Місrosoft Outlook программасында электрондық почтамен жұмыс істеу
Місrosoft Outlook программасы Интернетте пайдаланылатын стандарттар негізінде жасалып, электрондық почтамен және жаңалықтармен жұмыс істеуге арналған
Місrosoft Outlook 5.0 нұсқасында мынадай жаңа қызмет түрлері атқарылады:
- Бірнеше пайдаланушыларға арналған" куәлік. Куәліктер диспетчерін пайдалана отырып, Outlook Ехрress программасы пайдаланушылары үшін жеке-жеке баптау параметрлерін беруге болады. Ол параметрлер басқа қолданбалы программаларда да пайдаланылады (мысалы, Windows-тің адрестік кітабында).
- Ноrmail қызмет бабының есепке алу жазбаларын сүйемелдеу. Мұнан былай Outlook Ехрress программасы Ноітаіі қызмет бабының барлық бумаларымен жұмыс істей алады, сонымен бірге Ноrmail қызмет бабының есепке алу жазбаларындағы байланыстарды Windows адрес кітабындағы байланыстарды үйлестіре алады.
- Дербес (автономды) жұмыс істеу және хабарламаларды үйлестіру, реттеу (синхрондау). ІМАР жаңалықтары мен бумаларын автономдық режимде жүктеуге болады.
Автономдық режимде жасалатын әрекеттер (хабарлама жіберу, хабарламаларды ІМАР есепке алу жазбалары көлемінде жылжыту) желіге қосылғанда да орындала береді.
- Байланыстар терезесі. Бұдан былай Windows адрес кітабындағы жазбаларға Outlook Ехрress программасының негізгі терезесінен қатынас құруға бола береді.
- Хабарламалар үшін кеңейтілген ережелер. "Кеңейтілген" деген ұғымға бірсыпыра қосымша параметрлер мен әрекеттер кіреді. Олар белгілі бір хат иелерінен хабар алдырмау мүмкіндігін енгізуді және жаңалықтар тобынан алынатын хабарламаларға арналған ережелер жасау істерін де қамтиды.
- Бірнеше қолтаңбаларды пайдалану. Сандары шектеусіз көптеген қолтаңбалар жасап оларды пайдалануға болады, олардың әрқайсысын бір немесе бірнеше жаңалықтармен немесе почтаның есепке алу жазбаларымен байланыстыру мүмкіндігі бар.
- Қауіпсіз почтаны (S/МІМЕ стандарты) пайдалану. Outlook Ехрress программасы әр компьютерде орнатылған цифрлық куәліктерді автоматты түрде іздеп табады да, оларды почтаның есепке алу жазбаларымсн байланыстырады. Сонымен қатар программа адрес кітабына басқа да хабар жөнелтушілердің цифрлық куәліктерін қосып қояды.
- Телефон нөмірін теру. Адрестік кітапта көрсетілген кез келген нөмірді компьютердегі нөміртергіш программа арқылы теруге болады.
- Түзетілмеген және жөнелтілген хабарламалар. Outlook Ехрress программасы аяқталмаған хабарламаларды ІМАР серверінің "Жөнделмеген" (Черновики) бумасында сақтай алады, ал жіберілген хабарламаларды "Жөнелтілген" (Отправленные) бумасында сақтайды.
- ІМАР бумалар диспетчері. Бумалар тізімінде ІМАР бумаларын бейжлеуді немесе жасырып қоюды беру мүмкіндігі бар (жазылу жүргізілген бумалар ғана бейнеленеді).
- Интержт каталогтарында кеңінш іздсу. Каталогтар серве-рінде (LDАР) мәлімет іздеу ісін қосымша параметрлер мен логикалық операторларды пайдалану арқылы жүргізуге болады.
- Талқылауды қарап шығу және өткізіп жіберу. Почтадағы немесе жаңалықтардағы талқылауларды "көрінетін" деп белгілеу қажет. Осы талқылауға келіп түсіп жатқан хабарламалар бейнеленіп тұрады. Талқылауды "өткізіліп жіберілген" деп белгілесек, оған келіп түсіп жатқан хабарламалар бейнеленбейді.
- Гипермәтіндік хабарламаларды түзету. Гипермәтіндік (НТМL) хабарламаларды редакциялап, олардың ішінде НТМL тілінің кеңейтілген нұсқасының тегтерін пайдалануға болады.
Хабарламалар үшін бапталатын сүзгілер. Кескіндемелерді баптау кезінде пайдаланылатын оннан аса параметрлер бар. (Кескіндеме - хабарламаны бейнелеу немесе жасыру ережесі).
- Қажетсіз хабарламаларды електен өткізу. Қажет етілмейтін почтаны, яғни белгілі бір адамдардан келген хабарламаларды немесе мазмұны сәйкес келмейтін хабарламаларды бергізбеу үшін бақылау енгізуге болады.
- Бланктерді жасау шебері. Гипермәтіндік бланктерді жасау процесі оңайлатылған. Бланктерде шеткі өрістерді, қаріптерді, фондық суреттерді және мәтін түстерін беруге
борлады.
- Байланыстарды баптауды оңайдату.
Outlook Ехрress программасында электрондық почтаны оқу үшін қолданылатын мәлімет алмасу жүйесі SМТР және РОРЗ, ІМАР немесс НТТР хаттамаларын сүйемелдейтін болуы тиіс. Егер сіздерде пайдаланылатын почта жүйесі осы айтылған хаттамаларды сүйемелдейтіні не сүйемелдемейтіні белгісіз болса, онда Интернет қызметін ұйымдастырушыдан немесе желі әкімшісінен сұрап білу керек. Хабарламаларды оқу
Outlook Ехрress программасы хабарламаны қабылдап алғаннан кейін немесе аспаптар тақтасындағы Почтаны жеткізу батырмасын басқаннан соң, сол хабарламаны көру аймағында немесе жеке терезеде оқуға болады. Ол үшін:
1. Бумалар тізімінде немесе Outlook тақтасында Кіретіндер бумасының белгішесін шерту керек.
2. Хабарламаны көру аймағына шығарып қарау үшін хабарламалар тізіміндегі керектісін шерту қажет. Хабарламаны жеке терезеде оқу үшін тізімдегі оның атында тышқанды екі шерту керек.
Outlook Ехрress программасын Usenet төрізді жаңалықтар тобын немесе талқылау тобын оқу үшін де қолдану мүмкіндігі бар. Жаналықтар тобымен жұмыс істеу NNTP жаңалықтар сервсрі арқылы орындалады. Қандай жаңалықтар серверін пайдаланатынымызды Интернет қызметін ұсынушыдан немесе желі әкімшісінен білуге болады. Outlook Ехрress программасы көмегімен msnews.microsoft.com жаңалықтар серверінде Місrosoft корпорациясы өнімдері жайлы мәлімет алуға болады.
Хабарламаны жөнелту
Хабарламаны жөнелту үшін мына әрекеттер орындалады:
1. Аспаптар тақтасыңдагы Хабарлама жасау батырмасын басу
2. Кімге және/немесе Көшірме өрісіне барлық хат алушылардың электрондық почта адрестерін оларды үтір немесе нүктелі үтірмен бөле отырып енгізу;
3. Адрестік кітаптағы алушыны таңдау үшін, хабарлама жасаушы терезедсгІ Кімге, Көшірме және СК алаңында қатар орналасқан кітап белгішесне шертіңіз, және қажет адресті таңдаңыз.
4. СК алаңын пайдалану үшін, Түр менюінен Барлық тақырыпшаны таңдаңыз.
5. Мәтін алаңында хабарлама тақырыбын көрсетіңіз.
Хабарлама мәтінін енгізіңіз және хабарлама жасаушы аспаптар тақтасынан Жөнелту батырмасын басыңыз.
Мәтіндік хабарламаларды форматтау
Егер сіз қандай да бір фрагментті ерекшелеп белгілегіңіз немесе хабарлама мәтіні құрылымын бергіңіз келсе (қалыңдатылған қаріппен, түспен белгіленсе, маркелік тізімдерді пайдалансақ т.с.с.), Интернетте мәтінді форматтау стандарты болып табылатын НТМL гипермәтіндік белгілеу тілін қолдануға болады. НТМL гипермәтіндік белгілеу тілін қолдану сіздің хабарламаңызға графика және Web-тораптарға сілтемелерді орналастыру мүмкіндігін береді. Егер де сіз өзіңіздің хабарламаңызда гипермәтіндік белгілеу тілін қолдансаңыз, ал хабар алушының почтаны немесе жаңалықтарды оқу программасы гипермәтіндік белгілеу тілін сүйемелдемесе, хабарлама құрамында НТМL -файлы бар жәй мәтін түрінде болады. НТМL форматтауы бар хабарламаларды тек МІМЕ (Multipurpose Internet Mail Ехtensions — Интернет почтасын көпмақсатты кеңейту) форматын сүйемелдейтін почталық программалар оқи алады.
Адрестік кітап. Outlook Ехрress программасының кұрамына Windows адрестік кітабы қосылған. Бұл программа байланыс мағлұматтарын басқару оған қоса байланыс топтарын, хабарламаларды және электрондық почта адрестерін сорттайтын бума құру сияқты кең мүмкіншіліктер береді – Windows адрестік кітабы LDAP (каталогтарға жеңілдетілген қатынас құру хаттамасы) қолданатын Интернет хаттамалары жай адрестер мен электрондық почта адрестерін іздестіру процестерін жеңілдетеді. Адрестік кітап программасында бірнеше танымал бумаларға қатынас құру қызметі бапталған.
Достарыңызбен бөлісу: |