File мәзірі File мәзірі файлдарды қосу және жазу, сұлбаның құрамдас бөліктерін басып шығару үшін қатаң көшірмелерін алу үшін, сонымен қатар, басқа модельдеу жүйесінің форматында файлдарды импорттау/экспорттау үшін қолданылады.
Бұл мәзірдің алғашқы төрт командасы: New (Ctrl+N), Open... (Ctrl+O), Save (Ctrl+S), Save As... — Windows бағдарламасындағы мәзірмен бірдей, яғни файлдармен жұмыс жасау үшін қолданылатын командалар. Бұл командалар үшін стандартты бейнелері бар батырмалар бар.
Revent to Saved... — редактрлеудің ағымдағы сеансында енгізілген барлық өзгерістерді өшіру және сұлбаны бастапқы түрдегі қалпына келтіру.
Print... (CTRL+P) — принтерге шығару үшін мағлұматтарды таңдау:
– Schematic — сұлбалар (бұл опция үнсіз келісім бойынша таңдалған);
– Description — сұлбаға сипаттама беру;
– Part list — принтерге шығарылатын құжаттар тізімі;
– Label list — сұлба элементтерін белгілеу тізімі;
– Model list — компоненттер сұлбасында бар тізімдер;
– Subcircuits — ішкі сұлбалар (аяқталған функциялық түйіндер болып табылатын және ішінде атауы бар тіктөртбұрышпен белгіленген сұлба бөліктері);
– Analysis options — модельдеу режимдерінің тізімдері;
– Instruments — аспаптар тізімдері.
Осы ішкі мәзірден басып шығаруға (Setup батырмасы) және материалды принтерге (Print батырмасы) жіберуге болады. Принтерге шығарылатын деректердің масштабын 20-дан 500%-ға дейін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
Print Setup... — принтерді баптау.
Exit (ALT + F4) — бағдарламадан шығу.
Install... — иілгіш дскімен қосымша бағдарламаларды орнату.
Import from SPICE — сұлба және SPICE (.cir кеңейтілу атымен) форматында модельдеуді беру сипаттамасының мәтіндік файлын импорттау және оның мәтіндік сипаттамасы бойынша сұлбаны автоматты түрде құру.