Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану


Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі23,44 Kb.
#55059
1   2   3
Байланысты:
Баяндама Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану

Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:
* Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.
Ізденіс тенденция кезеңі:
* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.
Презентация (тұсау кесер кезеңі):
* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;
*Сабақты қорыту кезеңі .Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;
Нәтижесінде мұғалім 45 минуттың 5-7 минут уақытын ғана алып, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп, танымдарын арттыруына жағдай туады. Тіпті, керек десеңіз, интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайды. Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді.
Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді.Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. Мұндай бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.
Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да, тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.
Мен тарих пәнінен өзім дәріс беретін сыныптарымда да осы әдістерді әрдайым пайдалануға тырысамын.Мысалы, 10-сыныпта «КСРО мен Қазақстандағы «қайта құру»» тақырыбындағы сабағымда оқушыларды жеребе суыру әдісімен өткен тақырыптағы термин сөздердің атауымен 3 топқа бөлдім. «Ассимиляция»,«Деформация» , «Диссидент» топ атауын таңдаған оқушылар топқа бірігіп,термин сөздердің анықтамаларын айтып,мысалдар келтіреді.
Қызығушылығын ояту мақсатында М.С.Горбачев туралы видеоролик көрсетіп ,оқушылардың пазарын аударып алып,жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпты табуды тапсырдым.. «Бұл кім?», «М.Горбачевтің есімі аталғанда ойларыңа қандай ұғымдар келеді?»т.б. Олай болса , ... тақырыпты хабарлау.(слайд)
М.Горбачевтың билікке келуімен КСРО –да реформалар кезеңі басталды.Реформа 7 жылға созылып, тарихта «қайта құру» деген атпен қалды. «Қайта құру» деген не ? Оны қалай түсінесіздер?
Оқушыларға КОКП ОК-нің Бас Хатшысы М.С. Горбачевтың КОКП ОК-інің 1987ж 27 сәуірде сөйлеген сөзінен үзінді беру арқылы олар «қайта құрудың » басты мақсатын анықтауға тырысады.
Слайд арқылы «қайта құрудың» негізгі себептерімен таныстыру...
Сабақтың соңында Француз президенті Франсуа Миттеранның М.Горбачев туралы айтқан ойын беріп, не айтқысы келгендігін оқушылардан сұрадым және осы пікірге өздерінің көзқарастарын айтқыздым
«В 1991 году, уже после распада СССР в интервью газете «Трибун» Франсуа Миттеран сказал: «Горбачев напоминает мне человека, решившего закрасить грязное пятно на стене своего дома. Но, начав зачищать стену, увидел, что шатается один из кирпичей. Попробовав его заменить, он обрушил всю стену, а принявшись её восстанавливать, обнаружил, что сгнил весь фундамент дома»
Ал ,7-сыныпта өткізілген «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы» тақырыбындағы сабағымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру , өз беттерімен іздене білу,деректермен жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру мақсатында рөлге бөлу әдісін пайдаландым және деректер арқылы сұрақтарға жауап табуға үйреттім.
Ежелгі уақытта «Моңғолдардың құпия шежіресі» деп аталатын құнды әдеби ескерткіш құрастырылған. Бұл еңбекте халықтың ата-баба шежіресі емес,негізінде Шыңғысханның өмірі мен қызметі туралы жазылған. Шежіре 12 бөлімнен тұрады.
І топқа осы шежіредегі анасының сөзін бердім.Ол арқылы оқушылар Шыңғысханның ата-тегі мен өмірге келуі туралы мәлімет алады.
Ал ІІ топқа жауынгер-ноянның әңгімесін бердім.Бұл әңгімеден оқушылар Моңғол мемлекетінің әкімшілік-қоғамдық құрылысы , әскери әдіс-тәсілдері , тәртібі т.б. туралы мәлімет алады. Мұғалім өз сөзімен алған мәліметтерін толықтырып отырады. Сабақтың қорыту кезеңінде оқушыларға рөлдік ойын бердім.Жалпы тарих пәніне рөлге бөлу әдісі өте қолайлы дер едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет