Мысалы, Украин дағдарысы немесе Ресейге батыс елдерінің санкциясы нақты мәліметтер, деректер, көрсеткіштер арқылы талданады. Бұл талдау әдісінде алдын ала екі немесе үш топ құрып оларға оқиғаның өрбуіне қатысты болжам, сценарий ұсынылады. Мысалы, Ресей батыстың санкциясынан құтылу мақсатында Донбасс пен Луганскіге қатысымыз жоқ, Қырымнан бас тартамыз деп мәлімдей ме, әлде аңдысын аңдып уақыт созуға мүделі ме, әлде ядролық потенциалын, қару жарақ арсеналын күшейтеді ме. Осындай үш бағытты талдайды және өз көзқарастарын ұсынады.