Сабақтың тақырыбы: Ұлттық команда Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



бет1/3
Дата19.12.2022
өлшемі22,65 Kb.
#58190
түріСабақ
  1   2   3



Аты-жөні:
Жұмыс орны:

Карипжанова Светлана Кабылбековна
Жалпы білім беретін № 10 орта мектеп. Балқаш қаласы

Пән: қазақ тілі



Сынып: 7



Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық команда

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация құру.
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулу.
Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден негізгі ақпаратты таба алады.
Көбі: сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы ұлттық команда киімі жайлы толық ақпарат бере алады.
Кейбірі: тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы сөйлесімге түседі, ұлттық команда киімі туралы өз ойларын білдіре алады.

Күтілетін нәтиже:

Ұлттық команда киімдері, 2014 жылы Сочи қаласында өткен қысқы олимпиада, олимпиадаға қатысқан спортшылар киім үлгілері туралы біледі.

Құндылықтар:

Халқымыздың белгілі спортшыларын білуге, құрметтеуге үйрету.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, география

Жаңа сөздер:

Ұлттық нақыш, жанкүйер, өлшем, шақ келу, жарасу,

Алдыңғы меңгерілген білім:

Еңбекпен келген жеңіс

Сабаққа қолданылатын материалдар:

флипчарт, маркерлер, слайдтар,стикерлер

Оқыту әдістері:

әңгімелеу,сипаттау, түсіндіру,сұрақ-жауап, «Ой шақыру» әдісі, кластер, топтық жұмыс, сергіту.

Оқулық
/ҚР БМ ұсынған/

«Көкжиек –Горизонт» ЖШС,2017жыл Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Дәулетбекова,А.Қ.Рауандина (1-бөлім),сөздік




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар:

І.Сабақтың басы.


Оқушыларға
психологиялық
ахуал туғызу.



1.Сыныпқа кіріп,амандасамын.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабақты бастамас бұрын бәріңді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі сабақта барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.Ал сендер, қандай тілек айтасыңдар? (оқушылар өз тілектерін айтады)

Амандасады.



«Шаттық шеңбері»






1. –Ал енді, балалар, қазір сабағымызды бастамай тұрып, топқа бөлінейік. Берілген стикер түсіне қарай топқа бөлініп отырыңдар( 3 топқа бөлем)
2.-Балалар, бүгінгі сабақта әрқайсың тапсырмаларды орындауларыңа қарай өздеріңді бағалайтын боласыңдар. Алдарыңда жатқан дескрипторға және
«Бағалау парағына» назар аударыңдар. Сабақ барысында әр орындалған тапсырманы бағалап отырасыңдар.
(Қызыл- түсінбедім,сары- толық түсінбедім, жасыл- түсіндім... толтыру ретін түсіндіремін)
3.Алдарыңдағы стикерлерге сабақ барысында ұнаған сәттерді жазып отыруды ұмытпаңдар.

Парталарында жатқан дескрипторларға және «Бағалау парағына» назар аударады,тыңдайды, толтыру ретін түсінеді.

Бағалау парақтары;
үш түсті стикер;

Алдыңғы оқуды тексеру
3 МИН.



4. Топтық жұмыс.
-Балалар, жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, алдыңғы сабақта нені үйрендіңдер соны еске түсірейік.Ол үшін топпен жұмыс жасайық. Алтын ережені естен шығармалық. 3-топқа тапсырма беріледі.
1 топ.Постерге тек зат есімді қолданып Жақсылық Үшкемпіров туралы жазады,айтады.
ІІ топ. Постерге тек сын есімді қолданып Жақсылық Үшкемпіров туралы жазады,айтады.
ІІІ топ. Постерге тек етістіктерді қолданып Жақсылық Үшкемпіров туралы жазады,айтады.
Кемшіліктері болса, түзетемін. Бағалау парақтарына баға қоюларын еске саламын.

Сұрақтарға жауап береді.


Әр топ постерлерін ақылдаса отырып толтырады.Магнитті тақтаға іліп топтан бір бала шығып қорғайды.

Бағалау парақтарына әркім өзіне баға қояды.



Алдыңғы оқу.


Постерлер,стикерлер


үш түсті маркер;



Оқу мақсатымен,
жұмыс барысымен таныстыру

Қызығушы-


лықты ояту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет