«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры жанындағы



Pdf көрінісі
Дата19.02.2017
өлшемі118,88 Kb.
#4493

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры жанындағы 

ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама орталығы

мамандарының 

№ *** - Э 

қорытындысы

Алматы қ.                                                                               27 маусым,  2011 ж.

«Әділ   сөз»   сөз   бостандығын   қорғау   халықаралық   қоры   жанындағы 

ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі 

Г.Х.Аженованың Шымкенттен шығатын Республикалық «Ар-Дақ» газетінің 

Бас   редакторы   Дәрменбай   Шәріп   сұранысының   негіздемесінде   20   маусым 

2011   жылғы   тапсырысы   бойынша   филология   ғылымдарының   кандидаты, 

доцент (аты-жөні) (мамандығы: 10.02.02 – қазақ тілі, 10.02.19 – тіл теориясы, 

еңбек   өтілі   -   15   жыл,   сарапшылық   қызмет   өтілі   –   4   жыл)   ұсынылған 

деректерге   түсінік   беру   мақсатында   арнайы   лингвистикалық   танымы 

негізінде келесі сұрақтарға зерттеу жүргізді. 

Түсінік беру үшін қойылған сұрақтар:

1.

«Ар-Дақ»   газетінің   25.03.2011   жылғы   нөмірінде   «Әкімге   әй 



дейтін әже, қой дейтін қожа табылмағаны ма!» атты мақалада 

«Қазақстан   ауылының   тұрғыны,   ия   ардагер   атағы   жоқ, 

азаматтығы   көріне   бермейтін»,  осы   жиында   ала   өкпе 

болып   бұтын   терлеткен   Ж.Салықбаев   деген   біреу 

«Ж.Мұқановты   сотқа   беруден   басқа   амал   қалмады   деп 

таусыла сайрапты» деген сөйлемдегі «ардагер атағы жоқ», 

азаматтығы   көріне   бермейтін,   осы   жиында   ала   өкпе 

болып бұтын терлеткен Ж.Салықбаев деген біреу»  деген 

сөйленіс   пен   сөз   тіркестерінде   талапкер  Ж.Салықбаев 



туралы   жағымсыз   мәлімет   бар   ма?   Егер   көрсетілген 

сөйленіс   пен   сөз   тіркестерінде   Ж.Салықбаев   туралы 

жағымсыз   мәлімет   қамтылған   болса,   олар  дерек   туралы 

тұжырымды   білдіре   ме?   Көрсетілген   сөз   тіркестері   мен 

сөйленістің   мән-мағынасын,   мазмұнын   қалай   түсінуге 

болады?


2.

«Әкімге   әй   дейтін   әже,   қой   дейтін   қожа   табылмағаны   ма!» 

атты жарияланымның көздеген мақсаты не, мақаланың жалпы 

бағыттылығы қандай?



Зерттеу нысаны және істің материалдары:

1.

Шымкенттен   шығатын   Республикалық   «Ар-Дақ»   газетінің   Бас 



редакторы   Дәрменбай   Шәріптің  сараптама   тағайындау   туралы 

сұранысының ксерокөшірмесі –1 бет.



2.

«Ар-Дақ» газетінің 25.03.2011 жылғы нөмірінде жарияланған «Әкімге 

әй   дейтін   әже,   қой   дейтін   қожа   табылмағаны   ма!»   атты   мақаланың 

түпнұсқасы – 1 бет.  



ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Даулы  мәтіннің  лингвистикалық  талдауында  мамандар  (сарапшылар) 

келесі   құқықтық   ақпаратты   ескерулері   тиіс.   Жеке   тұлғаның   ар-намыс, 

абыроймен бірге, іскерлік беделі де кір келтіру объектісіне жатуы мүмкін. 

Бұл   жағдай   сол   тұлға   жайында   нұқсан   келтіретін   мәліметтер   таратылған 

жағдайда   орын   алуы   мүмкін.   ҚР   Жоғарғы   соттың   сәйкес   Нормативтік 

қаулысында   нұқсан   келтіретін   мәліметтерге   берілген   анықтамада   нұқсан 

келтіретін мәліметтердің (басқаша айтқанда, құқық бұзушылық құрамының 

белгілері)   төрт   түрлі   белгісі   көрініс   тапқан:   а)   ар-намыс,   абырой   және 

іскерлік беделді түсіруге бағытталғандық; ә) тарату дерегі; б) мәліметтердің 

сипаты   (заңдар   мен   жалпы   қабылданған   моралдық   қағидаларды   бұзу);   в) 

мәліметтің   жалғандығы.   Мұнымен   бірге,   шындыққа   сәйкес   келмейтін 

мәлімет деп оның болған / болмағанын анықтауы мүмкін не анықталмайтын 

айғақты айтады [1].     

Сот   сараптамасы   теориясынан   белгілі   болғандай,   сараптама 

нәтижесінде   алынған   деректер   заңбұзушылық   құрамына   қатынасында   а) 

басты   деректер;   ә)   дәлелдемелік   деректер   болып   табылуы   мүмкін   [2,   19]. 

Лингвист алдына Х сөйленісі дерек туралы тұжырым болып табыла ма деген 

сұрақ қойылғанда, азаматтық-құқықтық деликттің объективтік жағына енетін 

басты деректі анықтау мақсаты көзделеді. ҚР АК 143 бап 1 тармақ бойынша 

норма   диспозициясында   тіркелеген   заң   бұзушылық   құрамына   қатынасы 

тұрғысынан   лингвистикалық   сараптама   жүргізу   кезінде   ақпараттың 



деректік / бағалауыштық сипатын анықтау басты мәселе болып табылады.  

1.

«Ар-Дақ»   газетінің   25.03.2011   жылғы   нөмірінде   «Әкімге   әй 



дейтін   әже,  қой   дейтін  қожа   табылмағаны   ма!»  атты   мақалада 

«Қазақстан   ауылының   тұрғыны,   ия   ардагер   атағы   жоқ, 

азаматтығы көріне бермейтін», осы жиында ала өкпе болып 

бұтын   терлеткен   Ж.Салықбаев   деген   біреу   «Ж.Мұқановты 

сотқа беруден басқа амал қалмады деп таусыла сарнапты» 

деген   сөйлемдегі  «ардагер   атағы   жоқ»,  азаматтығы   көріне 



бермейтін,   осы   жиында   ала   өкпе   болып   бұтын   терлеткен 

Ж.Салықбаев деген біреу» деген сөйленіс пен сөз тіркестерінде 

талапкер  Ж.Салықбаев   туралы   жағымсыз   мәлімет   бар   ма? 



Егер көрсетілген сөйленіс пен сөз тіркестерінде Ж.Салықбаев 

туралы   жағымсыз   мәлімет   қамтылған   болса,   олар  дерек 

туралы тұжырымды білдіре ме? Көрсетілген сөз тіркестері мен 

сөйленістің мән-мағынасын, мазмұнын қалай түсінуге болады?


Лингвистикалық талдауға берілген үзіндіде Ж. Салықбаевқа қатысты 

алғашқы ақпарат «ардагер атағы жоқ» сөйленісінде берілген.  Бұл сөйленіс 

контекстен   тыс   тұрғанда,   бейтарап   ақпарат   ретінде   қабылданады.   Себебі, 

ардагер   атағына   ие   болу   я   болмау   қандай   да   бір   жақсы   я   нашар   қасиет 

тұрғысындағы бағаны білдірмейді, сондықтан аталмыш тіркес Ж.Салықбаев 

туралы жағымсыз мәліметті білдіріп тұрған жоқ.

Ж.   Салықбаевқа   қатысты   келесі   ақпарат   «азаматтығы   көріне 

бермейтін» сөйленісінде берілген. Адам көпшілік көңілінен шығатын ісіне 

сәйкес   қоршаған   орта   тарапынан   «азамат»   ретінде   бағаланып,   танылады: 

«Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек» [3, 84]. Яғни, азамат – көптің бірі 

емес. Даулы үзіндінің авторының пікірінше, Ж. Салықбаев  азамат ретінде 

көпшіліктен ерекшелене бермейді. Жеке бір адамның көзқарасы бойынша, 

сондай-ақ   жалпы   түрде   көптің   бірі   болу   –   жағымсыз   я   қоғам   тарапынан 

айыпталатын әрекет болып табылмайды. 

Ал «осы жиында ала өкпе болып бұтын терлеткен Ж.Салықбаев 

деген біреу» сөйленісінде екі тұжырым бар: Ж. Салықбаев ала өкпе болды 

және  Ж.  Салықбаев  «бұтын   терлетті».  Мұндағы   «ала   өкпе  болды»  тіркесі 

даяр   қалпында   жұмсалатын,   өзінің   тура   сындық   (ала),   заттық   (өкпе) 

мағынасынан   айырылып,   фразеологиялық   байлаулы   мағынаға   ие   болған 

фразеологизм   [4,   100]   ретінде   қабылданады.   «Ала   өкпе   болу»   тіркесінің 

мағынасы   «әбігер   болу,       әуре-сарсаңға   түсу,   ала   шапқын   болу»   сияқты 

фразеологизмдермен   жуықтасады,   даулы   контексте   де   осы   мағыналарда, 

нақты айтқанда, «сол жиында тыным таппай жүгіріп, шаршады (тынымсыз 

жүгірген адам ала өкпе болады)» мағынасында қолданылған.  

Осы сөйленісте қолданылған «бұтын терлету» тіркесі тілдегі синекдоха 

–   бүтіннің   орнына   бөлшек,   көпшенің   орнына   жекеше,   жалпының   орнына 

жалқы немесе керісінше түрде алмасып айтылуы [4, 100]. Яғни басы бүтін 

бір адамның орнына оның бір мүшесі қолданылып, жеке мүшенің өзі сол 

адамды нұқсап тұр. Қазақ тілінде «алыстан  ат терлетіп келу» тіркесі тура 

(біраз жол жүріп жету) және ауыспалы мағыналарында (бір істің соңында 

жүгіру,   мысалы,   «несіне  ат   терлетіп  жүрміз»)   көп   жұмсалады.   Берілген 

контексте   «бұт   терлету»   тіркесі   «ала   өкпе   болу»   тіркесімен   бірге 

қолданылып, сөйлемге бейнелі (көркемдеуші) сипат беріп тұр. Қазақ тілінде 

адам мүшесімен келген фразеологимдер жоқ емес. Мысалы, «Арқа еті арша, 

борбай  еті   борша   болу»   [5,   59]   фразеологизмі   азып-тозу,   жүдеу   деген 

мағынаны   білдіреді.   Яғни,   тілдік   қолданыста  бұт,   борбай  сөздерінің 

жоғарыдағыдай   тіркестер   құрамында   типтік   ситуацияларды   сипаттау, 

салыстыру үшін қолданылуы заңды құбылыс. 

Даулы мәнмәтінде «ала өкпе болып, бұт терлеткен» түрінде түйдектеле 

келіп, Ж. Салықбаев іс-әрекетінің әбігерлі, әуре-сарсаң сипатын бейнелейді. 

Сөйтіп, «осы жиында ала өкпе болып бұтын терлеткен Ж.Салықбаев» 



сөйленісі   оның   (Ж.   Салықбаевтың)   әбігерлі   іс-әрекеті   туралы 

тұжырымды білдіреді, алайда ол әрекеттер  жағымсыз я қоғам тарапынан 

айыпталатын әрекет я дерек туралы тұжырым болып табылмайды  



Жалпы  «Қазақстан   ауылының   тұрғыны,   ия   ардагер   атағы   жоқ, 

азаматтығы   көріне   бермейтін»,  осы   жиында   ала   өкпе   болып   бұтын 

терлеткен Ж.Салықбаев деген біреу «Ж.Мұқановты сотқа беруден басқа 

амал   қалмады   деп   таусыла   сайрапты»   деген   сөйлемнің  тұтастығында 

автор   тарапынан   Ж.   Салықбаевтың   іс-әрекетіне   байланысты 

жақтырмағандық,   кекесін-мысқыл   сияқты   модал   мәндері   орын   алған. 

Модалдық  мәндер  сөйлеушінің оқиға,  іс-әрекетке  байланысты  көзқарасын, 

сол оқиға, іс-әрекет негізінде туындаған сезімін, бағасын білдіреді [6, 149]. 

Берілген мәнмәтіндегі модалдық мәнде жұмсалған сөздер:  біреу, сайрапты



«Ж.Салықбаев деген біреу»  сөйленісіндегі  біреу  сөзі «жай біреу, елеусіз, 

ешкімге таныс емес бір адам» түрінде сөйленіс авторы тарапынан бағаланған. 

Ал  сайрапты  сөзі  айту,   сөйлеу  сөздерінің   мағынасын   білдіргенімен,   бұл 

сөздерден   айырмашылығы   автордың   іс-әрекетке   байланысты   теріс 

эмоциясын қамтиды, нақты айтқанда, Ж.Салықбаевтің сөзін жақтырмағанын 

білдіреді.   Алайда,   сөйленіс   авторының  Ж.   Салықбаев   іс-әрекетіне 



байланысты   модал   мәнді   бұл   сөйленісінде   талапкердің   жағымсыз   я  

қоғам тарапынан айыпталатын әрекеті я дерек туралы тұжырым жоқ. 

2. «Әкімге әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылмағаны ма!» 



атты   мақала   авторының   көздеген   мақсаты   не,   мақаланың 

жалпы бағыттылығы қандай?

Зерттеуге   ұсынылған   «Әкімге   әй   дейтін   әже,   қой   дейтін   қожа 



табылмағаны ма!» мақаланың авторлары Шардара ауданында орын алған 

келеңсіз жағдайларға байланысты өз көзқарастарын білдіре отырып, қоғамды 

адамгершілік   тұрғыдан   сауықтыру,   ауызбіршілікті   насихаттау   мақсатын 

көздейді. Мысалы, аталмыш мақаладан алынған мына үзіндіде – «Түркімен, 

өзбек, тәжік елдерінен келген ағайындар арасынан белгілі мемлекет, қоғам 

қайраткерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, іргелі шаруашылық басшылар өсіп 

шықты. Біз ол кезде ру түгілі ұлтқа бөлінуді айыптайтынбыз.

Шардара ауданының бірінші басшылары Қ. Тұрысбеков, Ә. Жолдасов, Л. 

Бекжанов,   Ө.   Түгелбаев,   тағы   да   басқа   көптеген   азаматтар   тұсында   біз 

кадрларды   іріктеу   мен   тағайындауда   руына   қарап   жіктегенді   естіген 

емеспіз.   ...   тағы   басқа   азаматтар   тұсында   да   ауданда   ынтымақ   пен   бірлік 

жарасымын   тапты.   Үш   жүздің   ақсақалдары   мен   азаматтары   тең   дәрежеде 

бағаланып,   мамандығы   мен   қабілетіне,   білімі   мен   іскерлігіне   қарай 

лауазымдық қызметтерге тағайындалатын, мемлекеттік органдарда да барша 

жүздер мен ру азаматтары тең дәрежеде қызмет атқаратын» – авторлардың 

жалпы   адам   факторын,   адамның   «мамандығы   мен   қабілетіне,   білімі   мен 

іскерлігіне   қарай   лауазымдық   қызметтерге   тағайындалуын»,   осы   принцип 

сақталған ұзақ уақыттар бойында ауданда ынтымақ пен бірліктің болғанын, 

мемлекеттік,   қоғам   қайраткерлерінің,   сондай-ақ   іргелі   шаруашылық 

басшыларының тәрбиеленіп шыққанын алға тартады.

Мақаладағы   абзацтардың   логикалық,   мағыналық-мазмұндық, 

құрылымдық   байланысында   экскурс   (мәселені   түсіндіру   үшін   негізгі 

тақырыптан бұрылып кету), өткенге шолу жасау ерекше қызмет атқарып тұр. 


Авторлар   қоғамдық-әлеуметтік,   кадрлық   мәселелердің   көрінісін   ауданның 

түрлі   кезеңдеріне   шегініс   жасау   (экскурс)   арқылы   салыстырады.   Сөйтіп, 

пайымдау  негізінде   авторлар   руға   бөлінушілікке   қарсы   өз   көзқарастарын 

қисынмен дәлелдеуге тырысқан.       

Аталмыш   мақалада   қайсыбір   руға   басымдық   беріп,   қайсыбір   руды 

кемсітушілік ниеті орын алмаған. Мақала ауданда түрлі сала қызметкерлері 

тарапынан орын алған сөздер мен іс-әрекеттерді заңға және қоғам дамуына

ауызбіршілігіне   қайшылықты,   яғни   қоғамға   іріткі   салатын   дерек   ретінде 

сынауға бағытталған.    

ҚОРЫТЫНДЫ

1.  «Ардагер   атағы   жоқ»,  азаматтығы   көріне   бермейтін,   осы 

жиында   ала   өкпе   болып   бұтын   терлеткен   Ж.Салықбаев   деген   біреу» 

деген   сөйленіс   пен   сөз   тіркестерінде   талапкер   Ж.Салықбаев   туралы 

жағымсыз   мәліметтер   жоқ.   Ардагер   атағының   болмауы,   азаматтығының 

көріне бермеуі қоғам тарапынан айыпталатын аморалдық қылық я қасиеттер 

болып табылмайды, сондықтан  Ж. Салықбаев  туралы жағымсыз мәліметті 

білдірмейді. «Ала өкпе болып, бұтын терлеткен» тіркестері Ж. Салықбаевтың 

іс-әрекетін   бейнелі   жеткізу   құралдары   есебінде   қолданылған.   Мұнда 

талпкердің   қоғам   тарапынан   айыпталатын   аморалдық   қылық   көрсеткені 

тұрғысындағы   дерек   туралы   тұжырым   орын   алмаған.   Осы   даулы   сөз 

тіркестері   мен   сөйленістер   жоғарыда   көрсетілген   сөйлемнің   тұтастығында 

ғана автордың Ж. Салықбаев іс-әрекетіне байланысты жағымсыз эмоциясын, 

яғни субъективті модалдық мәндерді қамтиды. 

     

    2. Мақала ауданда түрлі сала қызметкерлері тарапынан орын алған сөздер 

мен іс-әрекеттерді заңға және қоғам дамуына, ауызбіршілігіне қайшылықты, 

яғни қоғамға іріткі салатын дерек ретінде сынауға бағытталған. 

Маман, филология ғылымдарының кандидаты,

доцент              

               (аты-жөні, мөр)



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Нормативное постановление Верховного суда РК от 18 декабря 1992г. 

№6   «О   применении   в   судебной   практике   законодательства   о   защите 

чести,   достоинства   и   деловой   репутатции   физических   и   юридических 

лиц». 

2. Белкин Р.С. Собрание, исследование и оценка доказательств. – М., 1966.



3.

Қазақ   халқының   мақалдары   мен   мәтелдері  //   Құраст.:   Алпысбаева   Қ., 

Әуесбаева   П.,   Әлібеков   Т.,   Қосанов   С.,   Сәкенов   С.   –   Алматы: 

ҚазмемҒАҒЗИ, 2001. – 463 бет.

4.

Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы: Мектеп,  1988. 



-148 бет.

5.

Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 



800 бет.

6.

Сүлейменова Э.Д. және басқалары. Анықтағыш.  – Астана: «Арман-ПВ» 



баспасы, 2007. – 240 бет.

7.

  Қазақ тілінің сөздігі / Редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы, 



1999. 

8. Белкин Р.С. Собрание, исследование и оценка доказательств. – М., 1966.

9. Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. 

– Алматы, 2004.– 208 б. 

10.

Муcтайоки   А.   Теория   функционального   синтаксиса:   от   семантических 



структур к языковым средствам. – М., 2006. – 512 c.

11. Қарымсақова  Р. Лингвистикалық қауіпсіздік / Жүз  жағдай    жүз кеңес. 

Журналистерге көмек.  Алматы: "Әділ сөз",  2007.  91142б.

12. Словарь основных терминов судебных экспертиз. М., 1980.

13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 19741986. 110томдар.

14. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990. 

15. Исаев   М.И.   Словарь   этнолингвистических   понятий   и   терминов.   –

М.:Наука, 2003. 

16. Большой толковый словарь русского языка / Под ред. С.А.Кузнецова. –

СПб, 1998. 

17. Краткий политический словарь. – М.: Политиздат, 1989. 

18. В.С.Ли   и   др.   Лингвистическое   исследование   конфликтного   текста   в 

юридической   практике   /   Р.Д.Қарымсақова,   Р.Б.Тапалова.   –   Алматы: 

Қазақ университеті, 2008. – 146. 

19. Политкорректность в СМИ Казахстана: поиск гармонии.  Алматы: "Әділ 

сөз",  2007.

20. Стандартная   методика   исследования   объектов,   содержащих   признаки 

оскорбления чести, достоинства и деловой репутации личности. Пособие 

для экспертов. – Алматы:  изд. ЦСЭ МЮ РК, 2002.

21. Понятия чести, достоинства и деловой репутации: Спорные тесты СМИ и 

проблемы   их   анализа   и   оценки   юристами   и   лингвистами.   Изд.   2е, 

перераб. и доп. – М., 2004.



22. Цена   слова:   Из   практики   лингвистических   экспертиз   текстов   СМИ   в 

судебных экспертизах и информационных спорах: Сборник материалов 

научнопрактического семинара. Часть 2. – М., 2002.

23. Памятка по вопросам назначения судебной лингвистической экспертизы. 



– М.,2004.

  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет