Web жүйесімен қатынас кұру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойғақ, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін WWW немесе linх сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Ехрlorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Ехрlorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Ехрlorer -мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.
Сонымен FТР-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Internet Ехрlorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Ехрlorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаныз, онда бірден Місrosoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе,
http://www.home.microsoft.com./int/ru
Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып, тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді. Біздің жағдайда курсорды " Internet -те парақты іздеу үшін осы сілтемені тандаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet -тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрзді жасалып, олар "Спорт", "Компьютерлер", "Ойындар" сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web -тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.
Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы (парақтағы емес) көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал "дүние жүзілік өршкте" (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да Alta Vista немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәлімсттерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын информация ішінен керектісін тандауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web каталогтарынан бастағаныңыз жөн.
Ал, егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, "Little girl" немесе классификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік туралы мәлімет іздегенде, каталогтар да онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап шығу керек болар, өйткені әр түрлі серверлер қойылған бір сұраққа әр түрлі жауап береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болатыны есіңізде болсын. Бір емес, сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп табу ісін оңайлатады.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.
Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселенің өте кең үғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қойып, нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.
"Өрмек" ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған мәтіндер көп, сондықтан орысша әр түрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орыс алфавитінің ерекшеліктері мен сөз таптарының айрықшалықтарына қарай қиынға соғады.
Орыс алфавитін пайдалануға оның кодтарының да әр түрлілігі кедергі болады: бір мәтін КОИ-8 кодында жазылса, екіншісі Windows кодын қолдануы (1251) мүмкін. Бұған орыс сөздерін латын әріптерімеи жазу әдісінің (Ruglish тәсілі деп те айтады) қосылатынын айтсак, қиындықтың арта түсетіні өз өзінен белгілі болады.
Осындай себептермен Желі бойынан, мысалы, Алматы туралы информация іздесек, серверге Алматы сөзін 1251 түріндегі код арқылы енгізсек — бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізе алсақ (ол жөнінде "Совинформбюродан" білуге болады, http://www.siber.com/sib/russify) — екі түрлі жауап аласыз; латын әрпімен Аlmatу сөзін енгізсеңіз — үш түрлі жауап, ал төртінші түрді Аlmati сөзі арқылы алуымызға болады. Ол жауаптардың кейбірі қайталанатын да шығар, бірақ айырмашылығы да жетіп артылады.
Кейбір келеңсіздіктш қашық болу үшін және орысша мәтіндер табу мақсатында Comp Tek фирмасының серверіне (http://www.cti:ru/html) шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесін (Яндекс — тіл индексі) жасап шығарды және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды Alta Vista-ға жіберетін мәтін беттерін ашты. Comp Tek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түріне келтіріліп Alta Vista -ға жөнелтідеді.
Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі — кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерту: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек қаріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу — КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматгы түрде айналады. Керекті ақпарат табылса, ары қарай барлық жұмыс FТР- серверіндегі сияқты орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |