кейбір арнайы символдар 
бейнеленген. 
4. Тышқан көбінесе көрсеткішті 
(курсорды) экрандағы әртүрлі 
объектілерге әкелуге 
пайдаланылады. Тышқанның 
батырмалары бар, оларды басу 
арқылы әртүрлі әрекеттерді 
орындауға болады  

2-модуль 
Компьютерде және Интернетте жұмыс істеу негіздерін оқып білу 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
25 
2- қадам 
Кестені пайдаланып, тышқанмен жұмыс істеуге жаттығыңыз. 
Тышқанмен жұмыс
1. Тышқанмен жұмыс жасауда 
«шерту» ұғымы 
пайдаланылады. Шерту 
тышқанның батырмасын бір 
рет басып, тез  жіберуді 
білдіреді. Егер сіздің 
тышқаныңызда екі батырма 
болса, онда көп жағдайда сіз 
сол жақ батырмасын 
пайдаланасыз. Бірақ кейбір 
жағдайларда оң жақ батырма 
да іске қосылады.  
2. Кейде «екі рет шерту» - сол 
жақ батырманы екі рет тез басу. 
Екі рет шерту құжаттарды ашу 
немесе программаны жіберу үшін 
пайдаланылады.   
 
3. Тышқанның көмегімен 
орындалатын енді бір операция, 
— сүйрей тасу — сол жақ 
батырманы басып тұрып 
тышқанды қозғалту. Сіз 
тышқанның сол жақ батырмасын 
басқаннан кейін, оны жібермей 
тұрып, объектіні кез келген 
бағытта сүйрей тасуыңызға 
болады.  
 
2 - жаттығу. Операциялық жүйемен жұмыс  
Сіздің  компьютеріңізде  оның  не  істейтінінің,  іс  жүзінде,  барлығын    бақылайтын 
операциялық  жүйе  деп  аталатын  бір  негізгі  программа  бар.  Операциялық  жүйе 
орталық  процессордың  пернетақта  немесе  тышқаннан  алатын  ақпаратына  бақылау 
жасайды.  Содан  соң  операциялық  жүйе  ақпаратты  сіз  қазіргі  мезетте  пайдаланып 
отырған  программаға  береді.  Программа  ақпаратты  өңдегеннен  кейін,  операциялық 
жүйе ақпаратты мониторға шығарады.  

2-модуль 
Компьютерде және Интернетте жұмыс істеу негіздерін оқып білу 
26
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Жауап: терезе жинақталады,  
бірақ есептер тақтасында көрініп 
тұрады. 
Жауап: терезе қайтадан 
ашылады. 
Бұл  жаттығу  Windows  2000  және  ХР  ОЖ  үшін  дайындалған.  Microsoft  Windows 
танымал 
операциялық 
жүйе 
болып 
табылады 
және 
көптеген 
дербес 
компьютерлерде  орнатылған.  Сіз  компьютерді  қосқан  сайын,  Windows  автоматты 
түрде іске  қосылады. Бұдан кейін монитор экранында «жұмыс үстел» ауқымымен 
пайда  болады.  Жұмыс  үстелінде  компьютерде  орындауға  болатын  әрекеттерді 
немесе  тапсырмаларды  бейнелейтін  кішкентай  бейнелер  немесе  белгілер 
орналасқан.  Кейбір  белгілер  компьютерлік  программаларды  білдіреді,  басқалары 
компьютердегі құжаттар мен бумалар сақталататын обылыстарды көрсетеді.  
Сіз өз жұмыс үстеліңізде қандай белгілерді көріп отырсыз?  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет