Әлеуметтік психологияның құрылымы мен проблематикасы жайлы ұғым алу үшін оның түп тамырына көз жіберген жөн. Оның ғылым ретінде дамуының 4 кезеңін бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік психологияның құрылымы мен проблематикасы жайлы ұғым алу үшін оның түп тамырына көз жіберген жөн. Оның ғылым ретінде дамуының 4 кезеңін бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезең – әлеуметтік психологияға дейінгі теориясы. Ол антик (көне), ортағасырлық және ХІХ ғасырдың орта шеніне дейінгі кезеңді қамтиды.
«Психология» термині «псюхе» - жан, «логос» - білім немесе зерттеу деген екі сөзден тұрады. Алайда оны ұсынған, адамның психикалық өмірінің ерекшеліктерін анықтауға елеулі үлес қосқан антикалық ғалымдар емес, теолог әрі философ Гоклениус болды; терминнің ең алғаш рет қолданылуы 1590 жылмен белгіленеді. Неміс философы Христиан Вольфтың «Рационалдық психология» (1733) және «Эмпирикалық психология» (1734) деген еңбектері жарық көргеннен кейін «психология» термині кеңінен таралды. Алайда адам мінез-құлқының ерекшеліктері туралы білімнің бастауын антик (көне) натуралистердің еңбектерінен іздестірген жөн.
Гиппократ, Платон, Аристотель есімдері барлығына жақсы таныс. Олар көптеген ғылымдардың негізін қалаған деп есептелінеді, бұл жерде әлеуметтік психология да тыс емес.
Гиппократ, Платон, Аристотель есімдері барлығына жақсы таныс. Олар көптеген ғылымдардың негізін қалаған деп есептелінеді, бұл жерде әлеуметтік психология да тыс емес.
Аристотельдің жас Македонскийдің ұстазы болуына орай, ол өзі жаулап алған жерлерінен өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ұстазына жіберіп отырған. Міне осылайша, тірі ағзалардың мінез-құлқын бақылау мен талдауға эмпирикалық бай негіз болған деректер көп жинақталды. Кейіннен психологияның түсіндірмелі, ең алдымен себептілік және даму принциптерінің құрылуына алып келген Аристотельдің психологиялық ілімі осындай зерттеулердің нәтижесі болды.