Компьютерге пошта қызметін орнату
Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейіннен қажет болғанда қосымша жүргізіле береді. Поштаны орнатып оның жұмыс істеуі үшін:
- аппараттық қүралдар — модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет;
- компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек.
Мұнан кейін тікелей орнату ісіне кірісуге болады. Егер сіз Windows 95/98 жүйесіндегі кәдімгі пошталық программаны пайдаланатын болсаңыз, Басқару тақтасы -Программаларды орнату/аластау (Панель управления -Установка удаление программ) терезесін ашып, Windows -ті орнату (Установка Windows) ішкі бетіне көшіп, МS Оutlook Ехргеss пунктін белгілеңіз де, ОК батырмасын басыңыз. Программа автоматты түрде керекті қызметтік мүмкіндіктерімен толық орнатылады.
Басқа пошта программаларын орнату үшін солардың құрамына кіретін арнайы іске қосу/жазу программаларын (программы установки/инсталляции) пайдалану қажет.
10. Электрондық почтамен жұмыс істеуге арналған программалар
Электрондық почтамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар (шолу) Еudora
Еudora — Интернетпен бірге жүмыс істейтін кең тараған программалардың бірі. Ол желіге қосылу арқылы немесе РРР и SLIP протоколдары көмегімен қашықтан қатынасу жолымен поштаны автономды оку программасы тәрізді Unіх жүйесіндегі интерактивті қатынасу режимінде жұмыс істей береді.
Еudora программасының Еudora Liteе атты тегін берілетін көшірмесін мына Web-адрестен алуға болады: http: // www.еudога.соm. Бұл программаның көптеген командалары Меssаgе менюі арқылы орындалады. Мысалы, мәлімет жөнелту үшін Меssаgе =>New Меssаgе командасын орындау керек (немесеWindows үшін Сtгl+N, ал Масintosh үшін Соmmаnd+N пернелерін басса болғаны). Сонан соң кімге жіберілетінін көрсететін адрес енгізіледі де, Таb пернесі — енгізу нүктесі сұр сызық аймағына сәйкес келгенше — бірнеше рет басылады. Осыларды орындаған соң, хабарлар терезесінін оң жақ жоғарғы бұрышындағы Sеnd батырмасын (оның орнына Queue батырмасы болуы да мүмкін) басу керек. Бұдан соң хабарлама жөнелтілетін хаттар тізіміне қосылып, кейінірек программаның жүмыс сеансы біткенде немесе байланыс орнатылғанда жөнелтіледі.
Eudora программасында келген поштаны тексеру үшін, Ғі1е= >Сhесk<; Маіl командасын немесе Сtгl+М (Масіntосh үшін Соmmаnd+М) пернелерін басу кажет. Сонда Eudora РОР (РОР — Рost Оffisе Ргоtосоl, яғни пошта протоколы) серверіне қосылып, осы адреске келген барлық поштаны алып алады:
Оқылмаған хабарламалар Іnbох терезесінің сол жақ бөлігінде үлкен нүктемен (маркермен) белгіленіп тұрады. Оны оқу үшін маркерде тышқанды екі шерту керек немесе Еntег пернесін басу қажет.
Хабарды оқыған соң, терезені жабуға немесе Меssagе=>Rерlу (Сtгl+R) командаларын орындау арқылы оған жауап жіберуге болады. Егер жауап жазу барысында істі доғарғыңыз келсе, мәліметті сақтамай-ақ терезені жауып тастау кажет.
Егер осы хат көшірмесін алған барық тұтынушыларға тегіс жауап жібергіңіз келсе, Сtгl+R емес Сtгl+Shift+R пернелерін басыңыз немесе Shift пернесін басып тұрып Меssagе=>Rерlу командасын орындаңыз.
Хабарламаны өшіріп тастау үшін оны белгілеп алып, Dеlеtе пернесін басыңыз немесе хабарлар терезесінін жоғарғы жағындағы Тгаsh батырмасын шертіңіз, мұның нәтижесінде хабарлар Тгаsh пошта жәшігіне түседі, бірақ ол оны толық тазартпайынша (Sресіаl Еmрtу Тгаsh командасы аркылы) өшірілмейді.
Егер өшірілген хабарламаны қайта қалпына келтіру керек болса, Маіlbох => Тгаsh командасын орындап, экранға шыққан мәліметтер ішнен оны белгілеп алып, Тгаnsfer жолын таңдасаңыз, ол бұрынғы Іnbox терезесіне қайтып оралады.
Қажетті жұмыс тізбегі орындалып біткен соң, Eudora программасынан шығу үшін File=>Ехіt (Масіntosh үшін — File =>Quit) командасын орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |